Электр токтың генераторы. Есептер шығару. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Айнымалы ток генераторы.
Тест сұрақтары
- Суретте магнит өрісінде орналасқан тогы бар раманың схемасы бейнеленген
Раманың қандай орналасуында ол арқылы өтетін магнит ағыны максимал мәнге ие болады?
- Рама 90° бұрылғанда
- Рама 180° бұрылғанда
- Рама 45° бұрылғанда
- Рама 360° бұрылғанда
2. Суретте айнымалы тоқ генераторы көрсетілген.
Қай жағдайда шығыс кернеуі максималды болады?
A. Шарғы 60° айналғанда
B. Шарғы 90° айналғанда
C. Шарғы 120° айналғанда
D. Шарғы 180° айналғанда
3. Суретте көрсетілген генератор бөліктері:
A. A- ротор , B-статор , C- сақиналар ,D- щеткалар
B. A- статор , B- ротор, C- сақиналар ,D- щеткалар
C. A- сақиналар , B- щеткалар , C- , ротор D- статор
D. A- щеткалар , B- сақиналар , C- , статор D- ротор
Жауаптар:
1. А
2. В
3. D
Толық жауапты есептер
1. Схемада айнымалы ток генераторы берілген. Катушка айналғанда генераторда
индукциясының ЭҚК-і пайда болады. Егер катушканың айналу жылдамдығы
артатын болса пайда болған индукциясының ЭҚК- де артады. ЭҚК-ні арттырудың
тағы да бір тәсілін ұсынып жазыңдар
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________[1]
2. Суретте тұрақты магниттің екі полюстерінің магнит өрісі арасында бірқалыпты
айналатын тұйықталған контур бейнеленген. Тұйықталған контурда пайда болған ток
кедергісі R резистор арқылы өтеді.
Суреттегі құрылғы айнымалы ток генераторының бір бөлігін көрсетеді.
Контурдың А және В ұштары мен өткізгіштің С және D қысқыштарын не байланыстырады? ……………………………………………………………………………………………………
………………………………………………………………………………………………… [1]
3. Токты генерациялауға арналған тіктөртбұрышты пішінді рамка магнит өрісінің
полюстері арасында орналасқан. Рамка тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналып
жатыр. а, b және с – суреттеріне қараңыз.
а) жоғарыда көрсетілген қай жағдайда индукцияланған ЭҚК-і максималдық мәнге ие
болады? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз
_____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________ [1]
b) жоғарыда көрсетілген қай жағдайда индукцияланған ЭҚК-і нөлге тең болады? Өз
жауабыңызды түсіндіріңіз
_____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________ [1]
с) Көп орамдарға ие катушка ішінде темір өзекше орналасқан. Катушканың өзі айнымалы
ток көзіне қосылған. Аз кернеуге мөлшерленген шам (низковольтная лампа) өзекшеге
жақындағанда шам жанады. Суретке қараңыз.
Неліктен шамның жанғанын түсіндіріңіз?
……………………………………………………………………………………………………
……………………………………………………………………………………………………
………………………………………………………………………………………………… [1]
4. ЭҚК-і 130 В және ішкі кедергісі 1,8 Ом генератор жалпы кедергісі 24 Ом, өзара параллель жалғанған бірнеше шамды көректендіреді. Жалғағыш сымдар кедергісі 0,2 Ом. Шамдардағы ток күші мен кернеуді анықтаңыз.
5*. ЭҚК-і 250В және ішкі кедергісі 0,1 Ом генератордан тұтынушыға ток жеткізу үшін ұзындығы 100 м алюминий сым қажет. Егер тұтынушы 220В кернеуге негізделген және онық қуаты 22кВт болса, жалғағыш сымдардың массасы қандай болады?
Жауаптар:
1. Орам санын арттыру
2. Сақиналар мен щеткалар
3. а) С жағдайда индукцияланған ЭҚК-і максималдық мәнге ие болады, себебі, магнит ағыны максималды
b) А жағдайда индукцияланған ЭҚК-і нөлге тең болады, себебі, магнит ағыны нөлге тең
с) Көп орамдарға ие катушкадан айнымалы ток өткенде пайда болған айнымалы магнит өрісі шамның орамында токты индукциялайды.
4. I=E/(R+r)=130/(0,2+1,8+24)=130/26=5A
U=I*R=5*24=120B
5*. I=E/(R+r+ Rсым)
R=U2/P
P/U = E/(R+r+ Rсым)
Rсым=2ρl/S; ρ- меншікті электр кедергісі;
m=D2lS; D – алюминий тығыздығы;
m=15,1кг
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды