Толық тізбек үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3 – Тұрақты ток

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

10 (ҚГБ)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Толық тізбек үшін Ом заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну

Сабақ мақсаты

Толық тізбек үшін Ом заңын білу; есептер шығаруда формуланы қолдану; қысқа тұйықталу құбылысының қауіптілігін түсіну

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Электр тізбегін дұрыс сипаттайды және толық тізбек үшін Ом заңын біледі;
  • Ом заңын есептер шығаруда қолданады;
  • Қысқа тұйықталу құбылысын және қауіптің алдын алу жолын түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр тогы

Электрический ток

Electricity

Ток күші

Сила тока

current

Кернеу

Напряжение

voltage

Кедергі

Сопротивление

resistance

Ом заңы

Закон Ома

Ohm's Law

Өткізгіштерді тізбектей жалғау

Последовательное соединение проводников

Series connection of conductors

Өткізгіштерді параллель жалғау

Параллельное соединение проводников

Parallel connection of conductors

Ток көзінің электр қозғаушы күші (ЭҚК)

Электродвижущая сила источника тока (ЭДС)

The electromotive force of the power source

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы – электр тогы деп аталады.

Ток күші артқан кезде, кернеу де артады.

Ток күші мен кернеу тура пропорционал.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Өзіне және өзгелерге деген құрмет. Академиялық шындық.

Әлемдік жаһандылыққа тәрбиелеу

Қысқа тұйықталу қаупінің жолын алу үшін сақтандырғыштар қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/turaqty-ehlektr-togy/lesson/ehlektr-qozhaushy-kush-tolyq-tizbek-ushin-om-zangy

Өмірмен байланыстылығы

Электр тогын тұрмыста және өндірісте қолдану, шамдарды параллель және тізбектей жалғау ерекшеліктері мен артықшылықтары

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Бастапқы білім

8 сынып: тұрақты электр тогы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-3 мин

6 мин

7-20 мин

21-35 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерилерін таныстыру.

  • Білімдерін «True or False» әдісі арқылы тексеру:

өткен тақырып бойынша оқушылардың зейіні арқылы ақиқат пен жалғанды тез анықтау. Оқушылар қолдарына берілген карточкаларының тұжырымға сәйкес мәндері бойынша true – ақиқат және false – жалған көтереді.

  • Электр тогы деп зарядталған бөлшектердің ретсіз қозғалысын айтамыз - F
  • Ток күшін өлшеуге арналған құрал тізбекке параллель жалғанады - F
  • Тізбектей жалғау кезінде жалпы - T
  • Өткізгіштің кедергісі оның көлденең қимасының ауданына кері пропорционал - Т
  • Әрқайсысының кедергісі 50 Ом болатын бес шам параллель жалғанған болса, оладың жалпы кедергісі 10 Ом болады – T
  • 2-ші өткізгіштің кедергісі 1-ші өткізгіштің кедергісінен артық - F
  • Толық тізбек үшін Ом заңын түсіндіру.

Теориялық мәлімет.

Толық тізбек деп – ток көзі бар немесе ЭҚК-і көрсетілген тізбекті айтамыз.

Сыртқы тізбек (ток көзін ескермеуге болатын тізбек бөлігі) өзінің R кедергісімен сипатталады.

Ал ішкі тізбек өзінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісімен сипатталады.

Батареяның (ток көзі) ЭҚК-і ішкі кедергіге байланысты кернеудің азаюына (немесе кернеудің түсуі) және сыртқы кедергіге берілген кернеудің қосындысына тең:

Бұдан толық тізбек үшін ток күші:

Толық тізбек үшін Ом заңы:

Тұйықталған тізбектегі ток күші осы тізбектегі ток көзінің ЭҚК-інің мәніне тура, ал ток көзінің ішкі кедергісі мен сыртқы тізбек кедергісінің қосындысына кері пропорционал болады.

Қысқаша тұйықталу — электр тізбегіндегі потенциалы әр түрлі нүктелердің мейлінше аз кедергі арқылы өзара электрлік жолмен байланысуы. Қысқаша тұйықталу электрқондырғалары изоляцияларының бүлінуінен, тоқ жүретін бөліктерінің бір-бірімен немесе жермен тікелей, не болмаса өткізгіштер арқылы тиіп жанасудан болады. Токтың қуатты тұтынушылардың бір мезгілде қосу желідегі ток күшін арттыратыны соншалық, сымдар кәдімгідей қызып, ал оны жайып тұрған оқшалауғыштар жанып кетуі де мүмкін. Тізбектегі ток күші мүмкін болатын шамасынан артып кеткенде, қысқа тұйықталу құбылысы пайда болады.

Қысқа тұйықталуды болдырмау мақсатында әртүрлі құралдарда сақтандырғыштар орнатылады.

  • Есептер шығару

Дескрипторлары:

  • Есептің берілгенін жазады;
  • Толық тізбек үшін Ом заңын қолданады;
  • Белгісіз шаманы өрнектейді;
  • Математикалық түрлендірулер мен есептеулер жүргізеді;
  • Жауабын көрсетеді.
  • Кедергісі 2 Ом, ЭҚК-і 1,1 В болатын элементке қосылған өткізгіште 0,5 А ток жүріп жатыр. Элементті қысқа тұйықтаған кезде ток күші қандай болады?

Шешуі:

  • Ток күшінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісін анықтау үшін сызбанұсқа бойынша тізбек құрастырылған. Реостаттың жылжымалы контактісінің қандай да бір қалпында амперметр ток күшін, ал вольтметр кернеуді көрсетті. Контактті аздап бұрағанда амперметр , ал вольтметр Ток көзінің ішкі кедергісі мен ЭҚК-ін табыңдар.

Шешуі: толық тізбек үшін Ом заңы:

Бұдан

Ток көзін өзгертпей, тек реостаттың жылжымалы контактісін бұрау арқылы ток мәні мен кернеу мәні өзгертілгендіктен, екі жағдай үшін ɛ теңестіруге болады:

Осыдан

, В

, В

, А

, А

1

4

3,6

0,5

0,9

1

4,5

2

5,6

5,1

0,8

1,3

1

6,4

3

8,2

7,8

0,94

1,4

0,87

9,02

4

15,1

13,9

0,5

1,2

1,71

15,9

5

16,3

14,7

1,7

2,4

2,3

20,2

  • Егер ішкі кедергісі 0,25 Ом болатын энергия көзін ұзындығы 5 м, қимасының ауданы 0,2 мм2 темір өткізгішпен тұйықтағанда, тізбекте 0,5 А ток пайда болатын болса, ток көзінің ЭҚК-і қандай?

Презентация

Бейнебаян

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/turaqty-ehlektr-togy/lesson/ehlektr-qozhaushy-kush-tolyq-tizbek-ushin-om-zangy

дидактикалық материалдарды оқушыларға тарату

5 мин

Рефлексия «екі жұлдыз, бір тілек»

Үй жұмысы

«Қысқа тұйықталуды болдырмау» эссе жазу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын біледі;

Оқушылардың көбісі:

Толық тізбек үшін Ом заңын қолдана алады;

Кейбір оқушылар:

Қысқа тұйықталу құбылысының қауіптілігін түсіндіре алады.

Сабақ бойынша реф-лексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұ-рыс қойылған ба?

Оқушылардың барлы-ғы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұ-рыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт-тық кезеңдері сақ-талды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз саба-ғыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу