Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары. Есептер шығару. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу физика | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Бекешова Л.Д. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары. Есептер шығару | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Электр өрісі,сынақ заряд, нүктелік зарядтың өріс кернеулігі, күш сызықтар, біртекті өріс, суперпозиция принципі,Кулон заңы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Электр өрісі дегеніміз ......... Нүктелік зарядтың өріс кернеулігі........... анықталады Электр өрісінің күштік сипаттамасы ......... Суперпозиция принципі........ білдіреді
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика /есептер шығару барысында/ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | bilimland.kz, презентация Power Point | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 8-сыныптан Кулон заңын;электрлік заряд түсінігін;бірқалыпты қозғалыс кезіндегі және бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі арақашықтық пен уақыт арасындағы байланысты;қозғалыс үшін Ньютонның екінші заңын біледі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
2 мин 6 мин 4мин | Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу және түгелдігін тексеру Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айқындау. Бағалау парақшасымен таныстыру
Өзіндік жұмыс. Физикалық диктант. Тапсырма дискрипторлары:
Оқушы іс-әрекеті. 8-сыныптағы өткен материалдарды еске түсіру мақсатында 5 сұраққа жауап береді. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң жұптарымен парақтарын алмастырып, бір-бірін тексереді. Мұғалім іс-әрекеті. Тапсырманы орындап болған соң сыныппен талқылайды, жұптарының адал тексеруін қадағалайды. Бағалау. Әрбір дұрыс жауапқа мах үш ұпайдан беріледі | Таратпа қағаздар Таратпа қағаздар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5мин 5мин 7 мин 3 мин | Мұғалім іс-әрекеті: Жаңа сабақ бойынша теориялық материалдармен қысқаша таныстыру. Интернет ресурстары арқылы қысқаша бейнероликтер көрсету. Жұптық жұмыс. Оқушы іс-әрекеті. Білімлэнд сайтындағы тапсырмаларды жұппен орындау. Тапсырма дискрипторлары:
Бағалау Интернет ресурстағы тапсырмалардың барлығын орындаса мах 8 ұпайға иелену Мұғалім іс-әрекеті: Оқушылардың тапсырмаларды орындау уақытын қадағалау. Кері байланыс беру Топтық жұмыс. Оқушылар әр түрлі суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді. «Аялдама әдісі» арқылы есептер шығару. Барлығы төрт аялдама болады. Әрбір аялдамада деңгейлік есептер орналасқан. Оқушы іс-әрекеті. Оқушылар өз тобымен бірге әрбір аялдамаға тоқтап, берілген есептерді шығарады. Тапсырма дискрипторлары:
Мұғалімнің іс-әрекеті: Әр топтың тапсырманы ұқыпты орындауын және дұрыс бағалауын қадағалау. Кері байланыс беру Бағалау. Әрбір дұрыс есепке 3 ұпайдан беріледі. Жалпы топтық жұмыста барлығы мах 12 ұпайды құрайды. Топтар бірін-бірі бағалайды | Таныстырылым https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektrostatika/lesson/ehlektr-orisi https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektrostatika/lesson/ehlektr-orisi Таратпа қағаздар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Үй тапсырмасы 8,3 – 8,4 теорияны оқу есептер жинағынан есептер шығару: № 3,58 – 3,66 Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» Оқушы сабақ барысында жинаған ұпай саны мен бағасын талқылайды, қорытындылайды | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: электр өрісі кернеулігі ұғымы мен электрлік өрісінің күш сызықтары біледі. электр өрісінде зарядтың қозғалысы сипаттай алады. Біртекті және біртекті емес өрістерді ажырата алады. Суперпозиция принципін есеп шығару барысында қолдана алады. А-деңгейіндегі есептерді шығара алады. Кейбір оқушылар академиялық тілде барлық анықтамаларды жатқа жаза алады. Электр өрісінің күштік сипаттамасын түсіндіріп, талдай алады. В-С деңгейіндегі есептерді шығара алады. | Өзіндік жұмыста бірін-бірі бағалауы Жұптық жұмыста интернет ресурсы тапсырмасынан жинаған ұпайы Топтық жұмыста топпен бірін-бірі бағалауы Сабақтың соңында оқушының сабақ барысында жинаған ұпай санын есептеп, қорытындылауы Кері байланысы арқылы оқушының нені түсінгендігін тексеру | Денсаулық сақтау технологиялары. Үзіліс кезінде сынып терезелерін ашып желдету Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Топтық жұмыс жасау барысында сыныпта тәртіп сақтау: жүгірмеу, бір-бірін сыйлау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?