Айнымалы ток тізбегіндегі қуат. Актив қуат және реактивті қуат. Физика, 11 сынып, презентация.


Айнымалы ток тізбегіндегі қуат

Оқу мақсаттары

11.4.3.7 - айнымалы ток тізбегіндегі актив және реактивті қуат ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру

11.4.3.8 – қуат коэффициентін векторлық диаграмма құру жолымен анықтау

Терминологиялық сөздік

Актив кедергісі бар айнымалы ток тізбегінің схемасы

Тізбек кернеу көзіне қосулы тұрғандақтан онда айнымалы кернеу бар, ендеше кернеудің гармониялық тербелісінің теңдеуі косинус заңымен жазылады: u=Umcos(wt)

Ток күшінің гармониялық тербелісінің теңдеуін алу үшін тізбек бөлігіне арналған Ом заңын жазамыз.

Ток күші мен кернеудің графиктері координат осін бір нүктеде қиып өтеді, яғни фазалары бойынша беттеседі, ендеше фазалық ығысу 0-ге тең. Егер осы екі шаманы векторлық деп қарастырып, оның векторлық диаграммасын сызсақ, онда бағыттас векторлар сызамыз.

U

I

φ=0

Ендеше ток күші мен кернеудің теңдеулері бір ғана функциямен гармониялық түрде жазылады, яғни екеуі де косинус заңымен жазылады.

Айнымалы ток тізбегіндегі актив қуат. Орташа қуат

Актив қуат

P=I·U·cosφ – актив қуаттың формуласы

Р- Актив қуат – актив кедергісі бар айнымалы ток тізбегіндегі қуат

Оның өлшем бірлігі [Р]=[BꞏA]=[BольтꞏAмпер]=Вт (Ватт)

Актив кедергідегі қуаттың графигінің түрі

Қуат коэффициенті

Қуаттар үшбұрышы S - толық, Q - реактивті және P -актив қуаттардың өзара бір-бірімен қалай байланысатынын көрсетеді.

Толық қуат S кернеу мен ток күшінің әсерлік мәндерінің көбейтіндісіне тең

Оның өлшем бірлігі [S] =[BꞏA]=[BольтꞏAмпер]

φ бұрышы – толық қуат пен актив қуаттың арасындағы бұрыш немесе кернеу мен ток күші векторларының арасындағы бұрыш.

Егер sinφ>0 болса, онда жүктеме активті-индуктивті сипатта болады; Егер sinφ<0 болса, онда жүктеме активті-сыйымдылықты сипатта болады

Айнымалы ток тізбегіндегі реактивті қуат

Q - реактивті қуат – сыйымдылық кедергіде (конденсаторда) немесе индуктивтік кедергіде (катушкада) жинақталып, қайтадан жүйенің тербелмелі контурына қайтарылып отыратын электромагниттік қуат болып табылады.

Q = UI sin φ немесе

Q = UI sin φ = Ul I = I2Xl

Оның өлшем бірлігі [Q]=[BAР] = [BольтꞏAмпер-реактивті]

Реактивті қуат пайдалы жұмыс атқармайды

Реактивті қуаттың графигінің түрі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу