Әртүрлі ортадағы электр тогы Зертханалық жұмыс № 2 «Электролиттердегі электр тогының пайда болу принциптерін зерттеу». Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3АТұрақты ток | Мектеп: Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Байдилдаева Ж.Ш | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Әртүрлі ортадағы электр тогы Зертханалық жұмыс № 2 «Электролиттердегі электр тогының пайда болу принциптерін зерттеу» | |||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.1 - Әртүрлі ортада электр тогының пайда болу принциптерін салыстыру; 10.3.3.2 – Электролиттердегі электр тогының пайда болу принциптерін тәжірибе жүзінде анықтау; | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Әртүрлі ресурстардан алынған мәліметтерді салыстырып, қажетті мәліметті таңдау Алынған мәліметтерді талдау, жинақтау. Әртүрлі ортадағы электр тогының қолданысын сипаттау. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білу: Әртүрлі ортадағы электр тогын тасымалдаушыларды біледі Қолдану: Фарадейдің 1,2 заңының формуласын қолдана алады. Талдау: Алынған мәліметтерді талдап, жинақтай алады. Әртүрлі ортадағы электр тогының қолданысын сипаттай алады. Математикалық сауаттылық: Есептеулерді қателіксіз дұрыс орындайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология:
Тұрақты температура кезінде метал өткізгіштер үшін,/Uтікелей тең (Ом заңы) Қыздыру шамы мен жартылай өткізгішті диод омдық емес әрекет көрсетеді. Шала өткізгішті диод бір бағытта өте төмен кедергімен өткізеді және басқасында үздіксіз-дерлік кедергіге ие. Кедергі температурасы…. болғандықтан Кесте сызықты емес, өйткені … өткізгіш болып табылады Кесте сызықты (тік, координат басы арқылы өтеді), өйткені... | |||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет
Ынтымақтастық Оқушылар топтарда демонстрациялар жасап, бақылаған құбылыстардың себебін түсіндіруде бір-біріне көмек береді. Топта өзара рөльдерді бөліседі. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тұрақты электр тоғы тарауы бойынша зарядтар, оң және теріс зарядтар, иондар арқылы химия пәнімен байланысты. Тілдік мақсаттарды жүзеге асыру үшін физикалық терминдерді , негізгі ұғымдарды ағылшын тілінде CLIL әдістерін қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім
| Толық тізбек үшін Ом заңы. Металдардағы электр тогы |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
0-3 | Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Әртүрлі ортадағы электр тоғы атты тараудағы оқу мақсатымен таныстырылады. | Презентация
|
3- 6 | Үй тапсырмасын тексеру: Міндетті деңгей: Өзін-өзі тексеру сұрақтары. Лайықты деңгей: Қосымша 1-дің №2 - тапсырмасы Жоғары деңгей: сапалық талдау жасау қабілеттерін дамытуға арналған есептер | Оқушы дәптері |
6-12 12-30 30-40 мин | Оқушыларды 3 топқа біріктіру. Өткен сабақпен байланыс орнату және қайта жаңғырту үшін: Венн диаграммасы бойынша металдар мен жартылай өткізгіштердегі электр тогын салыстыру. І топ: Металдардың электр тогын сипаттау; ІІ топ: Жартылай өткізгіштердің электр тогын сипаттау; ІІІ топ: эксперт тобы – Металдар мен жартылай өткізгіштердің сипаттамаларының дұрыстығын тексеріп, ұқсастығын анықтайды. Жаңа сабақтың барысы Оқушыларды қатарлар бойынша 3 топқа біріктіру. Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру үшін §12.3, 12.4, 12,5 тақырыпты 3 бөлікке жіктеп, оқуға беру. І топ – Газдардағы электр тогы ІІ топ – Вакуумдағы электр тогы ІІІ топ Сұйықтардағы электр тогы Оқушылар топтарында оқулықпен бағдарлы жұмыс жасауға дағдыланады. Газдардағы электр тогы, вакуумдағы электр тогының табиғатын түсіндіретін видео көрсету. Бөлінген тақырыптар бойынша сыныпта талқылау жүргізіледі. Яғни «Станция әдісі» арқылы топтан бір оқушы шығып өздерінің тапсырмаларын әр станцияға барып түсіндіреді. Сонда түсінбей қалған оқушы болмайды.
| Бұл видео шынының токты қалай өткізетіндігін көрсетеді http://www.youtube.com/watch?v=ee9bj4mhosY http://www.nuffieldfoundation.org/practical-chemistry/electrolysis-zinc-chloride ионизацияланған камера туралы ақпарат: http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/diffusion-cloud-chamber Оқушы дәптері, таблица |
41-55 | Тәжірибе Құралдар: ток көзі, амперметр, шам, мыс және цинк электродтар салынған ыдыс, кілт, суы бар стакан, тұз, шыны таяқша, жалғағыш сымдар 1. Слайдта көрсетілгендей тізбекті жинаңыз 2. Таблица сызыңыз және барлық бөлімді орындаңыз. 3. NaCl арқылы электр тогының өту процесін бақылаңыз және қорытынды шығарыңыз. Осы процесті құрғақ тұз, қанттың судағы ерітіндісіне және дистилизацияланған суға орындайды. Қорытынды шығарып кестені толтырады. Толтырған кестені тақтадағы дұрыс жауаптармен салыстырады | Презентация |
55-65 | «Ойлан тап» әдісі арқылы слайдтағы сұрақтарға оқушылар кезегімен жауап береді. Сұрақ -жауап көмегімен электролиз процесі арқылы бөлініп шығатын заттың массасын анықтайтын формула қорытып шығарылады. | |
65-77 | Әртүрлі ортада электр тогының пайда болу принциптерін салыстырып қорытындылайды. Кестесі сызылады. Бағалау критериі: М.д. 1. Оқушы тұздың судағы ерітіндісінде еркін заряд тасымалдаушылары иондар екенін ескере біледі; Л.д. 3. Электролиз заңын қолданып, бөлінген заттың массасының мәнін анықтау алгоритмін дұрыс орындайды. Ж.д. 4. Әртүрлі ортадағы электр тогының қолданысын байланыстырып тұжырымдай алады. 5. Құбылыс себебін түсіндіріп ауызша жеткізе біледі. (Құбылыс себебін түсіндіруде тілдік мақсаттарды ескереміз) Әр түрлі ортадағы электр тоғы тарауына қатысты есептер шығарады | Қосымша тіркелген |
78-80 | Рефлексия Сөйлемді аяқтаңыз: Мен білдім ………….. Мен істедім…………….. Мен түсіндім ……………… Маған әлі түсініксіз.............. Үй тапсырмасы Үйге тапсырма: 12 тарау. §§ 12.3-12.5 № 23-28 Өзіндік жұмысты аяқтау. | Б.Кронгарт, Кем В 10 кл оқулық Кирик Л.С |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?