file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Зертханалық жұмыс «жартылай өткізгішті диодтың, қыздыру шамының және резистордың вольт-амперлік сипаттамасы». Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Тәжірибе №1

Қыздыру шамының вольт-амперлік сипаттамасын алу

Тәжірибенің мақсаты: қыздыру шамының вольт-амперлік сипаттамасын ала отырып, Ом заңына тәуелділігін зерттеп қорытынды жасау.

Құрал жабдықтар: екі мультиметр (бірі амперметр үшін 200 мА келтірілген, екіншісі вольтметр үшін 20 В келтірілген), 12 В ток көзі, қыздыру шамы, кілт.

Жұмыс барысы:

1.Суретте көрсетілген тізбекті жинақта.

2. Тізбекті жинап болғаннан кейін мұғалімге немесе лаборантқа тексерт.

3. Компьютерден excel бағдарламасын ашып ток күші мен кернеудің алынған нәтижесін жазатын ұяшықтарыңды анықта.

4. Кернеуді 0-ден 12 В аралығында (кем дегенде алты мән өсу ретімен алынуы қажет) өзгерте отырып кернеудің және сол кернеуге сәйкес ток күшінің мәнін excel бағдарламасында даярлап алған ұяшыққа енгіз.

5. Алынған мәліметтер бойынша I(U) тәуелділік графигін тұрғыз.

6. Қорытынды жаз. Және топта талдап ең негізгі түйінді 2-3 сөйлеммен сыныпқа жеткіз.

Тәжірибе №2

Жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасын алу

Тәжірибенің мақсаты: қыздыру шамының вольт-амперлік сипаттамасын ала отырып, Ом заңына тәуелділігін зерттеп қорытынды жасау.

Құрал жабдықтар: екі мультиметр (бірі амперметр үшін 200 мА келтірілген, екіншісі вольтметр үшін 20 В келтірілген), 12 В ток көзі, жартылайөткізгішті диод, кілт.

Жұмыс барысы:

1.Суретте көрсетілген тізбекті жинақта.

2. Тізбекті жинап болғаннан кейін мұғалімге немесе лаборантқа тексерт.

3. Компьютерден excel бағдарламасын ашып ток күші мен кернеудің алынған нәтижесін жазатын ұяшықтарыңды анықта.

4. Кернеуді 0-ден 0,8 В аралығында (кем дегенде алты мән өсу ретімен алынуы қажет) өзгерте отырып кернеудің және сол кернеуге сәйкес ток күшінің мәнін excel бағдарламасында даярлап алған ұяшыққа енгіз.

5. Алынған мәліметтер бойынша I(U) тәуелділік графигін тұрғыз.

6. Қорытынды жаз. Және топта талдап ең негізгі түйінді 2-3 сөйлеммен сыныпқа жеткіз.



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу