Электролиттердегі электр тогы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әртүрлі ортадағы электр тогы

Мектеп: Өскемен ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электролиттердегі электр тогы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын қолдана отырып, есептер шығару

 Сабақ

 мақсаттары

Электролит дегеніміз не екенін білу

Фарадейдің бірінші және еккнші заңдарын білу

Электролиз заңдарын есеп шығаруда қолдана алу

 Жетістік

 критерийлері

Білу және түсіну: электролит дегеніміз не және ондағы электр тогын тасымалдайтын бөлшектер туралы білу

Қолдану: Фарадей заңдарын есеп шығару барыснда қолдану

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электролиз

electrolysis

Электролит

electrolyte

Электрохимиялық эквивалент

Electrochemical equivalent

Фарадей тұрақтысы

The Faraday constant

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Электролит дегеніміз ...

Электролиз дегеніміз ...

Валентілік дегеніміз ....

Электрохимиялық эквивалент дегеніміз ....

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады. Оқушылардың пәнге деген ынтасын және қабілетін дамыту, оларды алғырлыққа дәлдікке, зеректілікке, шапшаңдыққа баулу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математикалық сауаттылық, химия

 АКТ қолдану

 дағдылары

Слайд көрсетуде және Bilimland.kz сайтын пайдалану барыснда қолданылады

Бастапқы білім

Бұл тақырып бойынша алғашқы білімдері 8 сыныпта «әртүрлі ортадағы электр тогы» тақырыбы бойынша таныс

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыларға таныстыру

Слайд

Сабақтың ортасы

3 минут

10 минут

5 минут

5 минут

15 минут

Химия пәні бойынша тақырыпқа қатысты қандай да бір мәлімет білетінін немесе білмейтіндігін анықтау үшін БББ толтырту қажет (басындағы бірінші қатарды. «Білемін»)

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Электролит дегеніміз не?

Иондар дегеніміз не?

Электролиз дегеніміз не?

Электрохимиялық эквивалент дегеніміз не?

Деген сұрақтарға жауап іздету үшін кітапты немесе таратпа материал пайдаланыңыз. Оқушылар өз беттерімен оқулары қажет.

Фарадейдің І және ІІ заңдарын түсіндіру(формуланы қортып шығарып беру)

Видеоматериал көрсетіңіз және соңынан талқылаңыз.

(Егер мүмкіндігіңіз болса, осы видеоның орынына тәжірибе жасатып көрсетіңіз.)

Есеп шығару

Есептер жинағынан №887, 879, 880, 881, 885

№1

10А ток өткізіп 20 г алюминий алу үшін электролиз процесі қанша уақытқа созылуы керек?

№2

Тәжірибе кезінде катодтан 4А ток өткенде, 20 мин ішінде массасы 1,5 г күміс бөлінді. Осы мәліметтерге сүйене отырып мыстың электрохимиялық эквивалентін анықта.

№3

Тотияйын ерітіндісін электролиздеу кезінде 30 мин ішінде 5 г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай?

№4

1. Бұйымдарға күміс жалату үшін 15 мин бойына 5А токты пайдаланды. Осы уақыт ішінде күмістің қанша мөлшері жұмсалды?

Таратпа материал

Слайд

Слайд

Вижеоматериал немесе қажетті құрал-жабдықар

Рымкевич

Сабақтың соңы

1 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Қалған екі графаны толтыртыңыз

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу