№ 2 Зертханалық жұмыс: Электролиттердегі электр тогының пайда болуының шарттарын зерттеу. Физика, 10 сынып, қосымша материал.
Зертханалық жұмыс №2.
Тақырыбы: Электролиттердегі электр тогының пайда болуының шартарын зерттеу.
Мақсаты: электролиз үдерісіндегі электр тогы шартын эксперимент арқылы анықтау;
Құрал-жабдытар: дәнекерлі модульдер SB (түзу -3, бұрышты-2, алшақ салынған -1, шеткі -2, бұрышты ұяшықты -2), сөндіргіш SB-1, қақпақсыз кювет-, мыс электродтар – 2, серіппелі қысқыштар «қолтырауын», оқшауланбаған – 2, жалғаушы сымдар (көк 250 мм-1, қызыл 250 мм-1, көк 500 мм-2, қызыл 500 мм-2), көптекті өлшеуіш құрал (түпнұсқа)-2, ток көзі-1, күкірт қышқылы, 10 % ерітінді, 1000 мл, нтрий гидрооксиді, 10 % ерітінді, 1000 мл, сүзілген су, 5л, зімпаралы қағаз, аспаздық тұз, ас суы, шүберек немесе сорғыш қағаз.
Қондырғы:
1-сурет 2-сурет
Жұмыстың барысы:
Сүзілген су.
- Жезді электродтарды сұйықтыққа арналған кюветтердің бүйірлік беттеріне орналастыру керек. Электродтар бетін тиянақты тазалау керек. Кювета таза болуы керек. Кюветаның ішіне берілген сұйықтықты құйыңыз.
- Электродтардағы «қолтырауындарды» қосыңыз (2-суретті қараңыз). 1-суретте келтірілгендей тізбеленген модульдерден сызба жинақтаңыз. Сызбаны жинаған кезінде сөндіргішті ажыратыңыз. Сызбаға екі көпканалды өлшеуіш құралды, ток көзін және жез электродтарды 2 суреттегідей қосыңыз. Кюветаны жартылай шамасында сүзілген сумен толтырыңыз.
3-сурет 4-сурет
- 3-суретте көп каналды өлшеуіш құралға кернеуші өлшеуіш құрал (вольтметр) ретінде қолдану үшін сымдарды қалай жалғау керектігі көрсетілген. Вольтметрді тіркеуге келтіріңіз: өлшеу шегін 10 В қойыңыз (кернеу түрі: тұрақты кернеу, V -). Қызыл сымды + таңбасы бар құралдың ұяшығына, ал көк сымды – таңбасы бар құралдың ұяшығына қосыңыз.
- 4-суретте көп каналды өлшеуіш құралға ток күшін өлшеуіш құрал (амперметр) ретінде қолдану үшін сымдарды қалай жалғау керектігі көрсетілген. Тұрақты ток күшін өлшеу үшін шкаланы таңдаңыз. Ұсынылатын шкала - тұрақты токтың өлшеу шегі 3 мА.
- 1-2 суретке сәйкес сызбаны жинаңыз. Сөндіргішті ажыратыңыз. Ток көзіндегі кернеуді реттеушіні «0» күйіне қойыңыз, ток көзін қосыңыз. Сөндіргішті тұйықтаңыз. Ток көзінің кернеуді реттеу тұтқасын ақырындап бұраңыздар. Вольтметрдегі кернеу 2 В-ке жеткізіңіз. Ток күшін өлшеп, 1-кестеге жазып алыңыз.
Ас тұзы.
- Сөндіргішті ажыратыңыз. Суды төгіп тастаңыздар және кюветаны құрғақтап сүртіңіз. Электродтарды қайта орнына салыңыз және кюветаға шамамен түбінен 2 см ас тұзын себіңіз. Сөндіргішті тұйықтаңыз. Кернеуді 2 В жеткізіңіз және ток күшінің мәнін 1-кестеге жазыңыз. Амперметрдің өлшем шегін 30 мА ауыстырыңыз. Сүзілген суды ақырындап ас тұзына құйып, әр кез амперметр көрсеткіштерін бақылаңыз. Тілше шкаланың шектік мәніне (30 мА ) жақындаған кезде бірден құралдың өлшеу шегін арттырыңыз (300 мА). Амперметрдегі көрсеткіш тұрақты болғанға дейін шпательмен тұз ерітіндісін араластырыңыз. Осыдан кейін сөндіргішті ажыратыңыз және ас тұз ерітіндісі үшін токтың максималды мағынасын 1-кестеге жазыңыз.
Ас суы.
- Кюветаны мұқият жуып, құрғақтап сүртіңіз.
- Кюветаны ас суымен толтырыңыз.
- Электродтарды қайтадан кюветаға салыңыз.
- Амперметрдің өлшеу шегін 30 мА қойыңыз және кюветаға ас суын құйыңыз.
- Кілтті қосып, кернеудің 2 В мәніндегі ток күшінің мәнін алыңыз.
- Ток күшінің мәнін 1-кестеге жазыңыз.
- Кілтті сөндіріңіз.
Күкірт қышқылы.
- Кювета мен электродтарды жуыңыз, құрғатып сүртіңіз.
- Кюветаны күкірт қышқылы ерітіндісімен толтырыңыз.
- Электродтарды қайтадан кюветаға салыңыз.
- Амперметрдегі ток күшінің шегін 300 мА қойыңыз.
- Кілтті тұйықтаңыз.
- Кернеудің 2 В мәніндегі күкірт қышқылындағы ток күшінің мәнін 1-кестеге енгізіңіз.
- Кілтті ажыратыңыз.
Сілті қышқылы.
- Кювета мен электродтарды жуыңыз, құрғатып сүртіңіз.
- Кюветаны сілті қышқылы ерітіндісімен толтырыңыз.
- Электродтарды қайтадан кюветаға салыңыз.
- Амперметрдегі ток күшінің шегін 300 мА қойыңыз.
- Кілтті тұйықтаңыз.
- Кернеудің 2 В мәніндегі күкірт қышқылындағы ток күшінің мәнін 1-кестеге енгізіңіз.
- Кілтті ажыратыңыз.
- Ток көзінің корпусындағы кернеуді ақырындап «0» күйіне бұрыңыз.
- Қондырғыны ажыратыңыз.
- Кювета мен электродтарды жуып, құрғатыңыз.
1-кесте. Сұйықтықтарды электрлік қасиеттерін салыстыру.
Тәжірибе реті | Кюветадағы зат | Ток күші, I, А |
1 | Сүзілген су | |
2 | Ас тұзы | |
3 | Ас тұзының ерітіндісі | |
4 | Ас суы | |
5 | Қышқыл ерітіндісі | |
6 | Сілті қышқылы |
1. 1-кестедегі мәндерді салыстырып, қорытынды жасаңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Тұздың, сілтілер мен қышқылдардың суда еруі нәтижесінде бұл заттардың судағы ерітінділері электр тогын өткізе алу қабілетіне ие болатын химиялық үрдісті сипаттаңыз__________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Неліктен кристалды ас тұзы электр тогын өткізбейдә, ал су ерітіндісі токты жақсы өткзеді____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Неліктен ас суы электр тогын шамалы өткізеді___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?