Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3В - Магнит өрісі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Электромагниттік индукция бойынша тәжірибені талдай отырып, магнит ағынның өзгерісі кезінде электромагниттік индукцияның туындауын түсіндіру;

Фарадейдің электромагниттік индукция заңы мен Ленц заңын білу және оларды қолдана отырып есептер шығару;

Сабақ мақсаттары

Электромагниттік индукция құбылсын талдап, қорытынды жасау;

Бағалау критерийлері

Электромагниттік индукция құбылысының пайда болуын түсіндіре алады.

Электромагниттік индукция құбылысының пайда болуын талдап, тәуелділікті анықтай алады.

Электромагниттік индукция құбылысының қолданылу аясына мысалдар келтіре алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Магнетиктер, ферро-, пара-, диамагнетиктер; Фарадейдің электромагниттік индукция заңы, магнит ағыны, Ленц ережесі

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық, мектеп мүлкін құрметтеу және бірігіп жұмыс жасай алу.

 Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы.

Бастапқы білім

10 сынып физика курсы. Магнит өрісі.Соленоидтің магнит өрісі

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру кезеңі

(Т) Сабақ тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Ортасы

(І)Жаңа тақырыпты түсіндіру

Практикалық эксперимент.

Осы экспериментте электромагниттік индукция құбылысы зерттеледі.

  • Үлкен шарғының клеммаларын мүльтиметрдің клеммаларымен сымдар арқылы жалғаңдар. Мультиметрді 200m көрсеткішіне орнатыңдар.
  • Шарғының ішіне тұрақты магнитті солтүстік полюсымен баяу еңгізіңдержәне баяу шығарыңдар. Мультиметр көрсеткішітерін жазып алыңдар.
  • Шарғының ішіне тұрақты магнитті оңтүстік полюсымен баяу еңгізіңдержәне баяу шығарыңдар. Мультиметр көрсеткішітерін жазып алыңдар.
  • Қандай өзгеріс байқағаныңызды жазыңдар.
  • Алдында жасаған тәжірибені үлкен жылдамдықпен қайталаңдар. Мультиметр көрсеткішітерін жазып алыңдар.
  • Қандай өзгеріс байқағаныңызды жазыңдар.

W) Жаңа тақырыпты талқылау

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Тұрақты жолақ магнитті шарғы ішіне кіргізгенде қандай құбылыс байқалады?

2. Пайда болған ток бағыты неге тәуелді болады?

3. Пайда болған ток мәні неге тәуелді болады?

4. Тұрақты магнит орнына тогы бар қатушқаны қолданған кезде не бақыланыды?

6. Тұрақты магнит шарғы ішінде қозғалыссыз тұрса, ток индукцияланады ма

Электромагниттік индукция құбылысынан туындайтыны:

1. Индукция ЭҚК-і (және сәйкесінше индукциялық ток) уақыт өтуіне қарай контурды тесіп өтетін магнит өрісінің индукция векторы ағыны контурда туындаған жағдайда пайда болады;

2.Индукциялық токтың шамасы контурды тесіп өтетін магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тәуелді, яғни

3. Контурдағы индукциялық ток өткізгіш магнит өрісі индукциясының сызықтарын қиыа өткенде ғана туындайды.

Эксперименттік мәлімететрді қорытындылай келе Фарадей электромагниттік индукция заңын төмендегідей тұжырымдады:

Контурда пайда болатын индукция ЭҚК-і контурмен шектелген бетті тесіп өтетін магнит ағыныынң өзгерісіне тура пропорционал болады:

Ленц ережесі.

http://bilimland.kz/ru/#lesson=10835– сілтемесін қолдану

Презентация

https://phet.colorado.edu/en/simulation/faraday

Құрал-жабдықтар: екі шарғы, ток көзі, жалғағыш сымдар, тұрақты магнит, мультиметр

Жұмыс парақтары.

(G)Есеп шығару

1. Кедергісі 2 · 10-2 Ом болатын өткізгіштің тұйық орамындағы индукциялық токтың лездік мәні 5 А. Индукцияның ЭҚК-і қандай?

2. Ауданы S = 10 см2 болатын орнықты орам біртекті магнит өрісінің индукциясы сызықтарына перпендикуляр орналасқан. Егер өрістің магнит индукциясы бірқалыпты өссе және Δt = 0,01 с аралығында 0,3-тен 0,7 Тл-ға дейін артса, онда бұл орамда индукцияның қандай ЭҚК-і пайда болады?

3. N = 100 орамнан тұратын катушкадағы магнит ағыны ΔФ = 2 · 10-2 Вб. Тізбекті ажыратқанда катушкадағы индукцияның ЭҚК-і ε = 4В болса, магнит ағыны қанша уақытта жоғалады?

4. Кедергісі R = 4 Ом болатын өткізгіш магнит өрісінде орналасқан. Δt = 0,5 с аралығында өткізгіште I = 0,3 А индукциялық ток пайда болады. Магнит ағынының өзгерісін анықтаңдар.

5. Кедергісі R = 100 Ом, N = 500 орамнан тұратын ауданы S = 5 см2 катушка біртекті магнит өрісіне орналастырылған. Уақыт өтуімен магнит өрісінің индукциясы 0,7 Тл-дан 0,2 Тл-ға кемиді. Осы уақыт аралығында өткізгіште қандай заряд индукцияланаған?

С. Тұяқбаев, Ш. Тынтаева, Ж. Бақынов

Есептер жинағы

№3.326, 3.332, 3.333, 3.334, 3.335

Сабақтың соңы

Рефлексия

Үй тапсырмасы

§ 11.1-11.3

22-жаттығу № 1, 2 есеп

Физика оқулығы 10 сынып

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу