Электр энергиясынтұтыну. Физика, 10 сынып, презентация.
Электр энергиясын тұтынУ.ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ҚҰНЫН АНЫҚТАУ
Сабақ мақсаты:
10.3.2.1 – Тұрмыстық техникалардың жұмысы мен қуатының құнын практикалық түрде есептеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жұмыстың (энергияның) өлшем бірлігін кВт*сағ түрінде түрлендіре алады
Электр энергиясын тұтыну деңгейін өлшейтін құрал
Өздігінен электр энергиясын тұтыну құнын анықтай алады
Күнделікті тұтынатын электр энергиясының құны қалай анықталады?
1Дж өлшем бірлікті 1 кВт* сағ арқылы өрнекте
Тапсырма
1Дж=1Вт*1с
Электр есептегіш — тұтынылған электр энергиясын есептеуге арналған өлшеуіш құрал.
Электр Электр энергиясы (мұндай бет жоқ)энергиясыЭлектр энергиясы (мұндай бет жоқ) киловаттКиловатт*сағатпен өлшенеді.
Электр есептегіштерінің көрсеткіштері арқылы 30 күн ішіндегі тұтынылған электр энергиясын анықтаңыз
Тарифті 1кВт*сағ-11,64 теңге деп алып, тұтынылған электр энергиясының құнын анықтаңыз.
Тапсырма
1 ақпандағы көрсеткіш
1 наурыздағы
көрсеткіш
Бір күн ішінде қай приборды қолдану қымбат екенін анықтап, қорытындылаңыз.
Үйде барлық приборлардың тұтынатын электр энергиясын есептегіш орнатылған. Күн басында есептегіштің көрсетуі 6350.5 кВт·сағ болды.
Күн соңындағы есептегіштің көрсетуін есептеңіз.
Су қыздырғышқа баратын өткізгіш сым шамдарға баратын өткізгіш сымға қарағанда жуан. Неліктен осындай қажетілік болғанын түсіндіріңіз.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Сіздің үйіңіздегі қандай құрал ең көп электр энергиясын тұтынады?
Сіз өз үйіңізде қалайша электр энергиясын үнемдей аласыз?
Электр энергиясын үнемдеуге арналған қандай құрал-жабдықтарды білесіз?
Өздігінен орындауға арналған тапсырма
Үй тұрмысында электр энергиясын үнемдеудің түрлі әдіс-тәсілдері:
ЭЭ үнемдеу үшін ұсыныстар
Қолданбаған кезде құрылғыларды розеткадан суырып қойыңыз.
Қуаты жоғары құрылғыларды қосулы күйде ұзақ уақыт қалдырмаңыз .
Өте ыстық сумен кір жумаңыз.
Электр пештерін дұрыс қолданыңыздар.
Тоңазытқышты шегінен тыс жұмыс істейтін жағдай жасамаңыз.
Шамдарды электр үнемдеуіш шамдарға алмастырыңыздар.
Электр энергиясын үнемдеудің ең қарапайым және тиімді тәсілі – өзіңізден кейін әрқашан жарықты сөндіруді ұмытпаңыз.
Үйіңізден ұзақ уақытқа шығар алдында (немесе ұйықтар алдында) жарықты ғана сөндіріп қоймай, standby (күту режимі) электр приборларын сөндіруді ұмытпаңыз. Бұл шара сондай-ақ Сіздің үйіңіздің өрт қауіпсіздігін арттырады.
Қарапайым лампалардың орнына энергия үнемдеуші лампаларды қолданыңыз.
Қуатын 5-6 есеге аз тұтынып, бірдей жарық береді.
Пайдалану мерзімі қарапайым лампалармен салыстырғанда сегіз есеге артық.
Энергия үнемдеуші лампалар электр қуатын 80 % жуық үнемдейді.
80 %
Теледидарды жарық тең түсетін жерге қойыңыз, бұл теледидар көрсететін бейнелерді реттеу режимін біршама төмен деңгейге орнатуға мүмкіндік береді. Бұл компьютердің мониторына да қатысты. Бұл шара электр қуатын 5 % дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
5 %
Ұялы телефонның, фотоаппараттың, плеердің, ноутбуктың және т.с.с. арналған зарядтаушы құрылғыны розеткаға қосылған күйінде бос қалдырмаңыз. Мұнда зарядтаушы құрылғы электр энергиясын тұтынады, бірақ электр энергиясы зарядтауға емес, аппараттың қызып тұруына жұмсалады.
Шаңсорғыш тиімді түрде жұмыс істеуі үшін оның шаң жинағышын уақытында тазартып немесе ауыстырып отыру қажет. Шаң жинағыш пен сүзгілер де шаңға толып қалса ол шаңсорғыштың жұмысын қиындатады, ауаны тарту функциясын төмендетіп, шаңсорғыштың энергия тұтыну қуатын арттырады.
5-10 %
Ас әзірлеуге арналған ыдыстарды таңдағанда ол электр плитасының комфоркаларының өлшемдеріне сәйкес келмейді де, 5-10% энергия жоғалтады. Электр плиталарды қолданғанда электр энергиясын үнемдеу үшін комфорканың диаметріне тең немесе үлкен, түбі қисық емес ыдыстарды қолданыңыз.
20-30%
Ас әзірлегенде кастрюльдің қақпағын жабыңыз. Су тез буланып шыққанда тағам әзірлеу уақытын 20-30% арттырады да, сәйкесінше ас әзірлеу үшін электр энергиясы соншалықты көбірек шығындалады.
30 %
Кір жуғыш машиналардың ұтымды пайдаланудың ең басты шарты – киім жуудың максимум жүктемесінен аспау. Кір жуғыш машинаны толық емес жүктемемен қоспауға тырысыңыз: мұндай жағдайда электр энергиясын шамадан тыс жұмсау 10–15 % құрайды. Жуу бағдарламасын дұрыс пайдаланбағанда электр энергиясының шамадан тыс жұмсалуы – 30 % дейін.
Тоңазытқышты салқын жерге қойыңыз, оны ешқашан пештің жанына қоймаңыз. Егер тоңазытқыш тұрған бөлменің температурасы 30º C жететін болса, онда электр қуатын тұтынуы екі есеге артады.
2 есе
Электр шамдарының түрлері
Қыздыру шамы Люминесцентті шам Светодиодты шам
Электр шамдарының ерекшеліктері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды