Электр тогы.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3А – Тұрақты ток | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы | Электр тогы.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2.1 –Тізбек бөлігі үшін Ом заңын аралас жалғауда қолдану ; | ||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||
Бағалау критерийлері:
| Оқушылар орындай алады: - Толық тізбек үшін Ом заңын біледі; - Электр кедергісі ток күші мен кернеуге тәуелді емес екендігін түсінеді; - Заңдылықтарды есептер шығаруда қолданады; - Ток күшін анықтай алады, График бойынша кернеу мен осы шамалар арасындағы байланыс. | ||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: Тізбек бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңын тұжырымдайды; Пәндік лексика және терминология: Өткізгіштегі ток күші; Өткізгіш соңында кернеу түсуі; өткізгіш кедергісі; Ом заңы; Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері: Тізбектегі ток күші тура пропорционал… Аралас жалғау кезіндегі жалпы кедергі…. | ||||
Құндылықтарды дарыту | 1.Тұжырымдамалар мен қорытындыларды экспериментальды дәлелдеуді қарастыратын зерттеу дағдыларын қалыптастыру және логикалық ойлауды дамыту; 2. Топта жұмыс істей білуге, сондай-ақ рольдік ойындарды жүргізе білуге көмектесетін дағдыларды дамыту. Сынды құрметпен және байсалды қабылдай отырып, басқалардың жұмысын сынай білу қабілеті; | ||||
Пәнаралық байланыстар | Математика (оқушылар математика пәнінен тура және кері пропорционал тәуелділікті және,белгісіз шамаларды белгілі шамалар арқылы анықтауды біледі) Химия (химия сабағынан оқушылар материяның құрылымы туралы біледі) | ||||
Бастапқы білім | Электр тогы. Ток күші. Кернеу. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 1 мин 6 мин | Ұйымдастыру кезеңі Тапсырма 1: «Ой қозғау». Мақсаты: Өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау, сабаққа дайындықтарын қадағалау. Сипаттама: қандай шамалар электр тізбегін сипаттайтындығы жөнінде сұрақтарға жауап беру. Мұғалімнің нұсқауы бойынша әр шамаға жеке-жеке сипаттама беру. Оқушы іс-әрекеті: Сұрақтарға жауап береді. Сыныптастарының жауабын тыңдап, ұсыныстар айтады. Мұғалім іс-әрекеті: Сұрақтар қояды. Физикалық шамаларға сипаттама көрсетеді. Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылармен бірге жаңа сөздерді тақтаға іледі. Мысалы: кернеу, ток күші, кедергі. Бағалау: өзін-өзі бағалау, қалыптастырушы. Кері байланыс: мұғалім-оқушы | Қосымша 1 | |||
Сабақтың ортасы 16 мин 21 мин | Тапсырма: Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігін анықтау Мақсаты: Электр тізбегіндегі ток, кернеу мен кедергінің өзара тәуелділігін анықтау. Олар Ом заңымен байланысты деп есептеу. Бүгінгі сабақта екі сұраққа жауап беремі:
2. Ток күші кернеуге қалай тәуелді? ( оқушылар сұрақтарды жазып алады, негізгі сұрақ үшін орын қалдырады). Мұғалім іс-әрекеті: оқушыларды теориялық физика кафедрасы бар ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері деп ойлайды, олардың міндеті белгіленген тәуелділікті негіздеу және белгіленген тәуелділіктердің табиғатын зерттейтін эксперименталды физиканың екі бөлімін дәлелдеу болып табылады. Оқушы іс-әрекеті: Топқа бөлінеді, тапсырманы және құралдарды алып, берілген жұмысты оырндайды, жауабын жазады. Тапсырма: Әр топ өз жұмысын қорғау Мұғалім іс-әрекеті: Жасаған жұмыстарын қорғауды талап етеді: теоретиктер және экспериментаторлар Оқушы іс-әрекеті: Топтар бір-бірін және әр топ мүшелерін бағалайды бағалайды. Мұғалім іс-әрекеті: Жұмысты қорытындылайды, жұмыстың дұрыс істелгені жөнінде талдау жүргізеді. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Г.Ом ашты. Ол заң: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы деп аталады. Оқушы іс-әрекеті: «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» атты жаңа тақырыпты жазады. Ом заңының формуласын «Сиқырлы үшбұрыш» арқылы өрнектейді. Кернеу мен кедергі формуласын қорытын шығарады. Тапсырма: «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» тақырыбына сандық есептер шығару. Мақсаты: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы формуласын есептер шығаруда қолдану. Оқушы іс-әрекеті: Есептерді жұпта талқылайды, есептелу жолын рәсімдейді. Дискрипторлар бойынша бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Мұғалім іс-әрекеті: Оқушылардың жұмысын қадағалайды, тексереді, кері байланыс береді. Бағалау: критерий бойынша бір-бірін бағалау | Қосымша 2 Қосымша 3 Қосымша 4 | |||
Сабақтың соңы 2 мин | Үй тапсырмасы : §9.3 Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Сабақ соңында оқушылар стикерлер арқылы рефлексия жүргізеді Стикерлерге оқушылар сабақ бойынша ойларын бөліседі |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сабақ барысында оқушылардың денсаулық және қауіпсіздік техникасы сақталды. | |||
Оқушыларға берілетін тақырып бойынша бағыт бағдар беру. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бере отырып олардың ойлау және іс-әрекетін арттыру. Қосымша ресурстармен көбірек жұмыстандыру. | Оқушлыардың топ ішіндегі жұмысы және және жеке сұрақтарға жауап беру дағдысы қарастырылады. | Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау Тәжірибе жасамас бұрын үстел үстін артық құралдардан тазарту. Берілген құрал жабдықтарға жауапкершілікпен қарау. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1. 2. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?