Электролит ерітіндісіндегі электр тогы. Электролиз заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4.3 Әр түрлі ортадағы электр тогы | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалім: | |||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Электролит ерітіндісіндегі электр тогы. Электролиз заңы. | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану; | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Электролит ерітіндісінің электродында тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде жүретін электролиз процесін талдау, электролиз процесінің өндірісте қолданылуын зерттеу. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар Электролиз процесінің ғылыми-теориялық негіздемесін сипаттай алады. Сипаттауда келесі сөздер қолданады: Cathode, Anode, Ions, Oxidation, Anions, Cations, Selection Products және т.б. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | - тапсырма мазмұны арқылы топтық және жұптық жұмыстар ұйымдастыруда қарым-қатынас мәдениетін дамыту (құрмет, ынтымақтастық, жауапкершілік); - сын тұрғысынан ойлана алатын, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Жаһандық азаматтық: өз елімен бүкіл азамзат игілігі үшін қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ақпаратты интербелсенді тақта көмегімен презентациялау. | |||||||||||
Пән аралық байланыстар | Химия курсынан иондар мен атомдардың құрылысын біледі. | |||||||||||
Бастапқы білімі | 8 сынып: тұрақты электр тогы тізбегі, Ом заңы, электр тогының сипаттамалары, электр тізбегі элементтері, электр энергиясы мен қуаты, термисторлар мен фоторезисторлар. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақ бөлімдері | Сабақ барысында жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Әдіс-тәсілдер: «Көзбен сәлемдесу». Цель: сәлемдесу, жағымды орта қалыптастыру. Мұғалім сөзі: - Мен әрбіріңізбен сәлемдесемін. Тек қолыммен емес, үнсіз ғана көзіммен.Сол мезетте бүгінгі көңіл-күйлеріңізді көздеріңізбен көрсетіңіздер. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 2 мин 2 мин 20 мин 12 мин |
Үй жұмысын тексеру: мұғалім үй жұмысын тексереді.
Сабақтың мақсатын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талдау. Әдіс-тәсіл: Интербелсенді тақтада ұсынылған презентацияны қолданып мұғалім оқушылармен бірге оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талдайды және де оқушылар «Болжам» әдісінің негізінде сабақ соңындағы жетістіктері туралы болжам жасап, пікір білдіреді. Жұмыс түрі: Жеке жұмыс. Оқушылармен бірге физика сыныбындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін талдау. Жаңа тақырыпты меңгеру. Әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл» әдісі, Сұрақтар: 1) Қандай денелер өткізгіш деп аталады? 2) Сұйық металлдарда өткізгіштіктің қай түрі орын алады? Электролит ерітінділерінде (тұздар, қышқылдар және негіздер) электр өрісінің әсерінен қарама-қарсы бағытта қозғалатын оң және теріс иондар арқылы электр заряды тасымалданады. Талдау және зерттеу ұйымдастыру мақсатында диалогтық оқыту әдісі қолданылады. Мұғалім презентация көмегімен келесі мәселелер төңірегінде оқушылар арасында сұхбат ұйымдастырады: электролиттік диссоциация, диссоциация дәрежесі, рекомбинация, электролиттер, Фарадей заңы. Жұмыс түрі: сынып көлемінде. Бағалау: мұғалім комментарийі, кері байланысы. Жаһандық азаматтық: адамзат игілігі үшін электролиз процесінің өндірісте қолданылуына талдау жасау. Өтілген тақырыпты бағалау. Әдіс-тәсілдер: Есептер шығару. Оқушыларға таратпа материалдар берілдеі. Жұмыс түрі: жеке жұмыс.. Бағалау: өзін-өзі бағалау. Оқушылар тапсырма соңын дескрипторлары бар бағалау критерийлері арқылы бағалауға қатысады. | Техникалық қауіпсіздік ережесі Презентация Интербелсенді тақта Қосымша 1 Қосымша 2 | ||||||||||
Сабақ соңы 7 мин | Рефлексия «Болжам» әдісінің негізінде мұғалім оқушылардан сабақ басында жасаған болжамдарының қаншалықты орындалғандығына талдау жасауларын сұрайды. Өтілген тақырыпты жалпылау. Әдіс-тәсілдер: бармақ әдісі. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпта өтілген материалдарды қорытындылайды. Мұғалім оқушыларға тақырыпқа байланысты өзекті ақпараттарды кезегімен келтіреді. Оқушылар өз кезегінде бармақтары арқылы белгі береді. Бас бармақ жоғары көтерілген – мен түсіндім, бас бармақ қапталға бағытталған – менің түсінбегем тұстарым бар, қолын сермесе – мен мүлде түсінбедім. Оқушылардың кері байланысы арқылы мұғалім тақырып бойынша оқушыларға сөз беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Бағалау: өзін-өзі бағалау, қалыптастырушы бағалау, мұғалім комментарийі Үй жұмысы. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақ барысында оқушылардың денсаулықтарын сақтау және жақсарту мақсатында сергіту сәттері ұйымдастырылады. Сергіту сәті сабақ жоспарына енгізілмейді және сабақтың кез келген бөлігінде қолданылуы мүмкін. | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?