Айнымалы ток тізбегіндегі қуат. Актив қуат және реактивті қуат. Физика, 11 сынып, презентация.
Айнымалы ток тізбегіндегі қуат
Оқу мақсаттары
11.4.3.7 - айнымалы ток тізбегіндегі актив және реактивті қуат ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру
11.4.3.8 – қуат коэффициентін векторлық диаграмма құру жолымен анықтау
Айнымалы ток тізбегіндегі қуат
Тұрақты токтың қуаты кернеу мен токтың көбейтіндісімен анықталатыны белгілі. Айнымалы ток жағдайында кернеу болсын, ток болсын уақыт бойынша периодты түрде өзгеріп отырады. Демек, уақыттың қандай болмасын мезгілінде кернеу мен токтың лездік мәндерінің көбейтіндісіне тең қуаттың (р = uі), өзі де айнымалы шама болып табылады.
Активтік жүктеме кезінде кернеу мен ток арасындағы фазалық ығысу болмайды (φ = 0 немесе соs φ=1), қуат кернеу мен токтың әсер етуші мәндерінің кобейтіндісі түрінде анықталады және ваттпен (немесе киловаттпен, мегаваттпен және т. с.) өлшенеді яғни
P=UI
Айнымалы ток тізбегіндегі қуат
Активтік кедергіден және индуктивтіктен туратын тізбекте ток кернеуден фаза бойынша φ бұрышқа қалып отырады және қуаттың лездік мәні оң да, теріс те болуы мүмкін, яғни жүктеме периодтың бір бөлігінде энергияны тұтынып, ал екінші бөлігінде оны қайтадан желіге қайтарады. Айнымалы токтың қуатын активтік және реактивтік қуаттар түрінде көрсетіп беруге болады.
Айнымалы ток тізбегіндегі қуат
Актив қуатты актив кедергі тұтынады, мұнда электр энергия-сының басқа энергия түрлерінс механикалық, сәулелік, жылулық және т. б. айналу процесі жүріп жатады.
P = I2R (2) P - актив қуат
IR = UR =Ucosφ екенін еске түсіріп,
Р = R/cos φ (3)
Q = UI sin φ = Ul I = I2Xl (4)
Q - реактивтік қуат деп аталады. Ол реактивтік вольтампер (немесе киловольтампер) (Вар немесе Квар) өлшемімен анықталады.
Айнымалы ток тізбегіндегі қуат
Айнымалы ток тізбегіндегі қуат
Толық қуат, актив қуат, реактивті қуат үшін векторлық диаграмма төмендегі суреттегідей болады:
Ф бұрышы – толық қуат пен актив қуаттың арасындағы бұрыш.
Векторлық диаграмма және график
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?