Токтың ПӘК-і. Токтың жылулық әсері Зертханалық жұмыс «Ток көзінің қуатының сыртқы кедергіге тәуелділігін зерттеу». Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Физика
Мектеп: Тараз қ. ФМБ НЗМ |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: Тікелей ток | Сынып: 10 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім–Тұрақты электр тогы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Токтың ПӘК-і. Токтың жылулық әсері Зертханалық жұмыс «Ток көзінің қуатының сыртқы кедергіге тәуелділігін зерттеу» | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2,7 – электр тізбегінің толық, пайдалы, жоғалған қуатын және ПӘК-ін есептеу формулаларын қорытып шығару; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология Толық тізбектегі токтың жұмысы мен қуаты.Токтың ПӘК-і. Токтың жылулық әсері Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестер Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы: Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал оның кедергісіне кері пропорционал. Толық тізбек үшін Ом заңы: Тұйық тізбектегі ток күші оған әрекет ететін Э.Қ.К. күшіне тура пропорционал, ал тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысына кері пропорционал. Джоуль-Ленц заңы: Өткізгіштердегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына , өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына тура пропорционал. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ бойында оқушылардың бір-біріне сыйластық қарым-қатынасы, өзара құрмет, өмір бойы оқуға ұмтылыс | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, инженерия | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 8 сынып: тұрақты ток;тұрақты ток электр тізбегі; U = IR; Ом заңы; электр тогы сипаттамалары; тізбек символдары; сызбалар; электр энергиясы мен қуаты | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Оқыту ресурстары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 мин 15 мин 20 мин 35 мин | (W) Ұйымдастыру кезеңі Өткен материалдар бойынша «сұрақ - жауап». Жедел сұрақтар: 1.Электр тогы деген не? 2. Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек?
3.Тұрақты ток деген не? 4.Электр тогының қандай әсерлері болады?
5.Ток күші дегеніміз не? 6.Электр қозғаушы күш деген не? 7.Электр кернеуі деген не? 8.Қандай тұрақты ток заңдарын білесіңдер?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Еске түсіру:
І. Электр тогының жұмысы Ток өткенде өткізгіш қызады, өтзгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді. Электр өрісі А=qU жұмыс өндіреді. Ток күші I=q/t болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=IUt ІІ.Токтың қуаты Кез келген электр приборы – электр шамы,электр двигателі т.б. уақыт бірлігінде белгілі бір энергия тұтынуға есептелген. Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең шама P=A/t=IU=I2R=U2/R ІІІ. Токтың жұмысы, қуаты, Джоуль-Ленц заңы. Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады: Q=A=I2Rt.
(G) Оқушыларды топтарға бөліп/біріктіріп электр тізбегінің толық, пайдалы, жоғалған қуатын және ПӘК-ін есептеу формулаларын қорытып шығаруды ұсыну Содан кейін олар өз жұмыстарын таныстырылыммен көрсетеді. (f) Оқушыларға ток көзінің қуатының және ПӘК-нің сыртқы тізбектің кедергісіне тәуелділік графигін түсіндіруін сұраңыз. (I.f) Құрылымдық тапсырмалар Жауабы
(W) Ток көзінің қуатының сыртқы кедергіге тәуелділігін анықтау тәсілдерін талдау/талқылау, қай шамалар тәуелді, қай шамалар тәуелсіз айнымалыларға жататынын ұғыну/түсіну ТҚЕ туралы интруктаж жүргізу. (I)(Е) Зертханалық жұмыс: Ток көзінің қуатының сыртқы кедергіге тәуелділігін зерттеу. Оқушылар жұмыстың орындалу барысын көрсететін жоспарды әрқайсысы жеке құрастырады және өлшеуіш құралдардың көрсетулерін жазып алады, өлшеулер нәтижесін өңдейді. Ток көзінің ішкі кедергісінің сан мәніне назар аударту. Ток көзі ретінде ішкі кедергісі көп Гальвани элементінің 1,5 В батареясын қолдану; 3-4 батареяны тізбектей жалғау керек (батареяның ішкі кедергісі артады). | Интеллект-карта 3-8 Үлестірмелі материал Оқулық Б. Кронгарт, В. Кем , Н. Койшыбаев, Физика, 10 сынып Қосымша1 Ток көзі 4,5 В (батарея), төмен вольтты шам, амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, кілт | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 мин | Рефлексия Рефлексия 1. Бүгін мен сабақта _________бойынша білімімді тереңдеттім және бекіттім. 2. Бүгін мен сабақта _________________ туралы білдім. 3. Бүгінгі сабақта мен үшін ең қызықты _________________ туралы болды. Үйге тапсырма: Б.Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев, «Физика» 10 сынып, 9-тарау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Дифференциацияның күрделендіру қағидаты бойынша тапсырмалар жеңілден –күрделіге түрленеді, оқушыларды топтарға бөліп/біріктіріп электр тізбегінің толық, пайдалы, жоғалған қуатын және ПӘК-ін есептеу формулаларын қорытып шығаруды ұсынылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?