№8 Зертханалық жұмыс: «қыздыру шамының, резистордың және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы». Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
№8 зертханалық жұмыс
«Қыздыру шамының, резистордың және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы»
Деңгей: базалық.
Зерттелетін тақырып: Электр тогы.
Мақсаты: ток күші мен кернеудің өзара тәуелділігін график түрінде ұсыну.
Қолданылатын ұғымдар: электр тогы, ток күші, кернеу, резистор, Ом заңы.
Құрал-жабдықтар:
Сурет 1 Сурет 2
1-ші суретте көрсетілген электр тізбегі құрастырылады. Электр тізбегіне өлшеуіш құралдар жалғанады (Сурет 2).
Жұмыстың орындалуы
1 тәжірибе. Резистордағы ток күші мен кернеудің өзара тәуелділігін зерттеу.
- Тізбекті тұйықтаңыз.
- Ток көзін қосыңыз. Кедергісі 50 Ом (R1) резистордың кернеуін 0 В-тан 10 В-қа арттыра отырып, әрбір кернеудің өзгерісі 2 В кезіндегі ток күші мен кернеу мәнін 1-ші кестеге енгізіп отырыңыз.
- Алдыңғы нұсқаулықты кедергісі 100 Ом (R2) резистор үшін қайталаңыз.
- Ток көзін сөндіріңіз.
Сурет 3
2 тәжірибе. Қыздыру шамындағы ток күші мен кернеудің өзара тәуелділігін зерттеу.
- Электр тізбегіндегі резистордың орнына шектік кернеуі 12 В қыздыру шамын орнатыңыз және ток көзін қосыңыз.
- Тізбекті тұйықтаңыз.
- Ток көзін қосыңыз. Кедергісі 50 Ом (R1) резистордың кернеуін 0 В-тан 10 В-қа арттыра отырып, әрбір кернеудің өзгерісі 2 В кезіндегі ток күші мен кернеу мәнін 2-ші кестеге енгізіп отырыңыз.
- Алдыңғы нұсқаулықты кедергісі 100 Ом (R2) резистор үшін қайталаңыз.
- Ток көзін сөндіріңіз.
Сурет 4
3 тәжірибе. Жартылайөткізгішті диодтағы ток күші мен кернеудің өзара тәуелділігін зерттеу.
- Электр тізбегіндегі қыздыру шамының орнына жартылайөткізгішті диод орнатыңыз.
- Электр тізбегіне кедергісі 50 Ом резисторды тізбектей жалғаңыз.
- Тізбекті тұйықтаңыз.
- Ток көзін қосыңыз. Кедергісі 50 Ом (R1) резистордың кернеуін 0 В-тан 10 В-қа арттыра отырып, әрбір кернеудің өзгерісі 2 В кезіндегі ток күші мен кернеу мәнін 2-ші кестеге енгізіп отырыңыз.
- Алдыңғы нұсқаулықты кедергісі 100 Ом (R2) резистор үшін қайталаңыз.
- Ток көзін сөндіріңіз.
Сурет 5
Өлшеу нәтижелері
1 кесте
U, В |
|
|
|
| |||||||||
0 | 0 | 0 | - | - | |||||||||
2 |
|
|
|
| |||||||||
4 |
|
|
|
| |||||||||
6 |
|
|
|
| |||||||||
8 |
|
|
|
| |||||||||
10 |
|
|
|
|
2 кесте
U, В |
|
|
|
| ||||||||
0 | 0 | - | ||||||||||
2 |
|
| ||||||||||
4 |
|
| ||||||||||
6 |
|
| ||||||||||
8 |
|
| ||||||||||
10 |
|
|
- 1-ші кестедегі резистор кернеуінің ток күшіне қатынасын есептеңіз.
- Кернеу мен ток күшінің қандай қатынасын алдыңыздар?
________________________________________________________________________________
Бұл қатынас Ом заңы деп аталады.
- Ом заңының пропорционалдық коэффициенті кедергі деп аталады. Кедергі – өткізгішті сипаттайтын физикалық шама. Екі резистор үшін кернеудің ток күшіне қатынасы ерекшеленеді. Ерекшелігін сипаттаңыздар.
________________________________________________________________________________
- Бақыланған ерекшеліктердің болу себебін түсіндіріңіздер.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- 1-кестені пайдаланып әрбір резистор үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін тұрғызыңыздар (Сурет 6).
Сурет 6
- 2-ші кестені пайдаланып қыздыру шамындағы және жартылайөткізгішті диодтағы ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін тұрғызыңыз (Сурет 7 және 8). Сызықтық тәуелділік ала алдыңыз ба? Ом заңы орындалады ма?
__________________________________________________________________________________
- Графиктің бұл түрлерін түсіндіріңіз?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Сурет 7
Сурет 8
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?