Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3 С Әр түрлі ортадағы электр тогы | Мектеп: | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.2 - электролиз үдерісіндегі электр тогы шартын эксперимент арқылы анықтау; | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Газдардағы, сұйықтардағы және вакуумдегі электр тогының өтуін біледі Көптеген оқушылар: Электр тогының пайда болу шарттарын, токтың әсерлерін түсінеді. Электролиттердегі электр тогы туралы біледі Кейбіреуі: Алынған мәліметтерді талдау арқылы нақты қорытынды жасай алады. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Электролиттердегі электр тогы туралы білу Электр тогының пайда болу шарттарын, токтың әсерлерін түсіну | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология:
| |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық, мектеп мүлкін құрметтеу және бірігіп жұмыс жасай алу. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару, химия пәнімен байланыс электролиз тақырыбы | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы. | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім
| 8 сынып физика курсы. Газдардағы, сұйықтардағы және вакуумдегі электр тогы. 8 сынып: металдардағы электр тогы, жартылай өткізгішті диодтардың жұмыс істеу принципі. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
3 мин | Ұйымдастыру кезеңі Сабақ мақсатын анықтау. 10.3.3.2 - электролиз үдерісіндегі электр тогы шартын эксперимент арқылы анықтау; | Презентация | ||
7 мин 25 минут 3 минуы | (W) Оқушыларға төменгі сыныптарда алған білімдері негізінде және өткен сабақта алған білімдері негізінде келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады: Электр тогы деген не? Электр тогының пайда болу шарттары қандай? Электр тогы қандай орталарда бола алады? Зертханалық жұмыс жасау үшін техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру 1. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, қажетті қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіру керек. 2. Құрастырылған электр тізбегін мұғалім тексергеннен кейін, оның рұқсатымен ғана қосыңдар. Электр тізбегіне ток көзін ең соңынан қосыңдар. 3. Электр тізбегін құрастырған кезде тізбектің изоляциясыз элементтеріне (қыстырғыш, кілт т.б.) тиіспеңдер, изоляциясы жоқ немесе тозған өткізгіштерді және ашық типтес рубильниктерді пайдаланбаңдар. Кернеуі бар электр қондырғыларында ақау байқалса дереу ток көзін ажыратып, бұл туралы мұғалімге хабарлаңдар. Ток көзін ажыратпай тұрып, тізбекті қайта құрастырушы және балқымалы сақтандырғышты ауыстырушы болмаңдар. 4. Изоляциялаушы сабы бар аспаптарды пайдаланыңдар. 5. Жұмыс соңында ток көзін ажыратып, ағытыңдар, сонан соң электр тізбегін ажыратыңдар. (Е) Оқушыларға «Электролиттердегі электр тогының пайда болу шартын зерттеу» зертханалық жұмысын жасауды ұсыныңыз. Зертханалық жұмысты аяқтағаннан кейін оқушыларға жұмыс бойынша жасаған қорытындыларын басқа оқушылармен бөлісуді ұсыныңыз. (G) Оқушыларға электролиз құбылысын талдауды және оның қолданылу салаларын анықтауды ұсыныңыз. (W) Ой қозғау Сұйықтықтағы электр тогының табиғаты қандай? Электролиз дегеніміз не? | Презентация Презентация Жұмыс парақтары | ||
2 мин | Рефлексия Не білдім? Не білгім келеді? Практикалық жұмыс кезінде қандай қиындықтар болды? Үй тапсырмасы | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеге ноқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?