Магнитті-резонанстық томография. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 10.4 B Электромагниттік индукция | Мектеп : Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Күні: | ||||||||
Сынып : | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Магнитті-резонанстық томография | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2.4 – Магнитті - резонанстық томографияның практикалық маңыздылығын түсіндіру. | |||||||
Бағалау критерийлері | Білу: МРТ-ның жұмыс істеу принципін біледі. Түсіну : МРТ –ның медицинада пайдаланылуы. Қолдану: МРТ –ның практикалық маңыздылығын түсіндіреді. Талдау: Топта жұмыс кезінде жауаптың жоспарын құрады. Жинақтау: Жалпылайды және қорытынды жасайды . Бағалау: Зерттеу нәтижелеріне аргумент келтіреді. | |||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар … Индукциялық токтың күштің бағытын түсіндіру үшін Ленц ережесін қолдана алады. Арнайы пәндік лексика және терминология: Ленц ережесі Электромагниттік индукция Магниттік ағын, соленоид Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері: Индукциялық токтың бағыты… Соленоидта магниттік өріс … | |||||||
Пәнаралық байланыс | Физика 8сынып | |||||||
Бастапқы білім | 8 сынып: магниттік өріс; өрісті күш сызықтарымен көрсетеді; тұрақты магнит пен тогы бар өткізгіштің айналасындағы магнит өрісінің күш сызықтары. 10 сынып: магнит өрісі. | |||||||
Жоспар | ||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурс-тар | ||||||
Басы | 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Сабақты өзектендіру. «Сауалнама» Негізгі білімді қалыптастыру. 1. Қандай электр машина генератор деп аталады? Жауап: Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын электр машина – генератор деп аталады. 2. Генератордың жұмыс істеу принципі электромагнетизмнің қай заңына негізделген? Жауап: Генератордың жұмыс істеу принципі: ЭҚК екі жағдайда пайда болады. Магнит өрісіндегі өткізгіштің қозғалуы және тогы бар өткізгіштің айналасында магнит ағынының өзгеруі. 3. Магнит өрісі дегеніміз не? Жауап: Магнит өрісі — қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. 4. Қандай электротехникалық құрал электромагнит деп аталады? Ол не үшін қолданылады? Жауап: Электромагнит — өзінен электр тогын өткізгенде магниттік қасиеттері бар заттарды тартатын құрал. Әдетте ол ферромагнитті өзекшеден және орамнан тұрады. Мақсаты: Алған білімдерді тексеру. Топтық жұмысқа таратпа қағаздары. Топ №1: 1.Статор дегеніміз не? Статор -__________________________________. 2. Төмендегі генератор құрылысын сипаттаңдар. 1.Статор орамы 2.станина 3.Ротор өзекшесі 4. вал 5.Сақина 6.Статор өзекшесі Топ №2: 1.Ротор дегеніміз не? Ротор- __________________________________. 2. Төмендегі генератор құрылысын сипаттаңдар. 1.паспортты кесте 2.статор өзекшесі 3.станина 4.өзекше 5.орамалар 6.болт 7.станина 8.статор орамы Мұғалім әрекеті: Негізгі тақырыпқа шолу жүргізу. Оқушы әрекеті: Бағалау: Мұғалім әрекеті: (W) Оқушыларға магнит құбылыстарына негізделген МРК жұмыс принципін түсіндіретін видео көрсету. Мұғалім әрекеті: (G) Төмендегі сұрақтар бойынша видеодан алған ақпарат бойынша көрсетілім әзірлеу. | |||||||
Середина | 1топ - МРТ-ның тарихы; 2топ - аппараттық қамтамасыз етуде магниттің қолданылуы; 3топ - сигналды кодтау; 4топ - импульстік тізбектеу; 5топ - артефакты суреттер Оқушы әрекеті: Оқушылар ақпарат көздерімен жұмыстанады; постер салады және қорғайды. Бағалау : (f) Джиксо әдісі бойынша оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топта басқа топтың бір мүшесі қалып, өз тақырыбы бойынша баяндайды. Мұғалімнің әрекеті: оқушыларға адам өмірінде және медицинада (диагностика, ағзаны зерттеу кезінде) МРТ-ның ролін анықтау ұсынылады. | |||||||
Соңы | Мақсаты:алған білімді бақылау (f) Топтарды өзара бағалауы Рефлексия. Мұғалімнің әрекеті: - Бүгінгі сабақта біз нені оқыдық? - МРТ-ның негізі болып не табылады? - МРТ қайда және қалай қолданылады? Сөйлемді аяқта: Бүгінгі сабақта мен білдім… Мен енді … Қызықты болды … Бүгінгі сабақта алған білім ………………………………………………қажет болады. | |||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?