Электр тогы.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Зертханалық жұмыс
Өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу
Мақсаты: Өткізгіштерді аралас қосу арқылы кернеуді және ток күшін бөлуді үйренуге машықтану. Аралас қосу кезіндегі тізбек бөлігіндегі кернеулерді өлшеп үйрену.
Құрал жабдықтар: 4 В арналған тұрақты ток көзі, 3,5 В екі шам, 15-50 Ом-дық айнымалы резистр 3 вольтметр.
Қысқаша теория: Тізбекте паралель және тізбектеліп жалғанған өткізгіштер болса тізбек аралас деп аталады. Өткізгіштерге байланысты аралас жалғау әртүрлі болады.
- Қосымша кедергі (1 сурет). Егер кедергі мәні аз болып өткізгішке тізбектей жалғанса ол қосымша кедергі болып есептеледі. Қосымша кедергі шектік кернеу мен ток күшіне есептеледі.
- Шунт (2 сурет). Егер өткізгіш элек-тр құрылғысына паралель қосылса ондағы потенциал-дар айырмасы бірдей болады. Өткізгіштің шетін-дегі кернеу 0-ге тең болады. Электр құрылғысында тоқ болмайды. Заряд тасымалы өткізгіш арқылы жүргізіледі. Мұндай өткізгішті шунт деп атайды.
- Кернеу бөлгіштер (потенциометр). Кедергісі өзгеріп отыратын (3 сурет) және (4 сурет) өткізгіштер тізбек-тегі ток күші мен кернеуді реттеп отыруға көмектеседі. Ток көзіменен электр құрылғылардағы кернеуді реттеп отыратын тізбектің сызбасы төменде берілген.
Жұмыстың орындалу тәртібі
1 тапсырма.
- Берілген сызба бойынша тізбек құрастырыңдар.
2. Айнымалы резистрдің пайдалануын түсіндіріңдер.
3. Реостат тиегінің әртүрлі орындары үшін вольтметрдің көрсетуін анықта.
4. Мәліметтерді кестеге енгіз.
Тәжірибе №№ |
|
| ||||||
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 |
- Тізбектің АВ, СD бөлігіндегі кернеулердің қосындысын ток көзіндегі кернеумен салыстыр.
- Реостат тиегін жылжытқанда шамның жарығының өзгеру себебін түсіндіріңдер.
- Қорытынды шығарып, сараптама жасаңдар.
2 тапсырма.
1. Берілген сызба бойынша тізбек құрастырыңдар.
2. Айнымалы резистрдің пайдалануын түсіндіріңдер.
3. Кілт қосылғандағы және ажыратылғандағы вольметр-лердің көрсетулерін анық-таңдар. Мәліметтерді кестеге енгізіңдер.
Тәжірибе №№ | Кілттің орналасуы |
|
| ||||||
1 | Ашық | ||||||||
2 | Жабық |
- Реостат тиегінің шеткі нүктелері үшін кілттің ажыратылған және қосылған кезіндегі вольтметрлердің көрсетулерін анықта. Шамның жарқырауын қадағалаңдар. Мәліметтерді кестеге енгізіңдер.
Тәжірибе №№ | Реостат тиегінің орналасуы |
|
| ||||||
1 | Шеткі сол жақ | ||||||||
2 | Орта | ||||||||
3 | Шеткі оң жақ |
- Тізбектің бөлігіндегі кернеулердің қосындысын ток көзінің кернеуімен салыстырыңдар.
- Бірінші вольтметрдегі кернеу 0-ге тең болу шартын анықтаңдар.
- Қорытынды шығарып, сараптама жасаңдар.
3 тапсырма.
1. Берілген сызба бойынша тізбек құрастырыңдар.
2. Реостат тиегін бір шетінен екінші шетіне жылжыта отырып үш нүкте-дегі кернеудің мәнін анықтаңдар. Мәліметті кестеге енгізіңдер.
Тәжірибе №№ |
|
| ||||||
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 |
3. Реостат тиегінің кез келген нүктесіндегі кернеудің шеткі нүктедегі кернеуге тең болатынын дәлелде.
4. Айнымалы резистрдің пайдалануын түсіндіріңдер.
5. Қорытынды шығарып, сараптама жасаңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?