Есеп шығару «Тізбектей жалғанған активті және реактивті кедергісі бар айнымалы ток тізбегіндегі Ом заңы».Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар -1118 (ЖМБ)

Ұзақ мерзімді жоспар:

4.3 бөлімі: Айнымалы ток

Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қ.

Күні: _______________________

Мұғалім: Елеусізова Қ.А.

Сынып : 11 ____

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Есеп шығару «Тізбектей жалғанған активті және реактивті кедергісі бар айнымалы ток тізбегіндегі Ом заңы».

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.3.6 - айнымалы электр тізбегіндегі R, L және C-дың тізбектей жалғануын есептеу.

Сабақтың мақсаты

- айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңын түсіндіру;

- кернеу және ток күші векторлық диаграммасын түсіндіру;

- айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңын есеп шығаруға қолдану;

Бағалау критерийлері

Сабақтың соңында:

- айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңын жазады және түсіндіре алады;

- ток күші мен кернеу амплитудасының векторлық диаграммасын түсіндіреді;

-айнымалы ток тізбегінің толық кедергісінің формуласын жазады;

- айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңын екі жағдай үшін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар :

- айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңын түсіндіреді;

- кернеу және ток күші векторлық диаграммасын түсіндіреді;

- айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңын екі жағдай үшін қолдануын тұжырымдай алады.

Жазуда және диалог құруда баянды сөйлемдер

Айнымалы кернеуді ток көзіне қосқанда ……………………….

Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңын қолдануда ……

Толық кедергіні анықтауда ………

Ток күші мен кернеу арасындағы фаза бойынша ығысуы ……………….

Басқа пәндермен байланысы

Mathematics (Basic algebra/arithmetic): векторлық диаграмма құру, Пифагор теоремасы

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Айнымалы ток, айнымалы токты генерациялау, Ом заңы, айнымалы ток тізбегіндегі резистор/ конденсатор/ катушка

Lesson Proper

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

(W)Мұғалім оқушыларды 3-4 оқушыдан топқа бөледі, әр топқа қима карточка береді. Әрбір суреттің жартысын табуды ұсынады.

Бір топ суретті жинап болған соң, мұғалім оны тексереді , сол топ эксперт болады да, олар қалған топтардың дұрыстығын тексереді. Барлық басқа топтар аяқтағаннан кейін мұғалім сізден оларды жазба мен суреттердің бәрін аударып, қайтадан араластыруды сұрайды. Енді оқушылар Memory Card Game. ойынын ойнайды. Енді карточкаларды 6 * 4 торға салу керек.

Қосымша 1. Оқушылар үшін нұсқау 1.docx

Карталардың жұбын табу керек. Мұны істеу үшін ойыншы кезекпен екі картаны ашуы керек. Егер олар сәйкес келсе, онда ол оларды ашық қалдырады және келесі екеуін ашады. Егер олар сәйкес келмесе, ол қайтадан жауып қояды және сағат тілінің қозғалыс бағытымен басқа ойыншы бастайды. Ойынды топтағы ең жасы кіші бастайды. Ойын соңғы жұпқа дейін жүре береді. Ең көп жұпты аша алған сол жеңімпаз болады.

Мұғалім тапсырмаларды шешу арқылы осы тақырыпты бекітуді ұсынады. Олармен бірге мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін құрастырады және осы сабақтың жұмыс жоспарын жасайды.

Жұмыс жоспары:

1. Топтарда жұмыс істеу арқылы айнымалы ток тізбегіндегі индуктивті катушканың, конденсатордың және активті кедергінің тізбекті қосылу заңдылықтарын бекіту.

2. Топтағы өздерінің жұмыс нәтижелерін басқа топтарға ұсынады.

3. Басқа топтарға кері байланыс арқылы кеңес береді.

Сабақтың ортасы

20 min.

Постерді безендіру және топта есеп шешімімен жұмыс– 10 минут

Басқа топ алдында өз жұмыстарымен таныстыру және кері байланыс– 10 минут

Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі.

(Р) Жұппен жұмыс. Конденсатор, катушка және резисторды тізбектей айнымалы ток тізбегіне жалғап, айнымалы ток көзіне қосқандағы орындалатын заңдарды есеп шығару арқылы тексеру.

Тапсырма. Есеп шығару арқылы конденсатор, катушка және резисторды тізбектей айнымалы ток тізбегіне қосқан кездегі айнымалы ток пен кернеудің тәуелділігін тексеру.

Қосымша 1. Оқушылар үшін нұсқау 1.docx

Қосымша 2. Есеп шығару 2.docx

Әрі қарай оқушылар өз тобында рөлдерді анықтап алады.

Спикер - топтың қандай шешім қабылдағанын айтады;

Көмекші - топтың мұғаліммен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді (сұрақтар, ұсыныстар және т.б.)

Дизайнер – есеп шешімін жазады

Таймкипер - уақытты қадағалайды

Әрі қарай әр топ өз постерін ұсынады, таныстыру уақыты 3 минут.

Барлық топтар таныстырғаннан кейін олар кезекпен құрылған критерийлер бойынша кері байланыс 2 «жұлдыз» және бір «тілекпен» бағалайды.

Сабақты бағыттаушы

карта

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар осы сабақтағы жетістігі мен қиыншылығын талдайды.

Мен түсінігім бойынша ….

Маған қиын болғаны ….

Маған ….

Үйге :

-Оқулық бойынша қайталау (оқулықтың тақырып беті әртүрлі болуы мүмкін)

-Параграф соңындағы (өз бетімен шығаруға ) есептерді шығару.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға ток тізбегіндегі өткізгіштердің тізбектей қосылуын, эксперимент нәтижелерін талқылауды және оқушының бірінші сабақта мәтінмен өз бетінше жұмыс жасауын, туындаған сұрақтарға мұғалімнің кеңесі мен оқушылардың кеңесін тыңдау арқылы қолдау көрсету жоспарлануда.

Зерттеу жұмысын өз бетімен орындау дағдысына көңіл бөлу және жұмыс ретін бағыттауға назар аудару

Эксперимент барысында қысқаша нұсқау беру, жағымды психологиялық микроклимат құру, сабақ барысындағы жұмыс пен жұмыс түрлерін өзгерту арқылы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланған.

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Неғұрлым қабілетті оқушылар жұппен өлшеулер жүргізгеннен кейін қорытынды шығарады,

Сонымен қатар, зертханалық жұмыс соңындағы сұрақтар тапсырмаларды толық орындаған оқушыларға жоспарланған

Оқушылардың барлығы

Көптеген оқушылар

Кейбір оқушылар

- айнымалы ток тізбегіндегі катушканың, конденсатордың және резистордың өткізгіштерінің тізбектей қосылуының теңдеулерін салыстырады;

- айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңын түсіндіреді;

- есептерді шешуде толық тізбек үшін Ом заңын қолданады.

Катушканы , конденсаторды және резисторды параллель қосудағы Ом заңын қорытып шығарады

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда нені қарастыруым керек?



Толық нұсқасын 26 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу