Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Конденсаторлардың түрлері мен құрылысы. Конденсаторларды қолдану және оның қарапайым электр тізбегіндегі ролі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп: Семей қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Толекенова Л.А.

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Конденсаторлардың түрлері мен құрылысы. Конденсаторларды қолдану және оның қарапайым электр тізбегіндегі ролі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

  • Электр сыйымдылығының физикалық мағынасын анықтау және есеп шығаруда электрсыйымдылықтың формуласын қолдану

Сабақтың мақсаттары

- Электр сыйымдылығының физикалық мағынасын және өлшем бірлігін түсіну;

- Қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролін түсіну;

- C=q/U формуласын білу және қолдану

Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар:

- Конденсатор C=q/U формуласын қолдану арқылы есептер шығара алады.

- Конденсатор энергиясын анықтауға есептер шығара алады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Жазық конденсатордың формуласын қорытып шығара алады;

Кейбір оқушылар

  • Жазық конденсатордың сыйымдылығын эксперимент бойынша дұрыс анықтайды.
  • Экспериментке талдау жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіру: Аккумулятор конденсаторды зарядтау үшін жұмыс істейді. Конденсатор энергияны сақтайды. Электрлік потенциалдық энергия конденсатор қуатынан айырылған (разрядталған) кезде босатылады Зарядталған конденсаторда жинақталған электр энергиясы жарқылдаған шамнан жарық энергиясына түрленеді. Пән лексикасы және терминология: конденсатор конденсатордың сыйымдылығы электрлік потенциалдық энергия заряд жинайды зарядынан айырады босатады зарядтың бөлінуі

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Аккумулятор конденсаторды зарядтау үшін жұмыс істейді.

Конденсатор энергияны сақтайды.

Электрлік потенциалдық энергия конденсатор қуатынан айырылған (разрядталған) кезде босатылады

Зарядталған конденсаторда жинақталған электр энергиясы жарқылдаған шамнан жарық энергиясына түрленеді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Біртекті электр өрісіндегі және нүктелік заряд өрісіндегі зарядтың орын ауыстыруындағы электр өрісінің жұмысы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

1-3 мин

Жаңа сабақ.

4 - 20 мин

21- 30 мин

31- 40 мин

Ұйымдастыру, түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындғын тексеру.

Суреттер көрсету арқылы оқушыларға сабақтың мақсатын анықтату.

Сабақ мақсатын және оқыту мақсатын ашу

Күтілетін нәтижелермен таныстыру

Электроскопты екі пластинаға қосамыз. Эбонит таяқшасымен пластинаны электрлейміз. Бұл пластиналарды қарапайым конденсатор ретінде жұмыс істейтіндігін көрсетеміз. Жапырақшаның ауытқу бұрышы кернеу мен жинақталған зарядтың артуына байланысты өседі.

Жоғары кернеу көмегімен үлкен жазық кондансаторды зарядтаймыз.

Сыйымдылық және сыйымдылықтың өлшем бірлігін енгіземіз.

Жинақталған зарядқа және пластинаның кернеуі мен сыйымдылығына байланысты сұрақтарды қойамыз. Өлшеу бірліктерін пайдалана отырып тексеретін сұрақтарды, соның ішінде F, nF, pF қолданамыз.

Негізгі түсініктер:

Конденсаторлар диэлектрикпен бөлінген екі өткізгіштен тұрады.

Конденсаторда жинақталған заряд, пластиналар арасындағы потенциалдардың айырмасына тура пропорционал.

Сыйымдылыққа арналған құрылғы енгізілгеннен кейін бірден, оқушылардың F, nF, pF.білетіндігіне көз жеткіземіз

Оқушылар есеп шығаруға кірісер алдында микро-,нано-,пико-, префикстерін қайталаймыз.

Резисторды , конденсаторды ток көзіне қосамыз. Конденсатор зарядталған кезде кернеудің уақытқа байланысты қалай өзгеретіндігін көрсетеміз. Кедергі өзгерісінің конденсатордың разрядталу уақытына әсерін көрсетеміз. Зарятталған конденсаторды ток көзінен ажыратамыз және кернеудің уақыт ішінде қалай өзгеретіндігін көрсетеміз. Бұл RC-тізбектің ең маңызды аспектілерінің бірін енгізеді – олар синхрондау схемасында пайдаланылуы мүмкін.

Конденсаторда энергияның жинақталуын көрсету үшін электр энергиясын жинауға арналған сыйымдылығы үлкен конденсаторды пайдаланамыз, ал сосын оның шам арқылы разрядтаймыз.

Конденсатор сыйымдылығы мен энергиясына есептер шығару.

Есеп шығару

1. Әрқайсысының ауданы S = 200 см2 болатын екі пластинадан тұратын, арасында қалыңдығы 0,1 см слюда парағы бар конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар.

2. Жеке тұрған өткізгішке q = 1 · 10-9 Кл заряд беріп, оны U = 100 В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің фарадпен, микрофарадпен және пикофарадпен өлшенген сыйымдылығын анықтаңдар.

3.Конденсатодың электрсыйымдылығы 0,25 мкФ тең. Егер конденсаторды зарядтаған кезде электр өрісі тарапынан 30 мДж жұмыс жасалған болса, онда конденсатордың жинақтаған заряды неге тең?

Қалыптастырушы бағалау

Бұл қысқаша анимация конденсатордың зарядталуын көрсетеді:

http://www.youtube.com/watch?v=IvFVu7Jxa2I&feature=fvwrel

Презентация

Бұл бейнекөрініс анық емес, бірақ конденсатор не екендігіне өте жақсы түсінік береді:

http://www.youtube.com/watch?v=t9Qwx75eg8w

Қосымша №3

41- 77 мин

Оқушыларға конденсаторлардың қолданылуы туралы хабарлама жасауды ұсынамыз. Жауаптар ауызша немесе, А4 парағында жазбаша түрде ұсынылуы мүмкін .

Қолдану мысалдары келесілерді қамтуы мүмкін:

қорек көздері үшін тегістейтін сызбада

фотоаппараттың жарқылында

уақытты есептеу схемаларында

энергияны сақтау жүйелерінде.

Жоғары вольты конденсаторлардың қауіптілігін атап өтеміз. Ғаламторда конденсаторларды тұйықтаудың және конденсатордың істен шығуының көптеген мысалдары бар. Мұғалімдер олардың бірін пайдалана алған болар еді, бірақ осыған ұқсас тәжірибелерді оқушылардың өздері жасауларына рұқсат етсеңіз,сақ болыңыз

Жазық конденсатордың формуласын анықтау. Эксперименттік жұмыс.

Оқушыларға осы пластиналармен байлансқан эксперимент ұсынамыз және олардан электрсыйымдылығымен пластиналардың арақашықтығының арасындағы тәуелділікті анықтады сұраймыз.

Тапсырма №1

Тапсырма №2

Қосымша №1 Қосымша №2

Сабақтың соңы

3мин

 Кері байланыс

Серіктестеріңізбен бөлісіңіз:

1. Үйренген 3 жаңа мәліметтермен бөлісіңіздер.

2. Сіздер үшін жеңіл болған 2 мәліметтермен бөлісіңіздер.

3. Сіздерге қиындық туындатқан 2 мәліметтермен бөлісіңіздер.

4. Келесі жолы міндетті түрде оқып келетін мәліметтермен бөлісіңіздер.

Үйге тапсырмасы: 15-жаттығу, 206-бет

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу