Жартылай өткізгіш құрылғылар. Физика, 10 сынып, презентация.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3.3 Әр түрлі ортадағы электр тогы | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Жартылай өткізгіш құрылғылар. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.3 - жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Жартылай өткізгіштердің түрлері мен жұмыс істеу принциптеріне талдау жасау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - жартылай өткізгіштердің жұмыс істеу принципін біледі және түсінеді; - жартылай өткізгіш құрылғылардың кедергілерің сыртқы факторларға байланысты өзгеруін сипаттай алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек. Арнайы пәндік лексика мен терминология: Сөздік
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет және ынтымақтастық құндылықтарын тәжірибелік жұмыстарды жоспарлау мақсатында біріктірілген топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы дарыту. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ақпараттарды презентациялауда интербелсенді тақта қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пән аралық байланыстар | Жартылай өткізгіш құралдардың құрылымы химия пәнінде өтілетін химиялық элементтердің валенттілігі тақырыптарымен тығыз байланысты. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білімі | 8 сынып физика курсының жартылай өткізгіштер тақырыбы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бөлімдері | Сабақ барысында жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 45 мин | 1. Сәлемдесу. Түгелдеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 2 мин 2. Card sorting. Өтілетін тақырыптардың сабақтастық қағидатына сәйкес өткен тақырыптарға шолу жасау мақсатында оқушылар сәйкестендіру карталары арқылы электр тізбегі элементтерін тізбектегі белгіленулерімен сәйкестендіреді. Тапсырманы мұғалім оқушылармен бірге тексереді. Жұмыс түрі: жұптық жұмыс. Бағалау: өзара бағалау, бағалау критерийлері. Дифференциация: жұптағы оқушылар жұбына өзара қолдау көрсетеді. Қажет болған жағдайда тапсырманы мерзімінен бұрын орындаған оқушыларға мұғалім қосымша тапсырма беруіне болады. 5 мин 3. Сабақтың тақырыбын ашуға байланыс оқушыларға деректі шағын бейне ролик ұсынылып, оқушылардың пікірі тыңдалады. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстыру. Ескерту: осы мезетте бағалау парағын тарату ұсынылады. 5 мин 4. Fill the gaps. Оқушылар назарына тақырып бойынша бейне ролик және берілген мәтіннің қалдырылған кілт сөздерін толтыруға арналған жұмыс парағы ұсынылады. Тапсырма соңында жұптағы оқушылар жұмыстарын өзара тексеріп, бағалау жүргізеді. Ескерту: қажет болған жағдайда мұғалім бейне роликті қайталап қоюына болады. Жұмыс түрі: жұптық жұмыс. Бағалау: өзара бағалау, сабақ барысында оқушы өзін-өзі бағалау мақсатында бағалау парағы қолданылады. Дифференциация: оқушыларға кілт сөздер мен бейне ролик ұсынылады. 10 мин 5. Тақырыпқа талдау. Мұғалім оқушылармен бірге электр шамының вольт-амперлік сипаттамасына және жартылай өткізгішті диод тақырыбына талдау жасайды. Оқушылар диодтың қолданылуына байланысты презентацияда келтірілген тапсырмаларды орындайды. Жауап кілтін пайдаланып, өзін-өзі бағалайды. Жұмыс түрі: сынып көлемінде және жекелей жұмыс. Бағалау: өзін-өзі бағалау. Дифференциация: қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға әдістемелік қолдау көрсетеді. 10 мин 6. Тәжірибе. Оқушылар фоторезистор мен терморезистордың кедергілерінің қоршаған орта факторларына тәуелділігін зерттейді. Арнайы нұсқаулық презентацияда ұсынылады. Бұл оқушылардың тақырыпты өздігінен меңгерулеріне, зерттеушілік және құрал-жабдықтармен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындысы мұғалім кері байланысы арқылы бағаланады. Жұмыс түрі: топтық жұмыс (құрал-жабдықтардың санына байланысты оқушыларды топқа біріктіру ұсынылады). Ескерту: мұғалім топқа бөлу әдісін оқушылардың қабілеттерін ескере отырып өзі таңдайды. Бағалау: мұғалім кері байланысы. Дифференциация: қажет болған жағдайды мұғалім комментарийі. 10 мин | Сәйкестендіру карталары Бейне ролик twig-bilim.kz Презентация Бейнеролик twig-bilim.kz Жұмыс парағы Презентация Фоторезистор, терморезистор, толық электр тізбегімен жабдықталған электр шамы, сызғыш, термометр, мультиметр Презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ соңы 3 мин | 6. Қорытынды. Мұғалім бағалау парағы арқылы оқушылардың жетістіктеріне талдау жасайды. БББ әдісі Үй жұмысы. | Бағалау парақтары Стикерлер | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұптық жұмыс арқылы сыныптастарына қолдау көрсетулерін ұйымдастыру; Топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы көшбасшылық және бөлінген көшбасшылық дағдыларын дамыту. | Бағалау парақтары арқылы оқушылардың өзара және өзін-өзі бағалауларын ұйымдастыру; Бағалау критерийлері арқылы бағалау; Мұғалім кері байланысы. | Интербелсенді тақтаны пайдалану ұзақтығын СанПиН нормаларына сәйкес белгілеу; Сабақта ТҚЕ сақтау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Что я выявил(а) за время урока о классе или достижениях/трудностях отдельных учеников, на что необходимо обратить внимание на последующих уроках? |
Қосымша ресурс:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?