Кирхгоф ережесі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Электр тізбегі электр тогының жүруіне жағдай жасайтын электротехникалық құрылғының бөлігі

Тармақ - бойымен бір бағытта, бір мәнді ток өтетін электр тізбегінің бөлігі.

Контуркез келген бірнеше тармақтың тұйықталуынан тұратын электр тізбегі

Түйін – тізбекте кем дегенде үш өткізгіш тоғысатын нүкте

  • Түйіндер – Жалпы жағдайда кем дегенде үш өткізгіш тоғысатын нүктелерді түйіндер деп атаймыз.
  • Кирхгоф заңдары – бұл электр тізбектеріндегі ток пен кернеудің арақатынасын көрсететін ережелер. Ол Ом заңының күрделі емес жалпылануы болып табыладыКирхгоф заңдары – бұл электр тізбектеріндегі ток пен кернеудің арақатынасын көрсететін ережелер. Ол Ом заңының күрделі емес жалпылануы болып табылады
  • Электр тізбегінің түйіндік нүктесіне келетін токтардың қосындысы , осы түйіннен шығатын токтардың қосындысына тең.
  • Электр тізбесінің тұйық сұлбасындағы барлық ЭҚК қосындысы , сол сұлбадағы кедергіге түсетін кернеудің қосындысына тең.

Кирхгофтың бірінші заңы екі тұжырымдамадан тұрады. Бірінші тұжырымдамада – түйінге кіретін токтың алгебралық қосындысы нолге тең болады. Алгебралық ток олардың мәнінің есебімен алынады, демек оң және теріс токтар есепке алынады. Ток түйініне кіретін ток – оң, ал түйіннен шығатын ток – теріс белгіге ие. Екінші тұжырымдамада – түйініне кіретін ток ҕосындысы түйіннен шығатын ток қосындысына тең болады. Кирхгофтың бірінші заңының физикалық мағынасы кез келген тізбек бойында қозғалатын электр зарядтары оның ешқандай түйінінде жиналып қалмайды деп айтылады.

Токтардың үзіліссіздік заңы: түйінге кіріп жатқан ток күштерінің қосындысы түйіннен шығып жатқан ток күштерінің қосындысына тең:

∑Ii=∑Ii Кирхгофтың І ережесі.

Кез келген тұйықталған контурда кедергілердегі кернеудің түсулерінің қосындысы осы контурдағы ЭҚК-тердің қосындысына тең болады.

∑εi=∑Ui Кирхгофтың ІІ ережесі.

А түйінінде: I1=I3+I5

С түйінінде: I1=I2+I4

М түйінінде: I3=I4+I6

ВСКМОАВ контуры үшін:

ε1- ε2+ ε3=I1r1+I1R1+I2r2+I6R3+I3r3

СDЕМС контуры үшін:

ε 4+ ε2=I4r4-I6R3-I2r2

∑Ii=∑Ii Кирхгофтың І ережесі.

∑εi=∑Ui Кирхгофтың ІІ ережесі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу