Электрсыйымдылығы. Конденсатор түрлері мен құрылысы. Конденсаторларды параллель және тізбектей жалғау. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ТАНЫСТЫ

ӘБ жетекшісі:

____________________

« »______21__ж.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2В – Конденсаторлар

Сабақ тақырыбы

Электрсыйымдылығы. Конденсатор түрлері мен құрылысы. Конденсаторларды параллель және тізбектей жалғау.

Сабақта іске асатын оқу мақсаты

10.4.2.1 –Электр сыйымдылығының физикалық мағынасын анықтау және есеп шығаруда электрсыйымдылықтың формуласын қолдану.

10.4.2.3 – параллель, тізбектей және аралас жалғанған конденсаторлардың жалпы электрсыйымдылығын анықтау;

Бағалау критерийі

Оқушы

  • Электрсыйымдылығының физикалық мағынасын анықтайды;
  • Конденсатордың электрсыйымдылығын анықтай үшін формуланы қолданадыТізбектегі параллель, тізбектей және аралас жалғанған бөліктерді анықтайды;
  • Эквивалентті электрсыйымдылықты есептейді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электрсыйымдылық

Электроемкость

electrical capacitance

Конденсатор

Конденсатор

Capacitor

Конденсатор батареясы

Батарея конденсаторов

bank of condensers

Конденсатор астарлары

Обкладки конденсатора

capacitor plates

Жазық конденсатор

Плоский конденсатор

Plate capacitor

Шар тәріздес конденсатор

Сферический конденсатор

Spherical capacitor

проводник

өткізгіш

Conductors

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Аккумулятор конденсаторды зарядтау үшін жұмыс істейді.

Конденсатор энергияны сақтайды.

Электрлік потенциалдық энергия конденсатор қуатынан айырылған (разрядталған) кезде босатылады

Зарядталған конденсаторда жинақталған электр энергиясы жарқылдаған шамнан жарық энергиясына түрленеді.

Құндылықтар

Ынтымақтастық. Өзіне және өзгелерге деген құрмет. Академиялық шындық.

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Конденсаторларды пайдаланып жасалатын электромобильдердің біздің елдегі және басқа елдердегі дамуын атап кетуге болады

Өмірмен байланыс

Конденсаторлардың радиотехникада, есептеуіш техникада, компьютер пернесінде, фотожарқыл шығаратын фотоаппаратта заряд жинақтаушы ретінде қолданылуы туралы оқушылармен талқылау жасау

Пәнаралық байланыс

Есептер шығару барасында математикадан алған білімді пайдалану. Басқа тілдегі материалдарды пайдаланған кезде материалды талдау дағдыларын пайдалану.

Алдыңғы білім

8 – сынып: электростатикалық өріс. Сыйымдылық. Конденсатор.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

1сабақтың басы

    • мин
  • Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға оқу мақсаттары мен жетістік критерилерін таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

3-20 мин

21-38 мин

1 сабақтың соңы

39-40 мин

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қандайда бiр әдiспен екi өткiзгiштi зарядтағанда оның бiрi шамасы q оң зарядталып, ал екiншiсi шамасы дәл сондай терiс зарядталады. Өткiзгiштер арасында электр өрiсi пайда болып, потенциалдар айырымы (кернеу) туындайды. Егер электр өрiсi жеткiлiктi күштi (кернеу жоғары) болса, онда диэлектриктiң iстен шығуы орын алады: диэлектрик өткiзгiшке айналады, онда өткiзгiштер арасында ұшқын пайда болып, олар разрядтала (зарядтарын жоғалта) бастайды. Табиғатта бұл құбылысты күн күркiрегенде найзағай ойнағанынан байқауға болады. Өткiзгiштер арасындағы кернеу тез өсуi бәсеңдеген сайын олардың зарядтарының көбейгенi, көп заряд ұстап қалуға мүмкiндiк бередi.

Электр сыйымдылығы дегенiмiз екi өткiзгiштiң электр зарядын ұстап қалу қабiлетiн сипаттайтын шама.

Екi өткiзгiштiң электр сыйымдылығы деп бұл екi өткiзгiштiң бiрiнiң зарядының олардың потенциалдарын айырмасына қатынасын айтады:

(4.13)

Конденсатор деп диэлектриктердiң жұқа қабатымен бөлiнген модульдары бойынша тең әр аттас зарядталған зарядтардың екi өткiзгiштен тұратын жүйесiн айтады.

Бұл жағдайда конденсатордың орамдары деп аталатын өткiзгiштердiң формасымен бiр-бiрiне қатысты орналасуы олардың тудыратын электр өрiсi кеңiстiктiң шектеулi аймағына бағытталатындай болуы керек.

Конденсаторлар жазық, сфералық және цилиндрлiк деп ажыратылады.

Қосымша (оқушылардың өздері қарауға арналған)

Қосымша видеолар:

Жазық конденсатор

https://www.youtube.com/watch?v=Vlr2REtSccI

https://www.youtube.com/watch?v=x7Q2E9gPv98

Конденсаторды зарядтау:

http://www.youtube.com/watch?v=IvFVu7Jxa2I&feature=fvwrel

Есеп шығару үлгісі

https://www.youtube.com/watch?v=lmB4-fXh-bg

Есептер шығару

Дескрипторлары:

  • Шартын жазып, шамаларды ХБЖ көрсетеді
  • Конденсатордың электрсыйымдылығын анықтау үшін формуланы анықтайды;
  • Формуланы қолданады
  • Белгісіз физикалық шаманы өрнектейді
  • Математикалық есептеулер жүргізеді
  • Жауабын көрсетеді

Дифферернциация: есептер шығару кезінде мұғалім оқушыларға көмек көрсетіп отырады;

Кейбір оқушылар шығарған есептерін дайын жауаптан тексере алады.

Бағалау: өздік, өзара бағалау, мұғалім тарапынан формативті бағалау

Рефлексия

Не үйрендім? Неде қиналамын?

https://www.youtube.com/watch?v=IvFVu7Jxa2I

2 сабақтың басы

1-2 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбын, мақсаттарын және критерийлерін қайталау.

Презентация

2 сабақтың ортасы

3-19 мин

20-38 мин

(W) Жаңа тақырыпты түсіндіру

Электр тізбектерінде конденсаторларды жалғаудың әртүрлі әдістері бар:

Параллель жалғау

Егер тізбектегі әр конденсатордың пластинасы қосу нүктесіне (түйінге) жалғанған болса, бұл параллель жалғау деп аталады

Параллель жалғау қасиеттері

Параллель жалғанған конденсаторлар тобын зарядтаған кезде олардың барлығының пластиналарының арасындағы потенциалдар айырымы бірдей болады. Себебі олар бір ток көзінен қоректенеді.

Ал зарядталу мөлшері әр конденсаторда жиналған заряд мәндерінің қосындысына, яғни ток көзінен берілген жалпы зарядтың мәніне тең болады.

екенін ескерсек,

ал бұл

Параллель қосылған конденсаторлардың жалпы электрсыйымдылығы:

Тізбектей жалғау

Егер конденсаторлардың жалғануы тізбектелген болса және қосу нүктелеріне тек бірінші және соңғы пластиналар жалғанған болса, бұл тізбектей жалғау болады

Тізбектей жалғау қасиеттері

Тізбектей зарядтаған кезде барлық конденсаторлар бірдей мөлшерге дейін зарядталады, себебі ток көзінен тек бірінші және соңғы пластиналар (1 және 6) ғана зарядталады. Ал қалғандары (2, 3, 4, 5) әрекеттесу арқылы зарядталады және таңбалары бойынша кезектеседі: 2 пластинадағы заряд 1 пластинаның зарядына модулі бойынша тең, ал таңбасы қарама-қарсы, 3 пластинадағы заряд 2 пластинадағы зарядқа тең, бірақ таңбасы қарама-қарсы, т.с.с..

Әртүрлі конденсаторлардағы потенциалдары айырымының қосындысы жүйеге әрекет ететін потенциал айырымына тең болады.

Ал екенін ескерсек, онда

Тізбектей қосылған конденсаторлардың жалпы электрсыйымдылығы:

Есептер шығару

Дескрипторлары:

  • Физикалық шамаларды ХБЖ-де жазады;
  • Тізбектей жалғанған конденсатор батареясының сыйымдылығы формуласын жазады;
  • Параллель жалғанған конденсатор батареясының сыйымдылығы формуласын жазады;
  • Белгісіз шаманы өрнектейді;
  • Жауабын көрсетеді

Дифферернциация: есептер шығару кезінде мұғалім оқушыларға көмек көрсетіп отырады;

Кейбір оқушылар шығарған есептерін дайын жауаптан тексере алады.

Бағалау: өздік, өзара бағалау, мұғалім тарапынан формативті бағалау

2 сабақтың соңы

39-40 мин

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Презентация

Үйге тапсырма

Есептер шығару

Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау

Қорытынды бағалау

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу