Айнымалы ток тізбегіндегі қуат. Актив қуат және реактивті қуат. Физика, 11 сынып, қосымша маериал 2.
Қалыптастырушы бағалау
«Айнымалы ток тізбегіндегі актив және реактивті қуат»
Оқушының аты, тегі _____________________________________________
Сынып ________________________________________________________
Оқу мақсаттары: 11.4.3.7 - айнымалы ток тізбегіндегі актив және реактивті қуат ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру объяснять
11.4.3.8 – қуат коэффициентін векторлық диаграмма құру жолымен анықтау
Бағалау критерийлері:
Оқушы ток күші мен кернеудің графигіне талдау жасай алады
Оқушы орташа қуаттың формуласын біледі
Оқушы ток күші мен кернеу арасындағы фазалық ығысуды біледі және түсінеді
Оқушы ток күші мен кернеудің амплитудалық мәндері мен әсерлік мәндерін байланыстыратын формуланы біледі
Оқушы актив қуаттың формуласын біледі және қолданады
Оқушы реактивті қуаттың формуласын біледі және қолданады
Оқушы қуаттың формулаларындағы пропорционалдық байланыстарды біледі және түсінеді
Оқушы векторлық диаграмма тұрғызуды біледі және графикті талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Электр дрелінде кернеудің әсерлік мәні 230 В, қуаты 690 Вт.
Есептеңіздер:
і) дрельді электр желісіне қосатын өткізгіштегі ток күшінің әсерлік мәнін;
ii) дрельді электр желісіне қосатын өткізгіштегі ток күшінің амплитудалық мәнін;
iii) дрельдегі кернеудің амплитудалық мәнін;
b) токтың бір циклы ішіндегі дрель тұтынатын қуаттың графигін салыңыздар.
Осы графикте қуаттың амплитудалық мәні мен орташа мәнін белгілеп көрсетіңіздер;
2. Төмендегі суреттегі график резистордағы кернеудің уақытқа тәуелді өзгеруін көрсетеді.
а).Резистордағы ток айнымалы ток па, әлде тұрақты ток па екенін тұжырымдаңыз және түсіндіріңіз;
b). Неліктен резистордағы қуаттың мәні 2 В тұрақты кернеу кезінде өндірілетін қуаттың мәніне тең болатынын түсіндіріңіз;
c). Суреттегі кернеудің графигінен көрсетіңіз:
і. кернеудің амплитудалық мәнін;
іі. кернеудің әсерлік мәнін;
3. Резисторда тұтынылатын қуаттың орташа мәнін есептеңіздер, егер айнымалы ток көзіндегі ток күшінің амплитудалық мәні 2,5А және кернеудің амплитудалық мәні 6,0 В болса.
Жауаптары:
a)айнымалы ток
ток күшінің мәні оң және теріс, немесе ток күші біресе бір бағытта, содан кейін қарама-қарсы бағытта ағады.
b).Кернеудің мәні ± 2 және ± 2 В аралығында өзгеріп отырады. Қуатты есептеу формуласы, сондықтан ол кернеудің оң мәнінде де, теріс мәнінде де бірдей оң мәндерге ие болады – кернеудің квадраты үнемі оң сан болады.
c).i. 2 V
ii. 2 V
3. Орташа қуат 7.5 W
4. Катушканы 12В кернеуi бар тұрақты ток тiзбегiне қосқанда, тiзбекте 4А ток күшi пайда болды. Осы катушканы жиiлiгi 50 Гц, кернеуi 12В айнымалы ток тiзбегiне қосқан кезде, тiзбектегi ток күшi 2,4А-ге тең болады.
- катушканың индуктивтiлiгі неге тең?
- Егер катушкаға сыйымдылығы 394мкФ кондесаторды тiзбектей жалғаса, тізбектегі реактивті қуат неге тең болады?
- Осы шарттарды векторлық диаграммалар әдісімен түсіндіріп, сызыңыз.
Берілгені:
С=394ꞏ10-6 Ф
ν = f=50Гц
Iа = 2,4А
Uт=12В
Iт=4.0А
Uа=12В
т/к: L-? Q-?
Шешуі:
І –? Р –?
Xc> XL болғандықтан кернеудің тербелісі ток күшінің тербелісінен φ/2 бұрышқа кейін қалып отырады.
Векторлық диаграмманың түрі суреттегідей болады:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?