Толық тізбек үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Тақырыбы: Толық тізбек үшін Ом заңы. Қысқа тұйықталу.

Оқу мақсаты: 10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну;

Бағалау критерийлері: Толық тізбек үшін Ом заңының формуласын есептер шығаруда қолдана алады. Қысқа тұйықталудың себебі мен салдарын атайды.

Дескрипторлары:

Есептің берілгенін жазады;

Балқымалы сақтандырғыштың жұмыс істеу принципіне сүйеніп, максималды ток күшінің мәнін анықтайды.

Толық тізбек үшін Ом заңын қолданады;

Белгісіз шаманы өрнектейді;

Математикалық есептеулер жүргізеді;

Есептер.

  • Электрші жөндеу кезінде байқамастан электр өткізгіштің екі сымын тиіп қалды. Осының әрекетінен қысқа тұйықталу пайда болды. Егер тізбектегі кернеу 220 В, ал бұрағыш пен сымдардың кедергісі 10 Ом болса, қысқа тұйықталудың ток күшін анықтаңыз.
  • Ахметовтар отбасы жиі шаңсорғыш пен қысқатолқынды пешті бір мезетте қолданады. Шаңсорғыштың қуаты 1300 Ватт, ал қысқа толқынды пештің қуаты 800 Ватт. Атметовтар отбасының пәтеріндегі сақтандырғыштар қандай ток күшіне есептелуі керек?
  • Бір отбасыда бір мезетте бірнеше электр құралдарын жиі қосады. Олар

Қуаты 300 Вт теледидар, қуаты 400 Вт компьютер және қуаты 2 кВт қысқатолқынды пеш, жүйенің кернеуі 220 В. Құралдар желіге параллель қосылады. Автоматты сақтандырғыш жұмысын атқарады ма, егер ол 12 А есептелген болса?

  • Гальваникалық элементтің қысқыштарына жалғанған вольтметр 1,2 В және 1 В кернеулерді көретеді. Тұйықталған тізбектегі амперметрлер сәйкесінше 0,4 А және 0,8 А көрсететін болса, қысқа тұйықталу кезіндегі токтың шамасын анықтаңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу