file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Айнымалы ток. Кернеуліктің және токтың максимал, орташаквадратты (әсерлік мәні), жиілік және период. Физика, 11 сынып, қосымша материал 1.


Айнымалы электр тогы

Еркін тербелістер тез өшеді,  сондықтан олар көп қолданылмайды. Керісінше, өшпейтін тербелістер  әртүрлі салаларда кеңінен қолданылады.  Төменде айнымалы токты өндіру және электр энергиясын алыс қашықтықтарға тарату туралы айтылады. Тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістерді айнымалы ток деп атайды. Тізбектегі кернеудің гармониялық өзгерістері өткізгіштердің ішіндегі электр өрісі  кернеулігінің гармониялық өзгерісін туғызады. Олай болса, ток күші де соған сәйкес өзгереді.

 Айнымалы электр тогы генераторының қарапайым үлгісі:

Магнит ағыны [ ,  мұндағы α –  векторымен рамаға тұрғызылған  нормаль арасындағы бұрыш]. Рама айналғанда α бұрышын өзгерткенде, магнит ағыны да өзгереді. Электромагниттік индукция құбылысы әсерінен рамада айнымалы индукциялық ток пайда болады.

 

(ω ‒ раманың бұрыштық жылдамдығы)

 

Электромагниттік индукция заңы бойынша индукция ЭҚК-ші:

 

 

  индукция ЭҚК-нің амплитудасы.

Рама N орамнан тұрса, онда .

 u‒ айнымалы токтың кернеуінің өзгерісі,

  Um  кернеудің амплитудалық мәні.

 

i‒ ток күшінің өзгерісі, мұндағы φы ‒ ток күші мен кернеудің тербелістері арасындағы фаза бойынша ығысуы,

Im  ток күшінің амплитудалық мәні.

 

Ток күші мен кернеудің әсерлік мәндері

Айнымалы ток күшінің әсерлік мәні I айнымалы ток өткізгіште қанша жылу мөлшерін бөліп шығарса, өткізгіште сонша уақытта дәл сондай жылу мөлшерін бөліп шығаратын тұрақты ток күшіне тең

 

 

Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс

 

Сыртқы айнымалы кернеудің жиілігі тербелмелі контурдың меншікті жиілігімен бірдей болғанда, ток күшінің еріксіз тербеліс амплитудасының кенет арту құбылысын электрлік тербелмелі контурдағы резонанс деп атайды. (Бұл құбылыс радиобайланыста таратушы байланыстың жиілігіне келтіру үшін қолданылады)

 

  

 және 

 

Айнымалы ток тізбегінде сыйымдылық кедергі болғанда Ом заңы орындалады және  кернеуден  ток күшінің тербеліс фазалары   -ге  озады:

 және  себебі

‒ айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі (реактивті кедергі).

 

Айнымалы ток тізбегінде индуктивтілік  кедергі болғанда Ом заңы орындалады және  кернеуден  ток күшінің тербеліс фазалары -ге  қалады:және  

‒ айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтілік кедергі (реактивті кедергі). Айнымалы ток тізбегінде толық кедергі  болғанда Ом заңы орындалады

 

Кернеу мен ток күшінің тербеліс фазалары тізбектің әр бөлігінде әртүрлі  болады. Актив кедергідегі кернеудің тербеліс фазасы ток күшінің тербеліс фазасымен сәйкес келеді:сиымдылық кедергіде кернеуден  ток күшінің тербеліс фазалары -ге  озады: 

индуктивтілік  кедергіде  кернеуден  ток күшінің тербеліс фазалары -ге  қалады: 

‒ айнымалы ток тізбегіндегі толық кедергі.

 

Айнымалы токтың жасайтын пайдалы жұмысын бағалау үшін қуаттың бір периодтағы орташа мәнін алады    мұндағы  мәндерін орындарына қойып,  қуаттың орташа мәнін ток пен кернеудің әсерлік мәні арқылы өрнектейміз.

 ‒ айнымалы ток тізбегіндегі орташа қуат,   cosφ=R/Z ‒ қуат коэффициенті .         

Конспект сұрақтар

  • Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатордың заряды мынадай заңдылықпен өзгереді:  q=44·10-4coswt. Кернеу  Um=220 B. Конденсатордың сыйымдылығы
  • Индукциялы ЭҚК-нің лездік мәні  e=100sin800πt  заңы бойынша өзгереді. Айнымалы ток периоды
  • Индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде  100 орам сымнан тұратын катушка бірқалыпты айналады. Катушканың көлденең қимасының ауданы 100 см2. Катушка айналғандағы бұрыштық жылдамдығы 10 рад/с тең. Катушкада пайда болған максимал ЭҚК-і
  • Конденсатор стандартты жиілікті айнымалы ток тізбегіне қосылған. Желі кернеуі 220 В. Осы конденсатор тізбегіндегі ток күші 2,5 А. Конденсатордың сыйымдылығы
  • Сыймдылығы 1 мкФ конденсаторды айнымалы ток тізбегіне жалғағанда кедергісі 16 Ом болса, айнымалы ток периоды
  • Тізбектегі ток күшінің өзгеріс заңы: i="0,5sin1256t." Ток күшінің тербеліс жиілігі
  • Ток күші өзгерісінің теңдеуі: i="8,5sin"(314t+0,651). Ток күшінің әсерлік мәні


Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу