Зертханалық жұмыс №7 Ток көзінің ЭҚК-ін және оның ішкі кедергісі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Есептер

1. Әрбіреуінің кедергісі 240 Ом болатын үш шам өзара параллель әрі кернеуі 120В сыртқы тізбекке жалғанған. Барлық шамдардың пайдаланатын қуатын, жалпы токты және 8 сағ жанған шамның энергиясын табыңдар.

(180 Вт; 1,5 А; 144кВт*сағ)

2. 110 В кернеуге арналған қуаттары 25Вт-тан екі шам және 50 Вт болатын бір шам берілген. Дұрыс жарық беру үшін шамдарды 220 В тізбекке қосқанда өзара қалай жағалау керек? Шамдардағы ток күшін табыңдар.

(25 Вт-тық шамдарды өзара параллель және оған үшінші

шамды тізбектей жалғау керек: 0,23 А; 0,23 А, 0,45А)

3. ЭҚК-і 10,2 В және ішкі кедергісі 0,9 Ом аккумулятор батареясын зарядтау үшін кернеуі 14 В болатын ток көзіне жалғанған. Зарядтау тогы 2,0А-ден артық болмау үшін батареяға тізбектей қандай қосымша кедергі жалғау керек? Батареяда 20 мин ішінде бөлініп шығатын жылу мөлшерін және жинақталғанған химиялық энергияны табыңдар.

(1 Ом; 1,3 кДж; 24,5 кДж)

4. Диаметрі 0,08мм никель сымнан 600Ом-ға арналған реостат дайындау үшін сымның ұзындығы қандай болу керек? токқа толық жалғанған реостаттағы кернеудің түсуі қандай болады?

(7,2 м; 900В)

5. Егер 0,4 с ішінде қимасы өткізгіш арқылы электрондар өтсе, токтың тығыздығы қандай?

6. Ұзындықтары және көлденең қималары бірдей темір және мыс сымдар ұзындығы мен қимасы дәл сондай сынап бағанымен тізбектей жалғанған және кернеуі 8 В тізбекке жалғанған. Тізбектей жалғанған өткізгіштердің әрбіреуіндегі кернеу неге тең? Мыстың, темірдің және сынаптың меншікті кедергілері сәйкесінше .

(0,13 В; 0,74 В; 7,09 В)

7. Сыйымдылығы С=5мкФ конденсатор потенциалдар айырымы -қа дейін зарядталып, уақытта разрядталған. Токтың орташа күші қандай?

(1А)

8. Тұрақты тогы бар өткізгіштен ішінде электр заряды өтеді. Ток күшін анықтаңдар. зарядпен анықталатын ток күші қанша уақыт аралығында өтеді?

(1А, 600с)

9. Ток тығыздығы 0-ден 100А/см2-ге дейін бірқалыпты өссе, 5 с ішінде көлденең қимасының ауданы 1мм2болатын өткізгіш арқылы өтетін зарядтың шамасын анықтаңдар.

(2,5Кл)

10. Егер өткізгіш ток тығыздығы 100А/см2-ге тең болса, онда қимасының ауданы 4мм2 болатын өткізгіш арқылы 3 мин-та қанша электрон өтеді?

(45*1020



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу