Газдардағы электр тогы. Вакуумдегі электр тогы. Электронды-сәулелік түтікше. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


 Сабақ жоспары

 

Пәні : Физика

Щымкент қаласы ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалімнің аты-жөні: Абуов Е.А.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Газдардағы электр тогы. Вакуумдегі электр тогы. Электронды-сәулелік түтікше.

Осы сабақта жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.7 – Газдағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау;

10.4.3.8 – Электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру.

Бағалау критерийі

Газдардығы электр тогын сипаттап талдайды,

Вакуумдағы электр тогын сипаттайды;

Электронды-сәулелік түтікшенің құрылымын және тұрмыста қолдануын біледі.

Тілдік мақсаттар

Тілді оқыту мақсаты:

Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштікті туралы айту мәдениетін қалыптастыру.

Пәнге қатысты қор мен терминдер: Асқынөткізгіштік, температуралық коэффициент, заттың меншікті кедергісі, электрон, спин.

Қазақша

Руский

English

Газдағы электр тогы

Электрический ток в газе

Electric current in gas

Вакуумдағы электр тогы

Электрический ток в вакууме

Electric current in a vacuum

Анод

Анод

Anode

Электронды-сәулелік түтікше

Электронно-лучевая трубка

Electron beam tube

Катод

Катода

Cathode

Құндылықтарды баулу

Металл өткізгіштердің өнеркәсіпте, шаруашылықтарда, энергетика және т.б. салаларда қолданудың маңызын түсінуге баулу

Пәнаралық байланыс

Математика (график) химия (заттар) пәнімен байланыс.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы (8 сынып).

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

7 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсаты мен тақырыбын орнату.

Психологиялық ахуал : «Достық шеңбері»

Активити: «FIND YOUR PAIR» әдісі арқылы тілдік мақсаттарды игеру.

Қосымша №1

Ортасы

10 мин

5 мин

15 мин

5 мин

Жаңа білімді игеру. «Жеке, жұпта» әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен меңгереді.

Bilim-land.kz сайтының көмегімен жаңа сабақта алған білімдерін бекіту.

«Сағат әдісі» арқылы оқушылар таратып берілген қағаздарға бүкіл сыныпқа сұрақтар даярлайды. Сабақ соңында бір-бірінен интервю арқылы сұрақтарға жауап алады.

Оқушылар өздері сыныптастарының жауаптарына кері байланыс береді. Сыныппен талдайды.

Таратпа материал

Таратпа материал

Аяғы

3 минут

Кері байланыс: «Түйінді ой»

Жаңа материалды қаншалықты меңгергенін бағалайды

Бүгін мен . . . таныстым.

Мен үшін . . . шама жаңалық.

Тақырыптағы ең . . . қызық болды.

Болашақта . . . көбірек білгім келеді

«Не жақсы?»» стратегиясы 

Үй тапсырмасы: Газдардағы электр тогы

Сызба стикер

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру үшін қолданатын әдіс тәсілдерді жазыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы,қол жетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен ?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді

(оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Қосымша №1

Қазақша

Руский

English

Газдағы электр тогы

Электрический ток в газе

Electric current in gas

Вакуумдағы электр тогы

Электрический ток в вакууме

Electric current in a vacuum

Анод

Анод

Anode

Электронды-сәулелік түтікше

Электронно-лучевая трубка

Electron beam tube

Катод

Катода

Cathode

Қосымша №2

Газдағы электр тогы. Газдың электр өткізгіштігі, сыртқы әсерге, газ күйіне тәуелді. Көбіне газ ретінде ауаны қарастырамыз, Қалыпты жағдайда, ауа диэлетрикке жатады. Ауа ток өткізу үшін, сырттан әсер ету қажет. Сыртқы әсерден, ауа молекулалары ионға және электронға бөлінеді.

(Сурет 17. –те сыртқы ионизатор әсерінен бейтарап газ молекуласы , оң ионға және электронға бөліну процесі көрсетілген.)

Оң ион мен электрон қосылып , қайтадан бейтарап молекула түзу процесін рекомбинация деп аталады.

Газдағы электр тогы -газ разряды болу үшін , сырттан энергия келу қажет. Келген энергияның түріне және разрядтың өтуіне қарай, газ разрядының аталуы да әр түрлі болады.

Разряд ионизатордың көмегімен өтетін болса –тәуелді, сыртқы әсердің көмегінсіз өтетін болса –тәуелсіз деп аталады. Еркін зарядтар пайда болатын процестің жеке бір жағдайын түсіндірейік. Ауа молекулалары, ионизатордың әсерінен кинетикалық энергиясын арттырады. Ретсіз қозғалған молекулалар , бір-бірімен соқтығысу кезінде, молекуланың кинетикалық энергиясы, ионизация жұмысынан (молекуланың иондалу жұмысынан) үлкен болса, молекула иондалады.

немесе кейде жоғарғы электр өрісінің әсеріненде, молекула иондалуы мүмкін.

Газ разрядының табиғаты.

Газ разрядын зерттеу үшін, төменгі қысымдағы ауасы бар түтікшені алып, тізбектегі ток күшінің, электродтар арасындағы потенциалдар айырымына тәуелділігін анықтау керек.сурет 18.

Ионизатордың әсерінен түтікше ішінде, еркін зарядтар (оң ион және электрон) пайда болып, тізбекте ток пайда болады.

Графиктен, тізбектегі ток күші АВ аралығында өскенін, ВС аралығында тұрақты, СД аралығында қайтадан өскенін көруге болады. АВ аралығында токтың өсуін, электродтарға жетуші зарядтардың өсуімен түсіндіруге болады.

ВС аралығын қанығу тоғы деп аталады, АС аралығы тәуелді разряд, себебі бұл аралықта разряд ионизатордың көмегімен болады. СД аралығында тәуелсіз разряд болады.

Тәуелсіз разрядтарының түрлері.

Ионизатордың көмегінсіз болатын газ разрядтары негізгі ерекшеліктерін қарастырайық.

а) солғын разряд –шыны түтікше төменгі қысымдағы газбен толтырылады. Электр өрісінің әсерінен үлкен кинетикалық энергия алған электрон, бейтарап атоммен соқтығысып, атомды қоздырады..Қозған атом қалыпты жағдайға өткен кезде, артық энергиясы жарыққа түрленіп, анод пен катодтың арасында жарық бағаны пайда болады..

в) Ұшқын разряд- қалыпты атмосфералық қысымда үлкен потенциалға дейін зарядталған денелердің арасында пайда болады. Ұшқын разрядқа мысал найзағай болып есептелінеді. Потенциалы 1000000В –қа дейін жететін бұлттардың арасында зарядталған бөлшектердің ағыны пайда болады. Қазірше ұшқын разрядты пайлалу мүмкіндігі болмай тұр.

с)Доға разряды-қалыпты атмосфералық қысымда, төменгі кернеулі ток көзіне жалғанған екі өткізгіш арасында пайда болады. Кедергісі үлкен өткізгіш жоғары температураға дейін қызып, үлкен жылу бөлінеді. Доға разрядына мысал, электр пісіргіш (сварка).

д) тәж разряды-қалыпты атмосфералық қысымда ұшы сүйір денелер зарядталғанғанда , оны қоршаған ауа молекулалары жоғары кернеуліктің әсерінен бір-бірімен соқтығыса бастайды. Нәтижеде ауа молекулалары қозып, қосымша энергия, жарыққа түрленеді..

Вакуумдағы электр тогы. Вакуумды төменгі қысымдағы сиретілген газ деп атаса да болады.Өйткені толық бос кеңістікті алу мүмкін емес.Кейде вакуум деп-молекула немесе атомның еркін жолы ыдыс өлшеміне тең кеңістікті атайды. Вакуумда орналасқан екі электрод арасында ток болу үшін, электродтың біреуін қыздырып (катод), термоэлектрондық эмиссия құбылысын пайдаланып еркін электр зарядын алу қажет. Демек вакуумда электр тогын түзуші- электрон болып есептелінеді.сурет 20.

Электрондық лампа –диод. Шыныдан немесе металлдан жасалған баллон ішіне екі электрод енгізіледі.сурет 20 және сурет 21

Лампа: А-анодтан, К-катодтан және Қ-қыздырғыштан тұрады.

Қыздырғыш, төменгі кернеулі айнымалы ток көзіне қосылады. Қыздырғыштан бөлінген жылу мөлшері, катодты қыздырады, нәтижеде катод бетінен электрондар бөлініп шығады.Катод пен анод арасындағы потенциалдар айырымы әсерінен электрондар анод бағытына үлкен үдеумен қозғалады. Лампа екі электродтан тұратындықтан- диод деп атайды.Диод токты біржақты өткізеді. Диодтың вольт амперлік графигінен , диод біржақты өткізетінін көруге болады. Егер диод электродтарын керісінше қосатын болсақ (катодты ток көзінің оң полюсіне, анодты теріс полюсіне) тізбекте ток болмайды. сурет 21

графиктен анодтық ток температураға тәуелді екенін білеміз.Температура жоғары болған сайын анодтық ток күші жоғары болады.

Электрондық лампа диод- айнымалы токты түзету үшін пайдаланады. Электрондық лампа жоғарғы кернеулі үлкен қуатты радиотехникалық құрылғыларда пайдаланады.

Қәзіргі кезде электрондық лампаның орнына жартылай өткізгіштерді қолдануда.

Қосымша №3

Абдыкерімова

Аяжан

Акимжан

Каусар

Амантай

Ерасыл

Елтай

Арман

Жақсылық

Әлиасқар

Құралбай

Аида

Махамбет

Айдос

Мурат

Дінмухамет

Шүкірхан

Рахат



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу