Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Есептер шығару
Толық тізбек үшін Ом заңы
- Батареяның ЭҚК-і 6 В, тізбектің сыртқы кедергісі 11,5 Ом, ішкі кедергісі – 0,5 Ом. Тізбектегі I ток күшін, батарея қысқыштарындағы U кернеуді және батареяның Ur кернеуінің түсуін анықтаңыз.
- ЭҚК-і 12 В болатын аккумуляторға қыздыру шамы мен өзара параллель жалғанған кедергілері 10 Ом болатын екі резисторға шам тізбекетеле жалғанған. Тізбектен өтетін ток 0,5 А-ге тең екіні белгілі, ал шамның кедергісі R/2. Аккумулятордың ішкі кедергісін анықтаңыз.
- Сызбада берілген тізбектегі кедергілер R1=2,9 Ом, R2=7 Ом, R3=3 Ом, ток көзінің ішкі кедергісі 1 Ом. Амперметр 1 А токты көрсетіп тұр. ЭҚК-і мен батарея қысқыштарындағы кернеуді анықтаңыз.
- Ток көзінің ЭҚК-і 3 В, оның кедергісі 1 Ом. Резисторлардың кедергілері R1=R2=1,75 Ом, R3=2 Ом, R4=6 Ом. R4 кедергідегі ток күші қандай?
- Реостат, амперметр және ЭҚК-і 6 В, ішкі кедергісі 2 Ом болатын ток көзінен тұратын тізбекте 0,5 А ток өтіп жатыр. Егер реостат арқылы кедергіні 3 есе кемітетін болсақ, тізбекте қандай ток өтеді?
Қосымша есептер
- Кілт ажыратулы тұрған кезде амперметр 1 А токты көрсетеді. Кілт тұйықталған болса, амперметр қандай токты көрсететін болады? Ток көзінің ЭҚК-і 10 В, ішкі кедергісі 1 Ом, R1=5 Ом, R2=4 Ом, R3 белгісіз.
- Жүктеменің кедергісін 2,5 есе арттырғанда кернеуі 3,5 В-тан 8 В-қа дейін артатын болса, батареяның ЭҚК-і қандай?
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?