Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер

Тапсырма №1

Сұрақ:

Дұрыс пікірді таңдаңыз:

Жауаптардың ақиқат немесе жалған екендігін көрсетіңіз:

__ Электр өрісіне орналастырылған өткізгіштің ішінде электр өрісінің кернеулігі нольге тең.

__ Электр өрісіне орналастырылған диэлектриктің ішінде электр өрісінің кернеулігі нольге тең.

__ Электр өрісіне орналастырылған полярлы диэлектриктерде полярлану құбылысы болады.

__ Электр өрісіне орналастырылған полярсыз диэлектриктерде полярлану құбылысы болады

Тапсырма2

Сұрақ:

Ортаның диэлектриктiк өтіміділігі...

4 жауаптың ішінен дұрысын таңдаңыз:

1) өлшем бірлігі Н/Кл

2) өлшем бірлігі в Ф/м

3) өлшем бірлігі Кл/Н

4) өлшем бірлігі жоқ шама

Тапсырма №3

Сұрақ:

Құбылысты оның салдарымен сәйкестендіріңіз

Әр 3 нұсқа үшін сәйкестікті көрестіңіз

  • Диэлектриктің ішінде электр өрісінің әлсіреуі

Электростатикалық индукция

  • Контурдың ауданын тесіп өтетін магнит ағыны өзгергенде токтың пайда болуы

Поляризация

  • Өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің әлсіреуі

Электромагниттік индукция

:

Тапсырма4

Сұрақ:

Дұрыс пікірді таңдаңыз

Жауаптардың ақиқат немесе жалған екендігін көрсетіңіз:

__ Электр өрісінің зарядты тұйық контур бойымен алып жүргендегі жұмысы нольге тең.

__ Электр өрісінің жұмысы берілген нүктедегі потенциалдық энерияға тең.

__ Нүктенің потенциалы – берілген нүктедегі мүмкін болатын ең үлкен потенциалдық энергия

__ Нүктенің потенциалы берілген нүктеге енгізілген зарядтың шамасына тәуелді емес.

Тапсырма №5

Сұрақ:

Потенциал туралы дұрыс пікірді таңдаңыз

4 жауаптың ішінен бірнеше дұрысын таңдаңыз:

1) Ол өрістің күштік сипаттамасы болып табылады.

2) Ол өрістің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.

3) Потенциалдар айырмасы мен электр кернеуі деген екеуі де – бір нәрсе.

4) Электр өрісінің зарядты тасымалдау кезіндегі жұмысы берілген нүктенің потенциалына тәуелсіз.

Тапсырма6

Сұрақ:

Вакуумде орналасқан зарядталған екі дененің арасындағы кулондық әсерлесу күші 100 мН, олардың арақашықтығын өзгертпей, диэлектрлік өтімділігі 2-ге тең болатын майдың ішіне орналастырса, олардың арасындағы кулондық әсерлесу күшінің мәні қанша болады?

Жауабы:

___________________________

Тапсырма7

Сұрақ:

Вакуумде және диэлектрлік өтімділігі 7-ге тең диэлектрик ішінде екі зарядталған шарлар бірдей қашықтықта орналасқан. Олардың арасынддағы кулондыық күштерін салыстырыңыздар.

4 жауаптың ішінен дұрысын таңдаңыз:

1) Екеуінде де бірдей күшпен әрекеттеседі.

2) Вакуумдегі әрекеттесу күші диэлектрик ішіндегіден 7 есе кем.

3) Диэлектриктегі әсерлесу күші вакуумдегіден 3,5 есе артық.

4) Вакуумдегі әрекеттесу күші диэлектрик ішіндегіден 7 есе артық.

Тапсырма8

Сұрақ:

Полярлы диэлектрик пен полярсыз диэлектриктің айырмашылығы неде?

Жауабы:

___________________________

Тапсырма9

Сұрақ:

Вакуумдегі электр өрісінің мәні 350 кН/Кл-ға тең. Диэлектрик ішіндегі электр өрісінің мәні 100 кН/Кл-ға тең болса, диэлектрлік өтімділіктің мәні қаншаға тең?

Жауабы:

___________________________

Тапсырма10

Сұрақ:

Вакуумде орналасқан зарядталған екі шарлардың потенциалдары сәйкесінше 40 В және 80 В. Егер бірінші шардың радиусы екінші шардың радиусынан 2 есе артық болса, диэлектрлік өтімділігі 4-ке тең диэлектрик ішінде екі зарядталған шарлардың потенциалдары қандай болады?

Жауабы:

___________________________

Жауаптары:

1) (1 б.) дұрыс жауаптар:

иә;

жоқ;

иә;

иә;

2) (1 б.) дұрыс жауаптар: 4;

3) (1 б.) дұрыс жауаптар:

3; электростатикалық индукция

1; поляризация

2; электромагниттік индукция

4) (1 б.) дұрыс жауаптар:

иә;

жоқ;

жоқ;

иә;

5) (1 б.) дұрыс жауаптар: 2 және3

6) (1 б.): дұрыс жауаптар: 50 мН

7) (1 б.) дұрыс жауаптар: 4

8) (1 б.): дұрыс жауаптар: оң және теріс зарядтардың таралу центрлерінің сәйкес келуі және сәйкес келмеуінде

9) (1 б.): дұрыс жауаптар: 3,5

10) (1 б.): дұрыс жауаптар: 20 В және 40 В



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу