Толық тізбек үшін Ом заңы. Есептер шығару. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары 10сынып.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3АТұрақты ток

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

§ 9.5. Толық тізбек үшін Ом заңы. Есептер шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.1 - толық тізбек үшін Ом заңын білу және оны қолдану;

10.4.3.4 - электр қозғаушы күші ұғымын түсіндіру;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

- толық тізбек үшін Ом заңын біледі;

- эксперименттік тапсырмалар арқылы заңдылықтарды тексереді;

-заңдылықтарды есептер шығаруда қолданады;

 Бағалау критерийлері:

 Білу

 Түсіну

 Қолдану

 Анализ

 Синтез

 Бағалау

 

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

ЭҚК-н түсінеді, сипаттай алады;

Қуат бірлігіне берілетін энергия түсінігін талдап, ЭҚК анықтай алады;

Формуланы есептер шығаруда қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

Вольт-амперлік сипттамалар

тұрақты температурадағы металл өткізгіш

шала өткізгішті диод

қыздыру шамы

Ом заңы

Омдық(металл) өткізгіш

омдық емес(қыздыру шамы,жартылай өткізгіш) өткізгіш

кедергі

тура пропорционалды

сызықтық, түзу

сызықтыемес

Диалогқа/жазуға қажетті сөз

Тіркестері:

Тұрақты температурадағы металл өткізгіштер үшін / U-ге пропорционал (Ом заңы)

Қыздыру шамы мен жартылай өткізгішті диод омдық емес әрекет көрсетеді.

Шала өткізгішті диод бір бағытта өте төмен кедергімен өткізеді және басқа бағытта өте үлкен кедергіге ие.

Температурасы…. болғандықтан Кедергі ...

График сызықты емес, өйткені … өткізгіш болып табылады

График сызықты (координат басы арқылы өтетін түзу), өйткені...

Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс істейді.

Жұмыс барысында жауапкершілік және өзара құрмет құндылықтарын дамытады. Академиялық адалдық

 Пәнаралық байланыстар

Математика

  АКТ қолдану дағдылары

Ресурстармен жұмыс .Интерактивті тапсырмалар орындау

Бастапқы білім

Металл өткізгіштердің, жартылай өткізгішті диодтардың және қыздыру шамдарының электрлік сипаттамалары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

W = толық сыныппен жұмыс жасау

Тапсырма :

Анықтауға арналған маңызды терминдер:

  • Аккумулятордың және батареяның ЭҚК
  • «Кернеудің түсуі»
  • Аккумулятордың және батареяның ішкі кедергісі
  • Ішкі кедергі және «кернеудің түсуі» түсінігіне мысалдар келтіру;

Мысалы:

Ішкі кедергі және «кернеудің түсуі» түсінігін кеңейту үшін өмірден шынайы мысалдарды келтіруге болады. Мәселен, егерде автокөлік фаралары қосылған кезде жүруді бастаса, оның жарықтылығы уақытша азаяды. Бұл үлкен ток стартерді қосу үшін пайдаланатындықтан болады, осылайша, автокөліктің батареясында «кернеу түседі» және фараларға қосылған қысқыштардағы кернеу азырақ болады.

Мақсаты: маңызды терминдерді білу арқылы ЭҚК және толық тізбек үшін Ом заңы туралы оқушылардың білімдерін кеңейту;

Сипаттамасы:

Физикалық диктант.

1.Тұрақты электр тоғы дегеніміз-...

2.Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы.....

3.Ток көздері не үшін қажет?

4.Бөгде(тосын) күштер дегеніміз не?(мысалдар келтір)

5.Толық тізбек үшін Ом заңы қалай оқылады?(формуласы)

6.ЭҚК дегеніміз не? (формуласы,өлшем бірлігі)

7.Кедергілері R бірдей екі резистор тізбектей жалғанғандағы ток күшін анықтайтын өрнекті жазыңыз.

8.Кедергілері R бірдей екі резистор параллель жалғанғандағы ток күшін анықтайтын өрнекті жазыңыз.

9.Қандай шарттарда ток көзінде өлшенген кернеуді ЭҚК тең деп алуға болады?

10.Қысқа тұйықталу дегеніміз не? Қысқа тұйықталу тогы неге тәуелді?

11.Қандай кернеу адам өміріне қауіпті болуы мүмкін?

Мұғалімнің қызметі: сабақтың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді;

ЭҚК бар ток көзінен және ішкі кедергіден, кедергісі R болатын тұтынушыдан, К кілттен тұратын тұйық тізбекте өтетін процесті қарастырайық. Кілттің көмегімен тізбекті тұйықтағанда. оның бойынан ток күші I болатын ток өтеді. Ток көзінде Аб =qƐ бөгде күштердің жұмысы есебінен электр өрісі пайда болады. Бұл өріс сыртқы тізбекте де, (тұтынушы) Аэл1 =UR q, ішкі тізбекте де (ток көзінің ішінде) Аэл2 =Ur q зарядтың орын ауыстыруы бойынша жұмыс атқарады. Энергияның сақталу заңы бойынша Аб=Аэл1 + Аэл2 немесе qƐ=URq+Urq,яғниƐ=UR+Ur.Ɛ = UR +Ur. Бұл формуладан ЭҚК - і тізбектің сыртқы және ішкі бөлігіндегі кернеу түсуінің қосындысына тең. UR =IR және Ur=Ir болғандықтан жоғарғы формуладан I=( Ɛ)/(R+r) толық тізбек үшін Ом заңының математикалық өрнегі болып табылады. Оқылуы: тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің электр қозғаушы күшінің шамасына тура пропорционал, тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергіге кері пропорционал.Толық тізбек үшін Ом заңының екі шекті жағдайы:Сыртқы тізбектің R кедергісі ток көзінің кедергісінен көп үлкен болсын (R >> r), сонда I=( Ɛ)/R немесе Ɛ = IR, яғни Ɛ = R және Бұдан сыртқы тізбектегі кернеу шамамен ток көзінің ЭҚК-іне тең екенін көреміз.Сыртқы тізбектің кедергісі нөлге тең R = 0болса, I=( Ɛ)/(R+r) сәйкес I=( Ɛ)/r = max Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады. Қысқа тұйықталу кезінде тізбектегі ток күші ең үлкен мәнге жетеді, ал сыртқы тізбектегі кернеудің түсуі нөлге ұмтылады.( R 0) Демек электр өрісінің жұмысы ішкі тізбекте (ток көзінің ішінде) жасалады. Қысқа тұйықталу кезінде ток күші өте үлкен, сондықтан оның ток көзінің істен шығуына қауіп тудыратынын есте ұстау керек.

Оқушының қызметі: тапсырмаларға жазбаша,ауызша жауап береді.

Қандай тізбек тұйық тізбек деп аталады.Тұйық тізбек бойынша өтетін ток қандай заңға бағынады.толық тізбек үшін Ом заңы мен тізбек бөлігіне арналған Ом заңының физикалық мәні неде?толық тізбек үшін Ом заңын екі жағдайын айта кетейікқысқа тұйықталу кезінде үйдегі шамдар сөніп қалады неге?

Бағалау: Сұрақтардың 80 пайызына толық жауап беру қажет.

Сабақтың ортасы

20 минут

G = топпен жұмыс

Тапсырма: Ток көзінің ЭҚК және ішкі кедергісін анықтау.

Мақсаты: ЭҚК және потенциалдар айырымын анықтау;

Сипаттамасы: : ЭҚК және потенциалдар айырымын анықтауға эксперименттік тапсырмалар орындау және есептеулерін жүргізу;

Қуаттану блогы жүйелі түрде қосылған, екі және үш шамдардың электр энергиясын қамтамасыз ететін, кейбір қарапайым сызбаларды көрсетеді. Шамдар санының артуына орай кернеу мен жарықтық түседі.Қуат көзінен электр энергиясымен, аккумулятор арқылы қозғалатын қуат бірлігіне берілетін энергия түсінігін пайдалана отырып, ЭҚК Е анықтауға тапсырма беруге болады.

E= W / Q

Электр энергиясынан компонент арқылы өтетін, қуаттың әр бірлігінің басқа түрлеріне берілетін энергияны есепке ала отырып,.U п.а.(потенциалдар айырымын) анықтауға тапсырма беруге болады.

U= W / Q

Мұғалімнің қызметі : Оқушыларға 1,2,3-нұсқалардағы эксперименттік тапсырмалар үлестіріледі. Экспериментке қажетті құрал-жабдықтар:ток көзі,волтьметр,амперметр,реостат,кілт және жалғағыш сымдар.

Оқушының қызметі: оқушылар жұппен жұмысты орындайды;берілген схема бойынша тізбекті жинайды,өлшеулер жүргізеді және ток көзінің ЭҚК және ішкі кедергісін есептейді, есептер шығарады

Бағалау:

егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді,

ЭҚК-н түсінеді, сипаттай алады;

Қуат бірлігіне берілетін энергия түсінігін талдап, ЭҚК анықтай алады;

Формуланы есептеу барысында қолдана алады.

Бұл жерден қыздыру шамын көруге болады

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/edexcel_pre_2011/electricityintheory/voltagecurrentresistancerev5.shtml

Зерханалық жұмысты орындау барысында «Рhywe»- нің әдістемелік құралын қолдану

Қосымша 2

Сабақтың соңы

5 минут

5 минут

G =топтық жұмыс

Тапсырма: Электр қозғаушы күші.Толық тізбекке арналған Ом заңы.

Мақсаты: ЭҚК және потенциалдар айырымы түсінігін кеңейту үшін, сызбалармен берілетін, энергияның қарапайым есептеулер орындау.

Сипаттамасы:

А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 9-11сыныптар

1-топ №812 (120- бет);

2-топ №813 (121-бет)

3-топ №815 (121-бет)

Мұғалімнің қызметі: оқушылардың жұмыстарын бақылайды;

Оқушының қызметі: тапсырмаларды топпен орындайды;әр топтан бір оқушы есепті тақтаға шығарады.

Бағалау:

-Толық тізбек үшін Ом заңының формуласын біледі;

-Есептерді шығару барысында математикалық түрлендірулерді орындайды;

-Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін ХБЖ келтіреді ;

-Есептеулерді дұрыс орындап жауаптарын жазады.

Қортындылау

Семантикалық карта толтыру

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма: § 9.1.

Е.Ж.-10сынып №3.237-3.239(120-бет)

Ескерту:

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

W = толық сыныппен жұмыс жасау

E = оқушы тәжірибесі

D = мұғалімнің демонстрациясы

(f) = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес

Оқулық «Физика-10» ;

Есептер жинағы-10 сынып; А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 9-11сыныптарға арналған ;

Қосымша1

Қосымша3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

Оқушыларға тапсырма берілместен әр есептің қиындық деңгейіне қарай 5 балл, 10 балл, 15 балл, ал әр сұрақтың дұрыстығына қарай 3 балл, 5 балл,10 балл қойылатындығы,ол баллды бағалау шкаласы төмендегіше екендігі ескертіледі:10 балл-«3», 20 балл-«4», 30 балл-«5»

 

Топтық жұмыс:Үй тапсырмасын тексеру мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру. Бұл тапсырмаларды 3үш топ үлгергендерінше 10 минут орындайды.

1. Бір сағатта 25Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қанша болу керек? (I=7мА)

2. Ток күші 0,5 А болғанда 7,7 Кл заряд тасымалдау қанша уакытка созылады? (t =15с)

3.Метал өткізгіштегі ток күші 0,8 мкА болғанда 1с ішінде оның көлденең қимасы арқылы өтетін электрондар санын тап (N= 5 · 1012)

4.Сым тартатын станоктан өткенде кедергісі 20 Ом сымның ұзындығы 5 есе ұзарған. Сымның кедергісі қандай болады? (500 Ом)

5. Тұрақты тогы бар өткізгіштен t=30мин ішінде q1= 1800 Кл электр заряды өтеді. Ток күшін анықтаңдар. q2= 600Кл зарядпен анықталатын ток күші канша уакыт аралығында өтеді? (1А, 600с)

6. Сымның кедергісін ортасынан бөліп, ол екі бөлікті кайтадан өріп біріктіреді. Сонда өткізгіш кедергісі калай өзгереді? (4есе азаяды)

Қосымша 2

І жұп

Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші 1,5 В, ал ішкі кедергісі 0,8 Ом.Оның сыртқы кедергісі 5,2 Ом болғанда тізбекте қандай ток аламыз?

ІІ жұп

ЭҚК – 12 В –қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом -ға тең реостат қосылған.Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар?

ІІІ жұп

ЭҚК- і 12 В элементтің ішкі кедергісін есепте.Сыртқы кедергісі 5 Ом болғанда токтың шамасы 0,2 А болады.

ІУ жұп

ЭҚК-і 12 В және ішкі кедергісі 0,01 Ом аккумуляторды қысқаша тұйықтағанда ток күші неге тең болады?

Қосымша 3

Семантикалық картамен жұмыс «Толық тізбек үшін Ом заңы»

Физикалық шама

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

1

Ток күші

I

Ампер

2

Электр қозғаушы күші

Вольт

3

Ішкі кедергі

Ом

4

Кедергі

Ом



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу