Заттың магниттік қасиеттері. Физика, 10 сынып, қосымша материал.
Қосымша материал
1 сұрақ | Заттардың магниттік қасиеттері осы заттарды құрайтын бөлшектердің магниттік қасиеттерімен анықталады. Ампердің 1820 жылы ұсынған болжамына сәйкес заттың магниттік қасиеттері заттың әр молекуласының ішінде циркуляция жасайтын молекулалық ток есебінен пайда болады |
2 сұрақ | Магнит өрісі әрекетінен магниттелетін заттар магнетиктер деп аталады.Сыртқы магнит өрісіні әжептәуір күшейтетін заттар ферромагнетиктер деп аталады. Олар: темір, болат, шойын, никель, кобальт, |
3 сұрақ | Парамагнетиктер деп бағыты сыртқы өріспен сәйкес келетін әлсіз магнит өрісін тудыратын заттарды айтады. Оларға платина және сұйық оттек жатады |
4 сұрақ | Диамагнетиктер деп сыртқы магнит өрісін әлсірететін өріс тудыратын заттарды айтады. Оған күміс, қорғасын, кварц және висмут жатады |
Ақпараттың магниттік жазылуы
Микрофон – дыбыс толқындарын электр толқындарға айналдыру үшін қолданылатын құрал
1- жұқа, иілгіш мембрана.
2- жеңіл сым катушка.
3- тұрақты магнит.
Біз сөйлегенде пайда болатын ауаның қысымының толқындары микрофонның мембранасында мен және онымен байланысып тұрған катушкада тербеліс тұғызады. Тұрақты магниттің ішінде катушканың тербелісі индукцияның айнымалы ЭҚК тұғызады. Осылай микрофонның ішінде дыбыстық толқын электр толқынына ауысады
Дыбыс күшейткіш- электр тербелістерді дыбыс тербелістерге ауыстыру үшін арналған құрал.
- мыс сымды катушка.
- иілгіш мембрана.
3-конусты диффузор.
4- тұрақты магнит.
Ток өткен кезде Ампер күшінің әсерінен катушка ток күшінің жиілігінің тербелісіндей тербеледі. Сонда жиілікпен мембрана мен диффузорды да тербелтеді. Осы тербелістер дыбыстық толқындарды туғызады.
- Ақпаратты сақтау мен қайта жаңғырту тәсілдерінің кең тарағаны ақпараттың магниттік жазылуы.
- Магнитофондағы дыбыс жазу және видеомагнитофондағы бейне жазу үшін ферромагниттік материал ұнтағының жұқа қабатымен жабылған жұқа пластмасса таспалар қолданылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?