Зертханалық жұмыс №7 Ток көзінің ЭҚК-ін және оның ішкі кедергісі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары 10сынып.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3АТұрақты ток

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зертханалық жұмыс №7

Ток көзінің ЭҚК-ін және оның ішкі кедергісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.5 - ЭҚК пен сыртқы тізбекте кернеудің төмендеуінің арасындағы айырмашылықты түсіндіру (энергия тұрғысынан);

10.4.3.6 - ЭҚК көзінің ішкі кедергісінің кернеу мен қуатқа сипаттау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

- толық тізбек үшін Ом заңын біледі;

- эксперименттік тапсырмалар арқылы заңдылықтарды тексереді; эксперимент арқылы ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін анықтайды;

-заңдылықтарды есептер шығаруда қолданады;

 Бағалау критерийлері:

 Білу

 Түсіну

 Қолдану

 Анализ

 Синтез

 Бағалау

 

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді,

ЭҚК-н түсінеді, сипаттай алады;

Қуат бірлігіне берілетін энергия түсінігін талдап, ЭҚК анықтай алады;

Формуланы есептер шығаруда қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

Вольт-амперлік сипттамалар

тұрақты температурадағы металл өткізгіш

шала өткізгішті диод

қыздыру шамы

Ом заңы

Омдық(металл) өткізгіш

омдық емес(қыздыру шамы,жартылай өткізгіш) өткізгіш

кедергі

тура пропорционалды

сызықтық, түзу

сызықтыемес

Диалогқа/жазуға қажетті сөз

Тіркестері:

Тұрақты температурадағы металл өткізгіштер үшін / U-ге пропорционал (Ом заңы)

Қыздыру шамы мен жартылай өткізгішті диод омдық емес әрекет көрсетеді.

Шала өткізгішті диод бір бағытта өте төмен кедергімен өткізеді және басқа бағытта өте үлкен кедергіге ие.

Температурасы…. болғандықтан Кедергі ...

График сызықты емес, өйткені … өткізгіш болып табылады

График сызықты (координат басы арқылы өтетін түзу), өйткені...

Құндылықтарды дарыту

 

 

1.Эксперименттік тапсырмаларды орындауда оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту;

2. Топтық және жұптық жұмыстарды нәтижеге бағыттау бағытында ұйымдастыру;

 Пәнаралық байланыстар

Математика

  АКТ қолдану дағдылары

Инженерлік калькуляторларды қолдану дағдыларын қалыптастыру; интернет ресурстарымен жұмысты дамыту;

Бастапқы білім

§ 9.2.,9.5. Электр қозғаушы күші. Толық тізбек үшін Ом заңы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

W = толық сыныппен жұмыс жасау

Тапсырма :

ЭҚК пен ток көзінің ішкі кедергісін қандай формуламен есептеуге болады, қандай шамаларды өлшеуге, ал кай шамаларды есептеуге болады?

Мақсаты:

Бөгде күштер жұмысы, ішкі және сыртқы кедергі, тізбектің ішкі және сыртқы бөліктері, ток көзінің ЭҚК,-і тізбек бөлігі және толық тізбек бөлігі үшін Ом заңы туралы оқушылардың білім деңгейлерін тексеру; зертханалық жұмысқа дайындалу;

Сипаттамасы:

Тізбекте ток болуы үшін токты тасымалдаушы Кулон күшінен басқа бөгде күш әсер етуі керек. Егер Кулон күші әр аттас зарядтарды өзара біріктіретін, потенциал айырымын теңестіретін, электр өрісін жоятын болса, бөгде күш керісінше әр аттас зарядтарды бір-бірінен бөледі де потенциал айырымын тудырады. Бөгде күштер токты токты тасымалдаушы бөлшектерге ток көзінің (гальваникалық элементтің, аккумлятордың, электр генераторының т.б.) ішінде әсер етеді. Егер Кулон күші зарядтың сыртқы тізбегі бойынша қозғалуын қамтамасыз етсе, бөгде күш зарядтардың ток көзінің ішінде электр өрісіне қарсы қозғалуын қамтамасыз етеді. Бөгде күштер ток көзінің энергиясы арқылы зарядтарды қозғау кезінде жұмыс істейді. Осы істелген жұмыстың зарядқа қатынасын электр қозғаушы күш (ЭҚК) деп атайдыТұйық тізбек үшін ток көзінің электр қозғаушы күші сыртқы және ішкі кернеудің кемуінің қосындысына тең болады: осыдан  ; Сонымен ток күші ЭҚК-ке тура, ал сыртқы  және ішкі  кедергілердің қосындысына кері пропорционал болады. 

Толық тізбекке арналған Ом заңы:

; ;

I1R1 + I1R = ε I1r = ε – U1

U2 + I2R = ε I2r = ε – U2

U1 + I1r = U2 + I2r

Мұғалімнің қызметі:

( Т) Техника қауіпсіздігі туралы нұсқама жүргізу.

Оқушының қызметі: ЭҚК мен ішкі кедергіні эксперимент арқылы анықтауға теориялық жағынан дайындалу;

Бағалау: оқушылардың жауаптары тыңдалып,талқыланады,балл беріледі;

Зертханалық жұмыс туралы ссылкада берілген:

http://chitalky.ru/?p=5651

Сабақтың ортасы

25 минут

G = топпен жұмыс Зертханалық жұмыс №7

Тапсырма: Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін есептеу.

Құрал-жабдықтар:

Кілт, жалғағыш сымдар, шам, резистор 100 Ом, сандық мультиметр, батарейкалар немесе ток көзі;

Мақсаты: ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін тәжірибе арқылы анықтау.

Сипаттамасы:

Теориялық түсінік.

Толық тізбекке арналған Ом заңы:

; ;

I1R1 + I1R = ε I1r = ε – U1

U2 + I2R = ε I2r = ε – U2

U1 + I1r = U2 + I2r

Сызба.

  • Жұмыстың барысы.
  • Сұлбаға сәйкес тізбек құрамыз.
  • Кілтті айырып қойып, ε – өлшейміз.
  • Кілтті қосып, U1 және I1 мәндерін аламыз.
  • Реостаттың реттегішін жылжытып, U2 және I2 мәндерін аламыз.
  • формуласы арқылы ішкі кедергіні есептейміз.
  • График сызылып,градиент анықталады.

Мұғалімнің қызметі : оқушылардың жинаған схемаларын тексеру,өлшеу жүргізулерін қадағалау,графиктер бойынша анықталған градиент туралы талқылау жүргізу және қорытындылау;

Оқушының қызметі: зертханалық жұмысты орындайды,график сызып градиентті анықтайды және қорытындылайды;

Бағалау: кестені дұрыс толтырады; есептеулерді дұрыс орындайды; графикті дұрыс сызады; градиентті дұрыс анықтайды; жұмысты қорытындылайды

Зерханалық жұмысты орындау барысында «Рhywe»- нің әдістемелік құралын қолдану

Сабақтың соңы

5 минут

3 минут

2 минут

I = жеке жұмыс

Тапсырма: «Тұрақты ток заңдары» тарауы бойынша тест жұмысы.

Мақсаты: білімдерін жинақтау;

Сипаттамасы: оқушылардың білім,білік,дағдыларын жалпылама қорытындылау;

Мұғалімнің қызметі: тест жұмысын өткізуді ұйымдастырады;

Оқушының қызметі: тест жұмысын орындайды;

Бағалау: Тест жұмысының 80 пайызын орындаса, ОМ «жетеді»

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма: § 9.1.-9.5.,9.7.-9.8.

Е.Ж.-10сынып №3.266.—3.269.(123-бет)

Ескерту:

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

W = толық сыныппен жұмыс жасау

E = оқушы тәжірибесі

D = мұғалімнің демонстрациясы

(f) = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес

Қосымша 1

Оқулық «Физика-10» ;

Есептер жинағы-10 сынып; А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 9-11сыныптарға арналған ;

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ескерту:Қуаттану блогы жүйелі түрде қосылған, екі және үш шамдардың электр энергиясын қамтамасыз ететін, кейбір қарапайым сызбаларды көрсетеді. Шамдар санының артуына орай кернеу мен жарықтық түседі.Қуат көзінен электр энергиясымен, аккумулятор арқылы қозғалатын қуат бірлігіне берілетін энергия түсінігін пайдалана отырып, ЭҚК Е анықтауға тапсырма беруге болады.

E= W / Q

Электр энергиясынан компонент арқылы өтетін, қуаттың әр бірлігінің басқа түрлеріне берілетін энергияны есепке ала отырып,.U п.а.(потенциалдар айырымын) анықтауға тапсырма беруге болады.

U= W / Q

Қосымша 1

«Тұрақты ток заңдары» тарауы бойынша тест жұмысы

1.Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда тұрақты болатын шама

A) кедергі

B) кернеу

C) ток күші

D) кедергі және кернеу

E) ток күші және кернеу

2.Өткізгіштерді параллель жалғағанда тұрақты болатын шама ...

A) кедергі

B) кернеу

C) ток күші

D) кедергі және ток күші

E) кернеу және ток күші

3.Кедергісі R сымды n бөлікке бөліп, бөліктерді параллель жалғағанда сымның жалпы кедергісі ...

A) өзгермейді

B) n есе артады

C) n есе азаяды

D) есе артады

E) есе азаяды

4.Әрқайсысының кедергісі 10 Ом бес өткізгіш бір-бірімен параллель жалғағандағы жалпы кедергісі

A) 50 Ом.

B) 10 Ом.

C) 100 Ом.

D) 2 Ом.

E) 500 Ом.

5.Әрқайсысының кедергісі 10 Ом бес өткізгіш бір-бірімен тізбектей жалғағандағы жалпы кедергісі

A) 50 Ом.

B) 10 Ом.

C) 100 Ом.

D) 2 Ом.

E) 500 Ом.

6.Кедергісі 36 Ом сымды бірнеше бөлікке бөліп оларды параллель жалғағандағы жалпы кедергі 6 Ом болу үшін сымды неше бөлікке бөлу керектігін анықта

A) 36

B) 12

C) 3

D) 6

E) 4

7.Шамасы 12 Ом үш бірдей кедергі берілген олардың көмегімен алынатын кедергінің мәні

A) Ом

B) 4 Ом.

C) 24 Ом

D) 10 Ом

E) Ом.

8.Шамасы 12 Ом үш бірдей кедергі берілген олардың көмегімен алынатын кедергінің мәні

A) Ом

B) 8 Ом.

C) 36 Ом

D) 24 Ом.

E) Ом.

9.Ток күші тең

A) өткізгіш арқылы ток жүретін уақыттың электр мөлшерінің қатынасына

B) өткізгіштің көлденең қимасы арқылы тасымалданатын электр мөлшері мен уақыттың қосындысына

C) өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығының қатынасына

D) өткізгіштің көлденең қимасы арқылы тасымалданған электр зарядының уақытқа көбейтіндісіне

E) өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр зарядының сол уақыт аралығының айырмасына

10.Ток күшін анықтайтын өрнек

A)

B)

C)

D)

E)

11.Кернеудің негізгі өлшем бірлігі ...

A) 1 А.

B) 1Ом.

C) 1 Дж.

D) 1 Вт.

E) 1В.

12.Өткізгіштің кедергісі тәуелді емес ...

A) өткізгіштің ұзындығына

B) өткізгіштің көлденең қимасының ауданына

C) өткізгіштің меншікті кедергісіне

D) ток күшіне

E) өткізгіштің ұзындығына, көлденең қимасының ауданына, меншікті кедергісіне

13.Кедергінің негізгі өлшем бірлігі ...

A) 1 А.

B) 1 Ом.

C) 1 Дж.

D) 1 Вт.

E) 1 В.

14.Электропар машинасындағы энергияның түрленуі

A) механикалық энергия электр энергиясына айналады

B) жарықтық энергиясы электр энергиясына айналады

C) ішкі энергия электр энергиясына айналады

D) химиялық энергия электр энергиясына айналады

E) электр энергиясы механикалық энергияға айналады

15.Ұзындығы көлденең қимасының ауданы 2 мм2 меншікті кедергісі

0,028 мкОм . м амоний өткізгіштің кедергісі

A) 1400 Ом.

B) 1,4 Ом.

C) 0,014 Ом.

D) 0,0014 Ом.

E) 14∙10-17Ом.

16.Ток күші 30 мкА. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 нс ішінде өтетін электрондар саны (е =1,6∙10-19Кл)

A)

B)

C)

D)

E)

17.Көлденең қимасының ауданы 10 мм2 , ток күші 5 А, Мыстан жасалған өткізгіштегі бос электрондардың жылдамдығын анықтаңдар. Бос электрондардың шоғыры 9 * -3

A) 0,35 мм/c

B) 0,24 мм/c

C) 0,035 мм/c

D) 0,024 мм/c

E) 0,028 мм/с

18.Кедергісі R, созылған жағдайдағы, ұзындығы 2 , электр плитасының нихромнан жасалған серіппенің көлденең қимасының ауданы ...

A)

B)

C)

D)

E)

19.Ұзындығы , көлденең қимасының ауданы S мыс өткізгіштің кедергісі R болса, мыстың меншікті кедергісі ...

A)

B)

C)

D)

E)

20.Тізбек бөлігіне арналған Ом заңының формуласы ...

A)

B)

C)

D)

E)

Жауаптары: 1.С 2.В 3.Е 4.Д 5.А

6.Д 7.В 8.С 9.С 10.А

11.Е 12.Д 13.В 14.А 15.В

16.А 17.А 18.А 19.Д 20.Д



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу