Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і. Физика, 10 сынып, қосымша материал 1.
Қосымша 2
Сапалық сұрақтар мен тапсырмалар:
- Нихром өткізгішті дәл осындай өлшемді тұрақты өткізгішпен алмастырды. Осы кезде тақтайшаның қуаты қалай өзгерді? (Тақтайшаның қуаты артты)
- Ұзақ уақыт жұмыс атқарған шамның қуаты қалай өзгереді? (Шам қуаты азаяды, себебі жұмыс барысында вольфрам сымдары қызады, ауданының қимасы азаяды, кедергі артады.)
- Тұрақты кернеуге жалғанған өткізгіште жылу мөлшері ұзындығын екі есе кеміткенде, ұзындығын төрт есе арттырғанда қалай өзгереді? (Жылу мөлшері екі есе артады. Өткізгіш ұзындығын төрт есе арттырғанда жылу мөлшіре төрт есе азаяды.)
- Электр тогының жұмысы өткізгішті ,қимасының ауданы екі есе үлкен сымға алмастырғанда қалай өзгереді? (Электр тогының жұмысы екі есе артады)
- Екі шамды алдымен тізбектей кейін параллель жалғады. Егер шамдар 200 В кернеуге жалғанған болса, қай кезде қуат көбірек бөлінеді?( Тізбектей жалғағанда жалпы кедергі 2R, ал параллель жалғанғанда жалпы кедергі R/2. Демек, параллель жалғағанда қуат тізбектей жалғағанға қарағанда төрт есе көбірек.)
- Екі шамды алдымен тізбектей кейін параллель жалғады. Егер шамдарды 200 мА ток күшіне жалғағанда қай кезде қуат көбірек болады? (Тізбектей жалғағанда жалпы кедергі 2R, ал параллель жалғанғанда жалпы кедергі R/2. Демек, параллель жалғағанда қуат тізбектей жалғағанға қарағанда төрт есе аз.)
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?