Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық. Физика, 11 сынып, қосымша материал 2.
Қосымша
Бөлім: 4.2 Электромагниттік тербелістер
Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық
оқу мақсаттары: 11.4.2.2 - механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіру.
Механикалық және электромагниттік тербелістерді салыстыру
Электромагниттік тербелістер – зарядтың, ток күшінің және кернеудің периодты өзгерісі.
Тербелмелі қозғалыстардағы механикалық және электрлік шамалардың баламалығы
Механикалық шамалар | Электрлік шамалар |
Координата x | Заряд q |
Жылдамдық | Ток күші i |
Масса m | Индуктивтілік L |
Серіппенің қатаңдығы k | Сыйымдылыққа кері шама |
Потенциалдық энергия | Электр өрісінің энергиясы |
Кинетикалық энергия | Магнит өрісінің энергиясы |
Томсон формуласы:
Электромагниттік тербеліс гармоникалық болып табылады
«Электромагниттік тербелістер» тақырыбы бойынша сараланған тапсырмалар
Л.А. Кирик тапсырмалар жинағы. Самостоятельные и контрольные работы
по физике -11класс.
Бастапқы деңгей
1.Сыйымдылығы С конденсатордан және индуктивтілігі L катушкадан тұратын тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістердің периоды қалай өрнектеледі?
А.
B. 2
C. 1/2
2. Егер конденсатордың электрсыйымдылығын 2 есе арттырса, L С тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістердің периоды қалай өзгереді?
А. 2 есе артады;
B. 2 есе азаяды;
C. есе артады;
3. Егер катушканың индуктивтілігін 4 есе кемітсе, L С тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістердің периоды қалай өзгереді?
А. 4 есе азаяды;
B. 2 есе азаяды;
C. есе артады;
Орташа деңгей
1. Егер конденсатор сыйымдылығы , катушканың индуктивлігі болса, тербелмелі контурдың периоды мен жиілігін анықтаңдар.
2. Егер конденсатор сыйымдылығы , ал тербеліс периоды 0,001 с болса, тербелмелі контурдағы катушканың индуктивтілігін анықтаңдар.
3. тербелмелі контурдағы катушканың индуктивлігі . Осы контурды 1 МГц жиілікке келтіру керек. Осы контурдағы конденсатордың сыйымдылығы қандай болу керек?
Жеткілікті деңгей
1. а) Егер катушкаға темір өзекше енгізетін болса, тербелмелі контурдың жиілігі қалай өзгереді?
б) тербелмелі контур индуктивті катушкадан және параллель қосылған екі бірдей конденсатордан тұрады. Контурдың меншікті тербелісінің периоды 20 мкс. Егер конденсаторларды тізбектей қосса, период неге тең болады?
2. а) бірдей контурларда конденсаторлардағы бастапқы зарядтар n есе өзгеше. Олардағы тербелістердің айырмашылығ неде болады?
б) 20 МГц жиілікке түзетілген тербелмелі контурда Гн индуктивті катушка және ауданы 20 см2 жазық слюдалы конденсатор бар. Егер диэлектриктік өтімділігі 6 болса, слюданың қалыңдығын анықтаңдар.
Орташа деңгей жауаптары
- 5мГн
Жеткілікті деңгей
- 10мкс
- 1,6 мм
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?