Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік тербелістер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Андакаева А.Н.

Сынып: 11

Сабаққа қатыстқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық

Берілген сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары:

(оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.3 - компьютерлік моделдеу арқылы заряд пен ток күшінің уақытқа тәуелді графиктерін зерттеу.

Сабақтың мақсаттары:

Теориялық білімді бекіту бойынша оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға негізделген практикалық жұмысты ұйымдастыру;

Талдау жасауға, алған білімдерін қорытындылауға, оны есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.

Бағалау критерийлері

Оқушы

Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістердің сипаттамаларын біледі;

Теориялық білімдерін зарядтың, ток күшінің уақыттан тәуелділік графиктерін тұрғызуда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Тербеліс – периодты қайталанып отыратын қозғалыс.

LC тізбегі – индуктивті катушка мен сыйымдылықты конденсатордан тұратын тізбек.

Конденсатор - оқшаулағышпен (немесе вакууммен) бөлінген екі өткізгіш. Оның мақсаты электр өрісінің энергиясы мен электр зарядын сақтау.

Индуктивті катушка – тербелмелі контурда магнит өрісін, индукциялық ток туғызып, тербелістің бағытын өзгетеді. Айнымалы ток тізбегінде индуктивті катушка кедергінің рөлін атқарады.

Еркін электромагниттік тербеліс - LC тізбегінде конденсаторды зарядтағаннан кейін, конденсатордың электр энергиясының катушканың магнит өрісінің энергиясына және кері бағытта энергияның түрленуі арқылы алынған тербеліс.

Еріксіз электромагниттік тербеліс - сыртқы мәжбүрлеуші күш - ЭҚК-інің периодты әрекетінен болатын тербеліс.

Резонанс – жүйенің меншікті жиілігі мен сыртқы мәжбүрлеуші күштің жиілігі теңескен кезде еріксіз тербеліс амплитудасының күрт артып кетуі.

Электромагниттік тербеліс – зарядтың, ток күшінің және кернеудің периодты өзгерісі.

Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмыс кезіндегі өзара көмек, академиялық шындық.

Бақылау және өзін бақылауды дамыту;

Пәнге деген тұлғалық-мағыналық қатынасты орнату.

Пәнаралық байланыс

Математика, тригонометриялық функциялардың қасиеттері, туынды

ИКТ қолдану дағдылары

Еркін және өшетін тербелістерді және олардың параметрлерін модельдеу үшін компьютерлік бағдарламамен жұмыс.

https://freesoftrus.ru/programmy-dlya-windows/3545-otkrytaya-fizika-25-chast-1.html

Алғашқы білім

Электромагниттік тербелістер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызметі

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, күтілетін нәтижелермен таныстыру.

Сабақтың белсенді әдісі: кестені толықтыр (презентация арқылы жетіспей тұрған бөліктерді толықтырады).

Презентация

Сабақтың ортасы

12-37 мин

Жаңа тақырып.

1. Теориялық білімдерін еске түсіру.

1. Суретте не көрсетіліп тұр?

2. Неліктен біз бұл жүйелерді тербелмелі деп атаймыз?

3. Анықтама беріңіз:

Тербеліс дегеніміз не?

4. Қандай тербелістер еркін деп аталады?

5. Өз болжамдарыңызды айтыңыз: неге мен осы екі сызбаның қасында үшіншісін орналастырдым?

6. Бүгінгі сабақта не істейтінімізді елестетіп көріңізші?

7. Сабақтың мақсаттарын көрсетуге тырысыңыз.

2. Тәжірибелік жұмыс. «Открытая физика» 2 бөлім компьютерлік бағдарламасымен жұмыс.

Электромагниттік тербелістерді компьютерлік модельдеу.

1. Тербеліс процесі үздіксіз болу үшін тізбектегі қандай параметрді өзгерту керек?

Электр тізбегіндегі заряд пен токтың тербеліс сызбасын сызыңыз.

2. Электр тізбегіндегі ток пен зарядтың тербелісі арасындағы фазалық айырмашылық неде?

3. Тербелістің бірнеше моменті үшін электрлік және магниттік өрістердің жалпы энергиясын салыстырыңыз. Қорытындылау.

4. Тербеліс процесі өшетін болу үшін тізбектегі қандай параметрді өзгерту керек?

5. Өшу уақыты - тербелістің амплитудасы e = 2,7 есе төмендейтін уақыт. (t = 2L / R)

1 Ом және 2 Ом контур кедергілерінің өшу уақытын салыстырыңыз.

Ескерту. «Открытая физика» бағдарламасын қолдана отырып зертханалық жұмыстарды орындауға арналған негізгі ұсыныстар:

«Открытая физика» бағдарламасын ашуды орындау;

мазмұндағы «Электр және магнетизм» бөлімін таңдаңыз;

осы бөлімде «RLC тізбегіндегі еркін тербелістер» бөлімшесін таңдаңыз;

тербелмелі контурдағы модельдеу бойынша барлық тәжірибелерді ашылған терезеде жүргізу;

барлық эксперименттік параметрлер «Таңдау» режимінде орындалады (тек осы түймені басып, эксперименттерге қажетті L, C, R Qo параметрлерінің мәндерін қою керек, не сызғышты оның үстіндегі көрсеткішке қатысты жылжыту керек немесе сәйкес көрсеткілерді басу керек, немесе сызғыштағы жүгірткіні көрсеткішке қатысты жылжыту)

Қалыптастырушы бағалау

Презентация

CD-диск курса “Открытая физика”, версии 1.1; фирмы 1С

https://freesoftrus.ru/programmy-dlya-windows/3545-otkrytaya-fizika-25-chast-1.html

Қосымша 1

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- не білдім, не үйрендім.

- не түсініксіз болып қалды.

- немен әлі жұмыс істеу керек.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу