file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері Магнит индукция векторы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4A бөлім: Магнит өрісі

Мектеп: Шымкент қаласы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байдилдаева Ж.Ш

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері

Магнит индукция векторы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.4.4.1- Магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б) мен есептер шығару арқылы түсіндіру

 Сабақ мақсаты

  • Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке әрекет ететін күштің шамасы мен бағытын анықтау;
  • -Магнит ағынының тығыздығын (магнит индукция) анықтау;
  • тогы бар екі параллель өткізгіштердің өзара әрекетін түсіндіру
  • сол қол ережесін және F=BILsinα формуласын білу және қолдану;
  • магнит индукция мен оның өлшем бірлігінің физикалық мағынасын түсіну.

Бағалау критерийлері

- Магнит өрісінің күштік сипаттамасын біледі және бағытын көрсете алады.

- Магнит индукция векторының өлшем бірлігін ХБЖ-де сипаттай алады.

- Сол қол ережесін қолданылуын түсінеді, сипаттай алады.

- Ампер күшінің, ток күшінің, магнит индукция векторының бағытын анықтау үшін сол қол ережесін қолдана алады.

- Ресурстарды талдай отырып, тәуелді шамаларды нақты анықтайды

- Тәуелділікті анықтау үшін әдіс-тәсілді тиімді қолданады.

- Қарапайым тізбек құрастыра алады

- Математикалық білімін тиімді қолданып, F=BILsinα формуласын түрлендіре алады.

- Параллель токтардың өзара әсерлесуін болжап, салыстыра алады.

- Параллель токтардың арасындағы күштің бағытын сызба арқылы көрсетіп, қолданысын бағалай алады

Тілдік мақсаттар

 

Негізгі терминдер мен сөйлемдер: тұрақты магниттер, қарапайым магниттер, магниттік теміртас, магнит тілшесі, полюс, жердің магнит өрісі

Сабақта сұхбат/хат үшін қолданылатын тіл:

Тұрақты немесе қарапайым магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас (магнетит) жатады

Құндылықтарды дарыту

Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларға өзгенің ойын тыңдай білуге, мектеп құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу. Тоқталып айтар болсақ: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

Пәнаралық байланыстар

География пәні, Жердің магнит өрісі, Математика: синустар мен косинустар.

Бастапқы білім

8 сынып магнит өрісі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 минут

Сыни тұрғыдан ойлау модулі

4 мин

Ұйымдастыру:

Сынып ішіндегі тазалық пен оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалау

Үй жұмысын тексеру. Өткен тақырыптарды «KAHOOT» ойыны арқылы тексеру. (4 мин)

«Миға шабуыл»

Екі тәжірибе жасалады. (2 мин)

1. Суы бар ыдыстан монетаны, түйреуішті, скрепканы қалай қолымызды су қылмай аламыз?

(Сыни тұрғыдын ойлауға үйрету)

2. Ағаш үгінділері арасынан темір үгінділерін бөліп алу

(D) Оқушыларға екі түрлі магнит пен темір үгінділерін беремін. Темір үгінділері арқылы магнит өрісіің күш сызықтарын алады.

- кай магнит күштірек?

- Оны қалай анықтадыңдар?

Магнит өрісінің күш сызықтарының суретіне қарап не айтуға болады?

(Т) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Магнит, түйреуіш, су, ыдыс, ағаш және темір үгінділері

Мағынаны тану

9-17 мин

18-28 мин

29-34 мин

35-38 мин

(W/D) Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушылармен жүргізетін тәжірибе негізінде мұғалім магнит индукция векторы туралы ұғымды, оның анықтамасы, формуласы және өлшем бірліктері туралы түсіндіреді.

Өткізгіш бойымен ток бізден ары қарай өтіп жатыр. Магнит өрісінің күш сызықтары солтүстік полюсінен шығып оңтүстікке кіріп жатыр. Өріс тарапынан әсер ететін күш төмен қарай бағытталады. Тепе теңдік бұзылыады, сол кезде қарама-қарсы бетте орналасқан таразының тарелкесіне жүкшелер салу арқылы тепе-теңдікті ұстай аламыз. Осылайша тәжірибені бірнеше рет қайталау арқылы ол күштің неге тәуелді екенін анықтауға болады.

Өткізгішке әсер еткен күш:

а) Магниттің магнит өрісінен;

б) Өткізгіш бойынан өтіп жатқан токқа;

в) Өткізгіш ұзындығынан;

г) Ток бағыты мен өріс бағыты арасындағы бұрышқа;

Ампер тәжірибесінің нәтижесінде магнит өрісін сипаттайтын «магнит индукция» физикалық шаманы ендіруге болады.

.

Ампер күші

  • - Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке әсер етуші күш
  • B – магнит индукция векторының модулі
  • I – өткізгіштегі ток күші

l – өткізгіштің ұзындығы

Тәжірибе жүргізіп болғаннан кейін оқушылар магнит өрісі мен электр өрісін салыстыратын таблицаны толтырады. Егер оқушыларға қиындық туған жағдайда, электр өрісін толтырған таблица мәліметтерін беруге болады. Соған қарап магнит өрісін толтырады.

Электр өрісі

Магнит өрісі

Өрісті тудыратын

Өріс пайда болады

Өрістің графиктік сұлбасы

Өріс сызқтарының қасиеттері

өзара әсерлесулері

Күштік сипаттамасы

Орісті зерттеу

Қосымшада толық мәлімет бар.

I) «Бұрғы ережесі» көрсететін видеоны көріп, магнит индукция векторының бағытын анықтайтын тапсырмаларды орындайды.

(f) Бүгінгі тақырыпты қаншалықты түсінгендерін білу үшін 10 сұрақтан тұратын онлайн тест тапсырмаларын орындайды. Нәтижесі бірден шығады. Кателер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бағалау критерий

  • Тапсырманы толық орындады – 3 ұпай
  • Қателіктері болды – 2 ұпай
  • Берілгенін жазады, бірақ мүлдем орындай алмады – 1 ұпай

Слайд

Таға тәрізді магнит, жолақ магнит

http://fizmat.by/kursy/magnetizm/magnit_pole

Қосымша 7

https://www.youtube.com/watch?v=pn0j15px29U

https://obrazovaka.ru/test/indukciya-magnitnogo-polya-9-klass-s-otvetami-po-fizike.html

Сабақтың соңы

39-40 мин

Рефлексия Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй тапсырмасы:

- Магнит тірегіндегі поезд туралы мәліметтер жинақтап келу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар Эксперимент нәтижесін талдауға қатысады. Теориялық материалды оқуда және тапсырмаларын орындауқа қатысады.

Оқушылардың көбісі тәжірибені өзі орындай алады және электр мен магнит өрістерінің айырмашылығын жаза алады.

Кейбір оқушылар электр және магнит өрістерінің байланысына сапалы жауап айта алады. Магнит индукцияның қолдану аясын анализ жасай алады .

Жаңа материалды үйрену барысында бірін бірі бағалау.

Сабақты қорытындылау кезеңінде тест тапсырмаларын орындайды. Осы тапсырмаларды орындау кезеңінде өзін-өзі бағалау.

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

.



Толық нұсқасын 24 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу