Электр тогы.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3АТұрақты ток

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр тогы.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.1 –Тізбек бөлігі үшін Ом заңын аралас жалғауда қолдану ;

 Сабақ мақсаттары

  • Электр тізбегіндегі ток, кернеу мен кедергінің өзара тәуелділігін анықтау;
  • Өткізгіштерді аралас жалғау тақырыбына есептер шығаруда барысында тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану.
  • Эксперименттер нәтижелерін бақылау, салыстыру және қорытындылау мүмкіндігін дамыту;

Бағалау критерийлері:

 

Оқушылар орындай алады:

- Толық тізбек үшін Ом заңын біледі;

- Электр кедергісі ток күші мен кернеуге тәуелді емес екендігін түсінеді;

- Заңдылықтарды есептер шығаруда қолданады;

- Ток күшін анықтай алады;

- График бойынша кернеу мен ток күші және кедергі арасындағы байланысты көрсете алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Тізбек бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңын тұжырымдайды;

Пәндік лексика және терминология:

Өткізгіштегі ток күші;

Өткізгіш соңында кернеу түсуі;

өткізгіш кедергісі;

Ом заңы;

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Тізбектегі ток күші тура пропорционал…

Аралас жалғау кезіндегі жалпы кедергі….

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу;Жауапкершілік;Денсаулық;

Пәнаралық байланыстар

Математика (оқушылар математика пәнінен тура және кері пропорционал тәуелділікті және,белгісіз шамаларды белгілі шамалар арқылы анықтауды біледі)

Химия (химия сабағынан оқушылар материяның құрылымы туралы біледі)

Бастапқы білім

Электр тогы. Ток күші. Кернеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

3 мин

Сабақтың ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру;

б) сабақ мақсаты мен міндеттерін құру;

в) сабақтың жүру барысымен таныстыру;

Ой шақыру

  • Төменде екі электрлік өлшем бірліктері шатасып жазылған. Осы бірлік аттарынының әріптерін дұрыс орналастырыңыз. 1) рамеп;

2) лонук.

  • Физикалық шамаларды сипаттаңыз

1 ) кернеу

2) ток күші

Сабақтың ортасы

36 мин

3 мин

Жаңа тақырыпты меңгерту

Мұғалім:

  • Алдымен тәжірибеде тұрақты кернеудегі ток күшінің кедергіге тәуелділігін зерттейміз.Сұрақ: Ток күші кедергіге қалай тәуелді?
  • Кернеудің ток күшіне ( тұрақты кедергіде) тәуелділігін тәжірибеде тексереміз. Қорытынды жасап, кесте толтырамыз. Сұрақ: Ток күші кернеуге қалай тәуелді?

Ток күшінің кернеуге және кедергіге тәуелділігін алғаш неміс ғалымы Георг Ом 1827 жылы тағайындаған және сондықтан ол заң: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы деп аталады.

Сонымен сабақтың тақырыбы :

«Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы»

I, U және R араларындағы тәуелділікті анықтаймыз

  • Ток күшінің кедергіге тәуелділігін біліп алайық. Бірақ кернеуді өзгертпейміз. Схема бойынша тізбек жинаймыз :
  • Алынған мәліметтерді кестеге түсіреміз.
  • Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, координата осьтеріне I және R салу.
  • Қорытынды жасау: I ~ 1/R

Оқушылардың жауаптарына назар аудару, талдау жүргізу.

Мұғалім: Енді тұрақты кедергідегі ток күшінің кернеуге тәуелділігін анықтаймыз.

  • Схема бойынша тізбек жинау;
  • Тізбек неден тұратындығын анықтау;
  • Алынған мәліметтерді кестеге түсіру;
  • Координа осьтеріне және U белгілеу және график алу;
  • Қорытынды жасау;

Оқушылардың әрекеті : Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, график алу. График бойынша қорытынды жасау.

Қорытынды: I ~ U

Мүғалім: Енді ток күшінің бір мезетте кернеу U мен кедергіге R тәуелділігіне мән береміз. Біз екі тәуелділікті білеміз. Осы тәуелділіктерді бір формула арқылы байланыстырсақ, электр тогына қатысты негізгі заңдылықты аламыз. Ол- тізбек бөлігіне арналған Ом заңы деп аталады: Тізбек бөлігіндегі ток күші- осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорцианал

Оқушылардың әрекеті: «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» атты жаңа тақырыпты жазады. Ом заңының формуласын өрнектейді. Кернеу мен кедергі формуласын қорытып шығарады.

Жаңа тақырыпты бекіту

       Мұғалім: Сұрақтар арқылы сұхбат жүргізеді.

 -Ом заңына қандай шамалар енеді?

- ток күші тізбек бөлігінің ұштарындағы кернеуге қалай тәуелді?

 - ток күші өткізгіштің кедергісіне қалай тәуелді?

  - Ом заңының өрнектелуі қандай?   

Оқушылардың әрекеті: Сұрақтарға жауап береді

Тапсырма: металлдың құрылысын негізге ала отырып, ток күшінің мен кедергіге тәуелділігін түсіндіру.

Оқушылардың әрекеті: Есептерді жұпта талқылайды, есептелу жолын рәсімдейді. Дискрипторлар бойынша бір-бірінің жұмыстарын тексереді. .

Бағалау: критерий бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды.

Рефлексия жүргізеді

  • Мен бүгін ... білдім
  • Маған … қиын болды
  • Мен … түсіндім.
  • Мен … үйрендім

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

2 мин

Үй тапсырмасы : §9.3 Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сабақ барысында оқушылардың денсаулық және қауіпсіздік техникасы сақталды.

Оқушыларға берілетін тақырып бойынша бағыт бағдар беру. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бере отырып олардың ойлау және іс-әрекетін арттыру. Қосымша ресурстармен көбірек жұмыстандыру.

Оқушлыардың топ ішіндегі жұмысы және және жеке сұрақтарға жауап беру дағдысы қарастырылады.

Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау

Тәжірибе жасамас бұрын үстел үстін артық құралдардан тазарту.

Берілген құрал жабдықтарға жауапкершілікпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақта оқу мақсаттары тақырыпқа сай қойылды. Жетістік критерийлері бойынша тапсырмалар орындады. Сабақ барысында оқушылар жасаған тәжірибелер және теориялық білім арқылы ОМ жетті деп есептеймін.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1.

2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу