Толық тізбек үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 10.3A – ТҰРАҚТЫ ТОК | ||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | 08.01 – 12.01.2019 ж. | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | 10 А, 10 В, 10 С, 10 D | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Толық тізбек үшін Ом заңы. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну; | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы – электр тогы деп аталады. Ток күші артқан кезде, кернеу де артады. Ток күші мен кернеу тура пропорционал. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық. Өзіне және өзгелерге деген құрмет. Академиялық шындық. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Әлемдік жаһандылыққа тәрбиелеу | Алғашқы балқымалы сақтандырғыштар XIX ғасырдың аяғында ғана қолдана басталы. Содан бері оның жұмыс істеу принципі өзгермейді, тек қана өндірілу жолдары мен жасалатын материалдар ғана өзгеруде. | ||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=EeZZAdAldrE Тапсырмалар: https://learningapps.org/312733 https://learningapps.org/368825 | ||||||||||||||||||||||||||||||
Өмірмен байланыстылығы | Қысқа тұйықталудың салдарынан тұрмыстық техника істен шығады, тіпті адамның өміріне қауіп төнеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, химия. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 8 сынып: тұрақты электр тогы, тізбек бөлігі үшін Ом заңы. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||
1-сабақтың басы 1-3 мин 3-10 мин 10-16 мин 1-сабақтың ортасы 16-25 мин 25-38 мин 1-сабақтың соңы 38-40 мин | (W) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерилерін таныстыру. (G) Жұппен жұмыс. «Кім жылдам?» Үй жұмысын пазлдар арқылы тексеру. Өзара бағалау. (W) (G) Сәйкестендіру. Тапсырма: https://learningapps.org/312733 https://learningapps.org/368825 https://learningapps.org/3139728 https://learningapps.org/4246872 (W) Қысқа тұйықталу мен оның салдары. https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=EeZZAdAldrE (мұғалімнің қалауы бойынша) (W) Мұғалімнің түсіндіруі. Қысқа тұйықталу – ток көзінің кедергісі аз өткізгішпен тұйықтаған кездегі ток күшінің кенеттен арту құбылысы. Ток күшінің кенеттен арту себептері: қысқа тұйықталу мен тізбектің асқын жүктемесі. Электр сақтандырғыштары – электр тізбегін қысқа тұйықталу мен тізбектің асқын жүктемесінен сақтайтын құрылғы. Сақтандырғыштардың басты міндеті – ток күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу. Сақтандырғыштар электр тізбегіне қалай жалғанады деп ойлайсыз? Неліктен? (тізбектей, себебі тізбекті ажыратып жібереді және ток күші бірдей болады). Ток көзінде Аб=qε бөгде күштердің жұмысы есебінен электр өрісі пайда болады. Бұл өріс сыртқы тізбекте де (тұтынушы) Aэл1=UR∙q, ішкі тізбекте де (ток көзінің ішінде) Аэл12=Ur∙q зарядтың орын ауыстыруы бойынша жұмыс атқарады. Энергияның сақталу заңына сәйкес Аб=Aэл1+Аэл2 немесе εq=URq+Urq, яғни ε=UR+Ur UR=I∙R, Ur=I∙r I= ε/R+r Тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің ЭҚК-нің шамасына кері пропорционал және тізбектің ішкі, сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергісіне кері пропорционал. Егер R>>r болса, онда I= ε/R немесе ε=IR, яғни ε=U Егер R=0 болса, I= ε/r=max. Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады. Барлық электроқыздырғыш құралдарда қыздырғыш элементі болады. Ол никель мен хормның құймасы – нихром немесе темір, хром және алюминий құймасы – фехраль тәрізді материалдан жасалады. Неліктен дәл осы материалдар таңдалады деп ойлайсыз? (себебі олардың меншікті кедергісі үлкен және балқу температурасы жоғары). (W) Қысқа тұйықталудың салдары. Қауіпсіздік техникаын еске түсіру. (W) (І) есептер шығару Мұғалім көмекші рөлін атқарады. Оқушылар мониторинг картасы арқылы өздерінің нәтижелерін бақылап отырады. Дескрипторлары:
Есептер.
Қуаты 300 Вт теледидар, қуаты 400 Вт компьютер және қуаты 2 кВт қысқатолқынды пеш, жүйенің кернеуі 220 В. Құралдар желіге параллель қосылады. Автоматты сақтандырғыш жұмысын атқарады ма, егер ол 12 А есептеоген болса?
Рефлексия. Өз формуланды таңда. r R түсінбедім. r=R барлығы түсінікті болды. rR сұрақтарым бар. | Презентация 1-қосымша Презентация Ноутбуктер, интернет. Презентация Презентацияда Қосымша 2 | |||||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысы | «Қысқа тұйықталуды болдырмау» ақпараттық ізденіс | ||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспар-лайсыз? | Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||
Деңгейлік тапсырмалар. Үй жұмысы: әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс. АКТ көмегімен үй жұмысын тексеру. | «Кім жылдам» ойынын топтар өзара бағалайды. «Мониторинг» кестесі арқылы оқушылар өздерін бағалайды және мұғалім ауызша кері байланыс жасайды. | Қысқа тұйықталудың алдын алу үшін ҚТ ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша реф-лексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұ-рыс қойылған ба? Оқушылардың барлы-ғы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұ-рыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт-тық кезеңдері сақ-талды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?