Зертханалық жұмыс №6 Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып- үйрену. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3 А Тұрақты ток | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Зертханалық жұмыс №6 Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып- үйрену |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2.2- өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу;
|
Сабақ мақсаттары |
|
Бағалау критерийлері | - өткізгіштерді тізбектей жалғау заңдылықтарын біледі және қолданады; - практикада параллель жалғауды көп қолдану себебін анықтайды; |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология Ток күші, кернеу, кернеудің түсуі, кедергі, электр қозғаушы күш, бөгде күштер, электр энергиясы, токтың қуаты Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
|
Құндылықтарды дарыту | Сабақ бойында оқушылардың бір-біріне сыйластық қарым-қатынасы, өзара құрмет, өмір бойы оқуға ұмтылыс |
Пәнаралық байланыстар | Математика, инженерия |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы. |
Бастапқы білім
| 8 сынып: тұрақты ток;тұрақты ток электр тізбегі; U = IR; Ом заңы; электр тогы сипаттамалары; тізбек символдары; сызбалар; электр энергиясы мен қуаты |
Сабақбарысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
2 мин | (W) Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Әр оқушы сабақта өзіне мақсат қояды (стикерге жазады) | Стикерлер | |||||||||||||||||||||||||||
8 мин 5мин 20 мин 15 мин 30 мин | Қайталау сұрақтары: Мұғалім әрекеті: «Кездейсоқ таңдау» арқылы оқушыларға сұрақ қояды. - Оның өлшем бірлігі қандай? - Ток күші 5 А деген не? - Ток күшін өлшейтін құрал не деп аталады, қалай жалғанады? - Электрік кернеу деген не? Өлшем бірлігі? - 220 В кернеу мағынасын түсіндір. - Кернеуді өлшейтін құрал, оны тізбекке қалай жалғайды? - Электр кедергісінің болу себебі. - Электр кедергісі қандай шамаларға тәуелді? - Электр кедергісін анықтайтын теңдеуді жазыңдар. - Күмістің меншікті кедергісі 0,016Ом*мм2 /м, бұл нені білдіреді? - ЭҚК- і деген не? Кернеу мен ЭҚК- інің айырмашылығы неде? - Тізбек бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңын жазыңдар. - Қысқа тұйықталу деген не? Қай кезде пайда болады? (W) Бейне көрініс: Bilimland.kz Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау (W) Өткен материалды еске түсіру Өткізгіштерді электр тізбегіне тізбектей және параллель жалғайды. Өткізгіштерді тізбектей жалғауда ток күші барлық өткізгіштерде бірдей болады:
Ом заңы бойынша кернеу кернеу U1 және U2 мынаған тең болады:
Жалпы кернеу әрбір өткізгіштің ұштарындағы кернеудің түсуінің қосындысына тең болады:
Мұндағы R – электрлік кернеу, осыдан
Өткізгіштерді тізбектей жалғауда жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінің қосындысына тең болады. Өткізгіштерді параллель жалғауда әрбір өткізгіштің ұштарындағы кернеу тең болады:
Екі өткізгіштегі I1 + I2 ток күштерінің қосындысы тармақталмаған тізбектегі ток күшіне тең:
Бұдан, тармақталған токтар түйінде зарядтар жиналмайды, мысалы: A түінде Δt уақытта заряд IΔt, ал түйіннен дәл осы уақытта I1Δt + I2Δt заряд өтеді, осыдан I = I1 + I2. Ом заңынан Мұндағы R – электрлік кернеу: Өткізгіштерді параллель жалғауда жалпы кедергінің кері шамасы әрбір өткізгіштің кері шамаларының қосындысына тең болады. (W) (f) Өткен материалды бекіту үшін есептер шығару: 1.Суреттегі тізбекте әрбір өткізгіштің кедергісі 1 Ом-нан болса, А және D нүктелер арасындағы кедергіні анықта,
а) суреттегі тізбекті в) суреттегі тізбекпен ауыстырамыз, жалпы кедергіні мына формуладан анықтаймыз: 3 өткізгіштің кедергісі бірдей болғандықтан, жалпы кедергіні мына формуламен анықтайды: R=1/3 Ом = 0, 3 Ом 2.Суреттегі барлық өткізгіштің кедергісі 2 Ом, жалпы кедергіні анықта.
А. R1 және R2 өткізгіштер параллель жалғанаған, R’ мына формуламен анықтайды: R’=1 Ом Б. R’ жән R3 тізбектей жалғанғандықтан, R’’ =R’+R 3 R’’= 3 Ом В. R’’’ кедергіні анықтаймыз R’’’ = R4+ R5 R’’’=4 Ом Г. Кедергі R’’’’ мына формуладан анықталады R’’’’= 1,7 Ом; R’’’’’ = R’’’’ + R6; R’’’’’ = 3,7 Ом Д. Е. R’’’’’’ = R7 +R8 +R9 R’’’’’’ = 6 Ом Ж. R’’’’’’’ мына формуладан анықталады R= 2,3 Ом З. Жалпы кедергі R= R’’’’’’’+ R10 R = 4,3 Ом 3.Жалпы кедергіні анықтаңдар, егер R1 = 2 Ом, R2 = 4 Ом, R3 =1,5 Ом, R4 = 2 Ом, R5 = 3 Ом, R6 = 4 Ом, R7 = 1 Ом, R8 = R9 = R10 =7,5 Ом, R11 = 1,5 Ом Тізбек аралас жалғанаған, мына эквивалент схемамен ауыстырамыз:
Мына кедергілерді анықтаймыз R’, R’’, R’’’ R’ = , R’ =1,3 Ом, = + + + , R’’ = 0,48 Ом, R8, R9, R10 кедергісі бірдей, R’’’ мына формуладан анықталады R’’’ = , R’’’ = 2,5 Ом, Жинақталған схема аламыз: Тізбектей жалғаудан R = R’ + R3 + R’’ + R’’’ + R11, R = 7,31 Ом (G) (f) Жұппен жұмыс Зертханалық жұмыс №6 Тақырыбы: Өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу Мақсаты: Өткізгіштерді аралас жалғаудың сипаттамаларын оқып- үйрену. 5.1. Электр тізбегін жинау (сурет 2). 5.2. Реостат арқылы тізбекте ток күшін амперметрмен өлшеңдер. 5.3. Өлшенген ток күшінің абсолют қателігін анықтаңдар , где - класс дәлдігі, - ток күшінің шегі. Өлшенген ток күшін мына түрде жазыңдар . 5.4. Вольтметрді мына нүктелерге жалға, 1 және 2 (сурет 3) және U12 кернеуді өлшеңдер. 5.5. Өлшенген кернеудің абсолют қателігін есептеңдер және нәтижесін мына түрде жазыңдар . 5.6. Кедергіні анықтаңдар . 5.7. Кедергінің абсолют қателігін анықтаңдар . 5.8. Нәтижесін мына түрде жазыңдар и реостат кедергісімен салыстырыңдар . 5.9. Вольметрді 2 және 3 нүктелерге жалғаңдар (сурет 3) және U23 кернеуді өлшеңдер. Нәтижені мына түрде жазыңдар . 5.10. Кедергіні анықтаңдар абсолют қателігі . 5.11. Өлшеу нәтижесіндегі кедергіні анықтаңдар және мына формуламен анықталған : , кедергімен салыстырыңдар, мұндағы R2=2 Ом, R3=4 Ом. 5.12. Вольтметрді 1 және 3 (сурет 3) нүктелерге жалғаңдар және кернеуді өлшеңдер, нәтижені мына түрде жазыңдар . 5.13. Кедергіні анықтаңдар . 5.14. Формуланың дұрыстығын тексеріңдер и . 5.15. Қорытынды жасаңдар. 6.Жұмыстың нәтижесін жазу ережесі: 6.1. Жұмыстың тақырыбы 6.2. Жұмыстың мақсаты 6.3. Схема (сурет 3). Нәтижелерді өлшеу мен есептеу кестесі:
6.4. Қорытынды жазыңдар. | Презентация http://bilimland.kz//kk/home#lesson=10868 Мультимедиялық оқулық: http://sanatez.net/physics10/index.htm Үлестірме парақтарда Үлестірме парақтарда Құрал-жабдықтар: 1) амперметр, 2) вольтметр, 3) аккумулятор батареясы, 4) реостат, кедергілер 5) ажыратқыш кілт, 6) жалғағыш сымдар | |||||||||||||||||||||||||||
5 мин | Кері байланыс
Үй тапсырмасы §9.4- тақырыпты оқу, 3.200, 3.201 | Стикерлер Б. Кронгарт, В. Кем , Н. Койшыбаев, Физика, 10 сынып |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу. | Оқушылардың алдыңғы және осы сабақтар барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдер: | Денсаулық сақтау технологиялары, сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері және осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: интербелсенді тақтаны, проекциялаушы құралдарды презентация және тапсырмалар орындау кезінде қолдану. |
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?