Толық тізбек үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3 А Тұрақты ток | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Толық тізбек үшін Ом заңы. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2.4- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану; |
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: - электр қозғаушы күші ұғымын түсіндіре алады; -тізбекті дұрыс құрады және толық тізбек үшін Ом заңының формуласын біледі, оны қолдана алады; -ток көзінің ішкі кедергісін анықтау үшін Ом заңын қолдана алады; -ЭҚК пен сыртқы тізбекте кернеудің төмендеуінің арасындағы айырмашылықты түсіндіре алады; |
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну: Тізбекті дұрыс құрады және Ом заңының формуласын біледі; Қолдану Ток көзінің ішкі кедергісін анықтау үшін Ом заңын қолдана алады; Талдау Формуланы талдай отырып, қалай зерттеу қажеттілігін анықтайды; Математикалық сауаттылық 5 рет өлшеп, қателікті дұрыс есептейді. Білу Потенциалдар айырымын және ЭҚК біледі. Түсіну Шығу қуаттылығындағы ішкі қарсылық күшін түсіндіре алады. |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Ток көзі,ток күші, кернеу, кернеудің түсуі, кедергі, электр қозғаушы күш, бөгде күштер, электр энергиясы, токтың қуаты Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
|
Пәнаралық байланыстар | Математика, инженерия |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы. |
Бастапқы білім
| 8 сынып: тұрақты ток;тұрақты ток электр тізбегі; U = IR; Ом заңы; электр тогы сипаттамалары; тізбек символдары; сызбалар; электр энергиясы мен қуаты |
Сабақбарысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
2 мин | (W) Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Әр оқушы сабақта өзіне мақсат қояды (стикерге жазады) Сабақтың өту жоспарын таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. | Презентация Стикерлер |
8 мин 30 мин 20 мин | (W) 8-сыныпта өтілгенді еске түсіру.
3) Өткізгіш кедергісінің физикалық мағынасын түсіндіріңдер.(Оқушылар жауабы: Электрондар өткізгіш арқылы қозғалғанда, электрондар өткізгіштің атомдарымен соқтығысып, токтың ағуына кедергі жасайды. Кедергі өткізгіштің ұзындығы мен көлденең қимасы ауданынан тәуелді)
(G) (f) Жұппен жұмыс Оқушылар анықтау керек шамаларды есептеп, кестеге толтырады. Жауабын тексеріп көреді. Сабақтың мақсатына қайта оралу. Жаңа сабақты меңгеру. Бейнекөрініс- Толық тізбек үшін Ом заңы Толық тізбек үшін Ом заңы. http://bilimland.kz//kk/home#lesson=10868 (G) Жұптық жұмыс. Мультимедиялық оқулықпен жұмыс
а) Тұйық тiзбек үшiн Ом заңын көрсететін модель;
Оқушылардың көпшілігі осы есепті дұрыс шығара алмаған жағдайда, есептерді тақтаға шығартып, қатемен жұмыс жасау. Электр тізбегін құрастырғанда оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтағанына көз жеткізіңіз. (Е) Оқушыларды бағалау үшін 1) олар аккумулятормен және қыздыру шамымен төменгі кернеудің қарайым сызбасын жасауы керек. 2) толық тізбекті құрастыруға қатысты тәжірибелік жұмыс жасатуға болады. Әр оқушы жеке жұмыс жасайтындай жағдай жасалуы қажет. Құрал жабдықтарды қолданып, тізбек құру және ток көзінің ішкі кедергісін анықтау деген тапсырма беріледі. Амперметрлерді және вольтметрлерді тізбекке қалай қосу керектігін қарастыруға болады және қарапайым сызбаларды жасау бойынша бірнеше кеңестер беруге болады:
(D) ток көзіне тізбектей жалғанған бір, екі және үш шам қорек көзінен электр энергиясымен қамтамасыз етілетін, кейбір қарапайым сұлбаны көрсетіңіз. Шамдар санының артуына қарай кернеу мен жарықтылық төмендейді. E) Оқушылар аккумулятормен және қыздыру шамымен төменгі кернеудің қарайым сызбасын жасауы керек. Олардан екінші шамды, кейіннен үшінші, т.с. паралелль қосуды сұраңыз. Паралелль тізбек үшін (яғни, барлық шамдар бірдей потенциалдар айырымы алуы тиіс идеясы, демек, барлығы бірдей жарық болуы тиіс) не байқалатынын (шамның саны көп болған сайын, соғұрлым әр шамның жарықтылығы төмендейді) салыстырыңыз. Қысқыштағы кернеу түсетіні туралы түсінікті енгізіңіз. Мұны растау үшін, вольтметр көмегімен тәжірибені қайталаңыз.
Аккумулятор батареясы, реостат, амперметр, ажыратқыш кілтті тізбектей жалғау. Ток көзіне параллель вольтметрді қосу. Реостат арқылы ток күшінің қандай да бір мәнін алу, мысалы 1,8 А. Осы кездегі вольтметрдің көрсетуін жазып алу, мысалы 3,5 В. Тізбекті ток көзінен ажыратқанда вольтметрдің көрсетуі артады, мысалы 3,7 В болады. Осы мән - батареяның ЭҚК-і. Бұдан ток көзі ішіндегі кернеудің түсуі: U= 3,7 В – 3,5 В = 0,2 В (T) Кернеудің түсу себебін талқылаңыз. Ішкі кедергі және «кернеудің түсуі» түсінігін кеңейту үшін өмірден шынайы мысалдарды келтіруге болады. Мәселен, егерде автокөлік фаралары қосылған кезде жүруді бастаса, оның жарықтылығы уақытша азаяды. Бұл үлкен ток стартерді қосу үшін пайдаланатындықтан болады, осылайша, автокөліктің батареясында «кернеу түседі» және фараларға қосылған қысқыштардағы кернеу азырақ болады. (T) 1) ток көзінен алынатын электр энергиясының аккумулятор арқылы өтетін бірлік зарядқа қатынасы арқылы, ЭҚК анықтау: ε= W / Q; 2) компонент арқылы өтетін, бірлік зарядқа берілетін энергияны есепке ала отырып,.U п.а.(потенциалдар айырымын)анықтау: U= W / Q
| Өтілгенді еске түсіру үшін жаттығулар: Бейнекөрініс- https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/turaqty-ehlektr-togy/lesson/ehlektr-qozhaushy-kush-tolyq-tizbek-ushin-om-zangy http://bilimland.kz//kk/home#lesson=10868 Мультимедиялық оқулық: http://sanatez.net/physics10/index.htm Құрал-жабдықтар: ток көзі, мультиметр, реостат, шамдар, жалғағыш сымдар. Құрал-жабдықтар: 1) амперметр, 2) вольтметр, 3) аккумулятор батареясы, 4) реостат, 5) ажыратқыш кілт, 6) жалғағыш сымдар |
15 мин | (І) Жеке жұмыс. Мұғалім жеке жұмысты бақылайды, бағалайды. Сабақтың мақсатына қайта оралу. (f) Тест орындау. | Ноутбук әр оқушыға, интерактивті тест (11-сынып, «Толық тізбек үшін Ом заңы»): |
5 мин | Рефлексия Сабақтың мақсатына қайта оралу. Оқушылардың әрқайсысы стикерде сабақ басында өзі қойған мақсатына жетті ме, белгілейді. Мұғалім кері байланыс жасайды, сабақты қорытындылайды. Үй тапсырмасы §9.1,9.3- оқу, есептер шығару 3.171, 3.175 | Стикерлер Б. Кронгарт, В. Кем , Н. Койшыбаев, Физика, 10 сынып |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу. | Оқушылардың алдыңғы және осы сабақтар барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдер: | Денсаулық сақтау технологиялары, сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері және осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: интербелсенді тақтаны, проекциялаушы құралдарды презентация және тапсырмалар орындау кезінде қолдану. |
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?