Электр тізбегіндегі кернеулер резонансы. Есептер шығару. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:11.2. Айнымалы ток

11.2 А. 23

Күні:

Сынып: 11

Мектеп:

Мұғалімнің аты –жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр тізбегіндегі кернеулер резонансы. Есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.3.10 –резонанстық жиілікті анықтау

Сабақ мақсаттары

Электр тізбегіндегі кернеулер резонансы байқалатын шарттарды ескеріп, резонанстық жиілікті есептеу.

Жетістік критерийлері

Қолдану дағдылары

  • Резонанстық жиілікті анықтау алгоритмін жаза білу;
  • Резонанстық жиілікті есептей білу;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология: резонанс, кернеу, фаза, идеал тербелмелі контур, сыртқы периодты кернеудің жиілігі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бір-бірінің пікірі мен ойын тыңдатқызу арқылы өзгені сыйлауды үйрету және ынтымақтастықтарын арттыру.

Пәнаралық байланыстар

математика

АКТ қолдану дағдылары

презентацияларды АКТ көмегімен көрсету

Бастапқы білім

Механикалық тербелістерде резонанстың пайда болуын білуі керек

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

4 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

«Кім жылдам?» ойынын ұйымдастыру. Барлық оқушы дәптерінде айнымалы токтық толық тізбегіндегі Ом заңынан резонанстық жиілікті анықтау алгоритмін жазып көрсету.

1 минутта жазу барысын әр оқушы «5 қадамдық жетістік баспалдағында» өзін-өзі бағалайды. Оқушылар өздерінің аты жазылған стикерді баспалдақтың сәйкес деңгейіне жапсырады.

Оқу мақсаттар тізімінен ОМ анықтату.

5 қадамдық баспалдақ.

7 мин

Үй тапсырмасын тексеру:

Кернеулер резонансына сәйкес векторлық диаграмманы сызбада салуларын парталасымен дәптерлерін алмасып тексеру.

Бағалау критерийлері:

  • Диаграмма өсьтері сәйкес физикалық шамалармен дұрыс белгіленген;
  • Активті кедергі мен ток күшінің кері пропорционалдығын анық көрсете білген.

Оқушылар жұптарын бағалайды.

Оқушының жұмыс дәптері

5 мин

Жаңа сабақтың барысы

2.6. тақырыптан жиілікті анықтау алгритмін қайта жаңғырту.

Оқушыларды сызғыштар тәсілімен 3 топқа біріктіру.

Әр нұсқаға 3 есептен тұратын есептер тарату.

Таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы

16 мин

5 мин

Жеке жұмыс.

Оқушылар өз бетінше резонанстық жиілікті анықтайды. Оқушылардың қаламсаптары партаға қойылған соң, жауап тексерілгенше оны қолдануға тыйым салынады. Тақтада әр нұсқа оқушылары топпен дұрыс жауаптарды анықтайды.

Оқушылар өзін-өзі сабақтың басындағы 5 қадамдық баспалдақта енді резонанстық жиілікті анықтау жолын қалай орындағандықтарын салыстыра қайта бағалайды.

Слайд 6-бет

Таратпа материалдар

Сабақтың соңы

2 мин

Қорытынды

Үй тапсырмасы §2.6.

2.6.1-4 жаттығу. «Электр тізбегіндегі резонанс» тақырыбындағы орыс тіліндегі видеомен білімдерін толықтыру.

Сабақ соңында оқушылар өздерінің баспалдақтағы бастапқы орнымен соңғы орнының өзгеру немесе өзгермеу себебіне байланысты өзіндік рефлексия жасайды.

Негізгі оқулық

видео

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Резонанс құбылысының мағынасын біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Кернеулер резонансының жиілігін анықтау алгоритмін жаза алады. Кейбір оқушылар:

Кернеулер резонансының жиілігін шамалар арасындағы тіуелділікті қолданып, дұрыс есептей біледі.

Үй тапсырмасын бағалауда оқушылар бір-бірін бағалауда 2 критериймен бағалайды.

«5 қадамдық баспалдақта» өзін-өзі бағалауды қолданады.

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау) жарықты қажет емес кезінде өшіру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу