Кирхгоф ережелері. Токтың жұмысы мен қуаты Есептер шығару. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары 10сынып.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3А – Тұрақты ток | Мектеп: | |||||
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 10
| Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Кирхгоф ережелері. Токтың жұмысы мен қуаты Есептер шығару | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2.6 - тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар орындай алады: - Кирхгоф ережелері. Токтың жұмысы мен қуаты жайлы мағлұмат біледі Кирхгоф ережелерін және токтың жұмысы мен қуатының формулаларын есептер шығаруда қолданады
| |||||
Жетістік критерийлері: Білу Түсіну Қолдану Анализ Синтез Бағалау
| Оқушыларды бағалау үшін тармақталған электр тізбектерін қолданып, әрбір тармақтардағы ток күшінің шамасын анықтауға тапсырмалар қолдануға болады. Оқушылар жеке жұмыс жасауы қажет. Қалькулятор қолдануға болады. Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: Кирхгоффтың 1,2 заңының формуласын біледі; Кирхгоффтың 1,2 заңының формуласын қолдана алады; Тізбек бөлігін токтың бағытын талдай отырып, ток шамасын анықтай алады; Есептеулерді қателіксіз дұрыс орындайды. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология: Вольт-амперлік сипттамалар тұрақты температурадағы металл өткізгіш шала өткізгішті диод қыздыру шамы Ом заңы Омдық(металл) өткізгіш омдық емес(қыздыру шамы,жартылай өткізгіш) өткізгіш кедергі тура пропорционалды сызықтық, түзу сызықтыемес Диалогқа/жазуға қажетті сөз Тіркестері: Тұрақты температурадағы металл өткізгіштер үшін / U-ге пропорционал (Ом заңы) Қыздыру шамы мен жартылай өткізгішті диод омдық емес әрекет көрсетеді. Шала өткізгішті диод бір бағытта өте төмен кедергімен өткізеді және басқа бағытта өте үлкен кедергіге ие. Температурасы…. болғандықтан Кедергі ... График сызықты емес, өйткені … өткізгіш болып табылады График сызықты (координат басы арқылы өтетін түзу), өйткені... | |||||
Құндылықтарды дарыту
| 1.Тұжырымдамалар мен қорытындыларды экспериментальды дәлелдеуді қарастыратын зерттеу дағдыларын қалыптастыру және логикалық ойлауды дамыту; 2. Топта жұмыс істей білуге, сондай-ақ рольдік ойындарды жүргізе білуге көмектесетін дағдыларды дамыту. Сынды құрметпен және байсалды қабылдай отырып, басқалардың жұмысын сынай білу қабілеті; | |||||
Пәнаралық байланыстар | Математика | |||||
АКТ қолдану дағдылары |
| |||||
Бастапқы білім | § 9.1.-9.5. Толық тізбек үшін Ом заңына арналған есептер шығару. Ток көзінің ЭҚК-ін және оның ішкі кедергісін анықтау | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин
| Мұғалімнің қызметі: сабақтың мақсат және міндеттерімен таныстырады; Оқушының қызметі: қайталау сұрақтарына жауап береді. Бағалау: Заңдылықтарды тұжырымдап айта алады; Формулаларын дұрыс жазады; Математикалық түрлендірулер орындауды біледі. Токтардың үзіліссіздік заңы: түйінге кіріп жатқан ток күштерінің қосындысы түйіннен шығып жатқан ток күштерінің қосындысына тең: ∑Ii=∑Ii Кирхгофтың І ережесі. Кез келген тұйықталған контурда кедергілердегі кернеудің түсулерінің қосындысы осы контурдағы ЭҚК-тердің қосындысына тең болады. ∑εi=∑Ui Кирхгофтың ІІ ережесі. | http://festival.1september.ru/articles/655257/ Кирхгофф заңдарына есептер: https://www.youtube.com/watch?v=SYtHJTUgX9M немесе | ||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 15 мин | Схемалық тапсырма 1 Мұғалімнің іс-әрекеті: Берілген сызба бойынша Кирхгоф ережесін қалай қолдануға болады? Оқушының іс-әрекеті: Сызба бойынша Кирхгоф ережелерін жазады: А түйінінде: I1=I3+I5 С түйінінде: I1=I2+I4 М түйінінде: I3=I4+I6 ВСКМОАВ контуры үшін: ε1- ε2+ ε3=I1r1+I1R1+I2r2+I6R3+I3r3 СДЕМС контуры үшін: ε 4+ ε2=I4r4-I6R3-I2r2 Тапсырма 2 Мұғалімнің іс-әрекеті: Венн диаграммасы бойынша бағандарды толтырыңыз Оқушының іс-әрекеті: Тақтаға ілінген Венн диаграммасының сызбасын толтырады. Екі бағанға ортағы: Кирхгофтың ережелері, тізбектерге есептеулер жүргізгенде пайдаланылады. І ережесі бойынша тұжырымдамасы:Түйінге кіріп жатқан ток күштерінің қосындысы түйіннен шығып жатқан ток күштерінің қосындысына тең. Формуласы ∑Ii=∑Ii ІІ ережесі бойынша тұжырымдамасы: Кез келген тұйықталған контурда кедергілердегі кернеудің түсулерінің қосындысы осы контурдағы ЭҚК-тердің қосындысына тең болады. Формуласы ∑εi=∑Ui Тапсырма 3 Есептер шығару 1.Егер 0,4 с ішінде қимасы 1,2 мм2 өткізгіш арқылы 6*1018 электрондар өтсе, токтың тығыздығы қандай? 2.20 Ом кедергі алу үшін кедергісі 24 Ом болатын өткізгішке қандай кедергі қосу керек және қалай қосу керек? 3.Берілгені: Электр тізбегі берілген. Кирхгофтың І және ІІ-заңы бойынша қанша теңдеу құруға болады? Теңдеулер құру. Е1=80В, Е2=64В, R1=6Ом, R2=4Ом, R3=3Ом, R4=1Ом Табу керек: I1, I2, I3 – ? Шешуі: Кирхгофтың 1-ші заңы бойынша 1 теңдеу құрылады, себебі у-1, у – түйін саны 2-ге тең. а түйіні үшін: I1+I2-I3=0 немесе I1+I2=I3 Кирхгофтың 2-ші заңы бойынша 2 теңдеу құрылады, себебі в-у+1, у – түйін саны 2-ге тең, ал в – тармақ саны 3-ке тең. Олай болса 3-2+1=2 dавс контуры үшін: E1+E2=I1R1-I2R2 аегв контуры үшін: E2=I2R2 –I3R3 Есепті шешу. Электр тізбегі берілген. Кирхгофтың 1-ші және 2-ші заңын пайдаланып оқушылар теңдеулер құру керек Бақылау сұрақтары: Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды Кирхгофтың бірінші заңы тізбектің қандай бөлігі үшін жазылған? Кирхгофтың екінші заңы тізбектің қандай бөлігі үшін жазылған? Кирхгоф заңдарының физикалық мағынасы қандай ? Қабылдағыш режимінде жасап тұрған энергия көздерін қалай сипаттауға болады? Генератор режимінде жасап тұрған энергия көздерін қалай сипаттауға болады?
| Презентация «Кирхгоф ережелері» Зерханалық жұмысты орындау барысында «Рhywe»- нің әдістемелік құралын қолдану С.Тұяқбаев,Ш.Тынтаева,Ж.Бақынов «Физика есептер жинағы-10» Қосымша 1 | ||||
Сабақтың соңы 10 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үйге тапсырма: § 9.6. Е.Ж.-10сынып № 3.283.—3.285. (124-бет) Ескерту: G = топпен жұмыс I = жеке жұмыс W = толық сыныппен жұмыс жасау E = оқушы тәжірибесі D = мұғалімнің демонстрациясы Т=мұғалімнің түсіндірмесі (f) = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет = қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес | Оқулық «Физика-10» ; Есептер жинағы-10 сынып; А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 9-11сыныптарға арналған ; | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?