Электр токтың генераторы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік индукция | Мектеп: ФМБ НЗМ Көкшетау қ. | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кажкенова Д.М. | ||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Электр токтың генераторы. | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы ЭҚК-ң пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіру. | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Генератордың құрылысын біледі. Генератордың жұмыс істеу принципін түсіндіре алады. Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы ЭҚК-ң пайда болуын түсіндіреді. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар генератордың жұмыс істеу принципін сипаттау үшін арнайы терминдерді қолданады. Пәнге тән лексика мен терминология: генератор, ротор, статор, индуктор, якорь, орама, щеткалар, сақиналар | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ бойында оқушыларда бірігіп және өздігінен жұмыс жасай алу дағдылары қалыптасады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару | ||||||||||||
Бастапқы білім | 10 сынып физика курсы. Электромагниттік индукция | ||||||||||||
Сабақбарысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин | (Т) Сабақ тақырыбын және оқу мақсатымен таныстыру. | ||||||||||||
2-5 мин |
(W) Өткен сабақтарда қарастырылған тақырыптарды қайталау. Электрмагниттік индукция дегеніміз не?
Индукцияланған магнит өрісінің бағыты қалай анықталады?
Электрқозғалтқыштардың жұмыс істеу принципі қандай?
Ток магнит өрісін тудырса, магнит өрісінде өткізгіш сымда ток пайда болады ма?
| ||||||||||||
5-12 | (D) (W) Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қарапайым генератор жұмысын демонстрациялау Қарапайым генератор (мысалы, велосипед генераторы, қалта фонарының генераторы, физика кабинетіндегі генератор моделі) көмегімен тоқты өндіруді демонстрациялау. Егер генератордың шығу сигналы шамға қосылса, шам жарығы айналу жиілігіне тәуелді ұлғаяды. Бұл энергияны сақтау идеясымен байланысты - механикалық жұмыс электрлік энергияға ауысады. | Айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципі: https://www.youtube.com/watch?v=HmcOk2BUtoA | |||||||||||
12-20 мин | (І) Оқушылар генератордың құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы теориялық материалды оқиды Ток генераторы деп энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына айналдыратын қондырғыны айтады. Электростатикалық машиналар, термобатареялар, күн батареялары, т.б. генераторға жатады.Қазіргі кезде айнымалы токтың электромеханикалық индукциялық генераторлары өте кең таралған. Бұл генераторлардың артықшылығы — олардың құрылысының қарапайымдылығында және жеткілікті түрде жоғары кернеу мен үлкен токтарды алу мүмкіншілігінде. Электромеханикалық индукциялық генераторларда механикалық энергия электр энергиясына айналады. Айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципі: магнит өрісінде айналып тұрған сым орамада айнымалы индукциялық ЭҚК-і электромагниттік индукция құбылысы әсерінен пайда болады. Токты сыртқы тізбекке шығару үшін сақиналарға жабыстырып қойған щеткалар қолданылады. Кез келген индукциялық генератордың негізгі бөліктері мыналар: 1) индуктор — магнит өрісін тудыратын қондырғы. Бұл тұрақты магнит не электромагнит болуы мүмкін; 2) якорь — ЭҚК индукцияланатын (пайда болатын) орама; Ток индукциялану үшін генератордың бір бөлігі айналып туру керек (ротор), ал екіншісі айналмайды (статор). 3) щеткалар мен сақиналар — айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты шығарып алатын немесе электромагниттерге қоректенетін ток беретін қондырғылар | ||||||||||||
20-25 мин | (W) Айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципі туралы бейнефильм көру. Бейнефильм арқылы генератордың ток өндіруін электромагниттік индукция заңы негізінде түсіндіру үшін талқылау сұрақтары: | Айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципі: | |||||||||||
25-35 мин | (G,Е) Қарапайым жел электргенераторын құрастыру және мультиметр көмегімен өндірілген ток кернеуін өлшеу Пластик бөтелкенің басынан турбина қалақшаларын жасап, пластик қақпақшаны электрқозғалтқыш осіне тығыз орналастыру. Электрқозғалтқыш контактілерін мультиметрге жалғау. Фен көмегімен турбина қапалақтарын айналдыру. Қапалақтарының айналу жиілігі және өндірілген ток кернеуі қапалақтарының көлбеулігіне және жел жылдамдығына тәуелді болатынын бақылау. | Құрал-жабдықтар: Штатив, электрқозғалтқыш, жалғағыш сымдар, пластик бөтелкенің басы қақпағымен, қайшы, мультиметр, фен | |||||||||||
35-40 мин | Рефлексия | ||||||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Барлық оқушы үшін бірдей тапсырмалары ұсынылады. | Марк-схема бойынша мұғалімнің бағалауы | Денсаулық сақтау мақсатымен жұмыстарды түрлендіру | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?