Электромагниттік индукция, генератор. Физика, 11 сынып, презентация.
Электромагниттік индукция. Генератор.
Мақсаты:
11.4.3.1 – генератор моделін пайдалана отырып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу«Генерация» термині электротехникаға латын тілінен енген.
Ол «құру» деген мағынаны білдіреді. Энергетикаға қатысты айтатын
болсақ, генератор дегеніміз электр энергиясын өндірумен
айналысатын техникалық қондырғы. Сондай-ақ электр тогын
энергияның басқа түрлерін түрлендіру есебінен алуға болатынын
айта кету керек, мысалы:
химиялық;
жарық:
жылу және т.б.
Электр энергиясы өндірілу түріне қарай генераторлардың мынадай
түрлері бар:
тұрақты ток;
айнымалы ток;
Генератор дегеніміз - механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналарды айтамыз. Генератордың әрекет ету принципі электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Демек, мұндай өткізгіш электр энергиясының көзі ретінде қарастырылуы мүмкін. Генераторларда өткізгіштің түзу сызықты емес, айналатын қозғалысы қолданылады. Кез-келген генератордың негізгі бөлігі болып магниттер жүйесі немесе көбінесе магнит өрісін құратын және осы магнит өрісін қиылыстыратын өткізгіштер жүйесі электромагнит болып табылады.
Электромагниттік индукция құбылысының физика мен техникада қолданылуы
Электр генераторларының жұмыс істеу принципі электромагниттік индукция құбылысына негізделген.
Неміс физигі Генрих Гельмгольц: «Адамдар электр өрісін қолданған кезде олар Фарадейді ұмытпайды».
Генератор
Айнымалы
ток генераторы
Магнит ағынын көбейту үшін индукциялық генераторларда арнаулы магниттік жүйе қолданылады. Ол электротехникалық болаттан жасалған екі өзекшеден тұрады. Екі өзекшенің бірінің қуыстарында магнит өрісін тудыратын орамалар (электромагнит), ал екінші өзекшенің қуыстарында ЭҚК-і туатын орама (якорь) орналасады. Бір өзекше (әдетте ішкісі) өзінің орамдарымен бірге горизонтал не вертикаль осьтен айналады, ол роторРотор деп аталады. Екінші, қозғалмайтын өзекше — статорСтатор деп аталады. 2.21 -суретте сым рама (якорь) айналып, ал электромагниті қозғалмай тұратын генератор көрсетілген. Қуатты өндірістік генераторларда электромагнит айналады, яғни ол ротордың қызметін атқарады, ал ЭҚК-і индукцияланатын якорь қозғалмайды, бұл — статор. Электромагнитті қоректендіретін ток күші якорьде туатын индукциялық ток күшінен анағұрлым аз болғандықтан, осындай құрылым ыңғайлы. Ондай ток алу үшін ротор 50 айн/с жиілікпен айналу керек.
Айнымалы ток генераторы
Индукциялық ток пайда болады
Контурдың магнит өрісінде қозғалуынан
Магнит ағынының уақыт бойынша өзгеруі
Үй тапсырма
"Айнымалы ток генераторы" тақырыбын оқу
Рефлексия
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
немен жұмысты жалғастыру қажет.
Үйге тапсырма
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?