Электр токтың генераторы. Есептер шығару. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік индукция | Мектеп: ФМБ НЗМ Көкшетау қ. | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кажкенова Д.М. | ||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Электр токтың генераторы. Есептер шығару | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы ЭҚК-ң пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіру. | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Генератордың құрылысын біледі. Генератордың жұмыс істеу принципін түсіндіре алады. Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы ЭҚК-ң пайда болуын түсіндіреді. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар генератордың жұмыс істеу принципін сипаттау үшін арнайы терминдерді қолданады. Пәнге тән лексика мен терминология: генератор, ротор, статор, индуктор, якорь, орама, щеткалар, сақиналар | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында оқушыларда бірігіп және өздігінен жұмыс жасай алу дағдылары қалыптасады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару | ||||||||||||
Бастапқы білім | 10 сынып физика курсы. Электромагниттік индукция. Электр токтың генераторы | ||||||||||||
Сабақбарысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин | (Т) Сабақ тақырыбын және оқу мақсатымен таныстыру. | ||||||||||||
2-10 мин |
(W) Өткен сабақтарда қарастырылған тақырыптарды қайталау. Электр токтың генераторы дегеніміз не?
Ток генераторының жұмыс істеу принципі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
Ток генераторының негізгі құрамдас бөліктерін атаңдар.
Шетқалар мен сақиналардың қызметін түсіндіріңіз.
| ||||||||||||
10-15 мин | (І) Тест тапсырмаларына жауп беру 2. Суретте айнымалы тоқ генераторы көрсетілген. Қай жағдайда шығыс кернеуі максималды болады?
A. Шарғы 60° айналғанда B. Шарғы 90° айналғанда C. Шарғы 120° айналғанда D. Шарғы 180° айналғанда | Жұмыс парақтары | |||||||||||
15-25 мин | (W) Есептер шығару 1. Схемада айнымалы ток генераторы берілген. Катушка айналғанда генераторда индукциясының ЭҚК-і пайда болады. Егер катушканың айналу жылдамдығы артатын болса пайда болған индукциясының ЭҚК- де артады. ЭҚК-ні арттырудың тағы да бір тәсілін ұсынып жазыңдар | Жұмыс парақтары | |||||||||||
25-35 мин | (І) Қалыптастырушы бағалау 1. Суретте магнит өрісінде тогы бар рамканың айналу эффектісі көрсетілген.
Айналу эффектісін қалай күшейтуге болады?
А. Орамдардың санын арттыру керек В. Орамдағы ток күшін азайту керек С. Магнит өрісінің бағытын өзгерту керек D. Орама ретінде жіңішке сымды қолдану керек [1] 2. Генератор орамының AB және CD бөлктерінде индукцияланған ток бағыты қандай? А. AB – бізге қарай, CD – бізден ары қарай В. AB – бізге қарай, CD– бізге қарай, С. AB – бізден ары қарай, CD– бізден ары қарай D. AB – бізден ары қарай ,CD– бізге қарай. [1] | Жұмыс парақтары | |||||||||||
35-40 мин | Рефлексия | ||||||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Барлық оқушы үшін бірдей тапсырмалары ұсынылады. | Марк-схема бойынша мұғалімнің бағалауы | Денсаулық сақтау мақсатымен жұмыстарды түрлендіру | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды