Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика, 10 сынып, қосымша материал.
Оқушының аты-тегі ______________________________________ сынып ___________
Қалыптастырушы бағалау
Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер
Бағалау критерийлері
Білу және түсіну: электрондық теория тұрғысынан металл өткізгіштердің зарядталуын, электростатикалық индукция құбылысын біледі
Қолдану: телриядан игерген білімдерін құбылыстың сырын түсіндіруге қолданады.
Талдау: сапалық есептерді шығару барысында сраптау және талдау жүргізе алады.
№1. Жібек жіпте алюминий гильза ілулі тұр. Гильза зарядталғанын немесе зарядталмағанын қалай тексеруге болады? Егер зарядталған болса, оның зарядының таңбасы қандай болғаны?
№2. Зарядталған электрометрге бірталай алыс қашықтықтан теріс зарядталған денені жақындатады. Денені жақындату барысында электрометрдің көрсетуі басында азайып, біраз уақыттан кейін қайтадан арта бастайды. Электрометрдің зарядының таңбасы қандай?
№3. Қандай жағдайда зарядталмаған металл фольга жапырақшасы алыс қашықтықтан зарядталған таяқшаға тартылады: ол жерлестірілген болат жапырақшасының үстінде жатқанда ма, әлде құрғақ шынының үстінде жатқанда ма?
№4. Зарядының модульдері бірдей, бірдей және әртүрлі таңбамен зарядталған, көлемдері бірдей шарлардың өзара әрекеттесу күштерін салыстырыңыздар. Шарлардың арақашықтығы олардың радиустарымен өлшемдес.
№4. Зарядының модульдері бірдей, бірдей және әртүрлі таңбамен зарядталған, көлемдері бірдей шарлардың өзара әрекеттесу күштерін салыстырыңыздар. Шарлардың арақашықтығы олардың радиустарымен өлшемдес. |
№5. Зарядталған таяқша бар болса, оның көмегімен оқшаулағыш тағанға орналасқан екі металл шарларды сан мәндері жағынан тең, таңбалары жағынан қарама-қарсы етіп қалайша зарядтауға болады? №6. Біртекті электр өрісіне металл шарды енгізген. Шар бетіне жақын жерде электр өрісі біртекті болып қала бере ме? |
№7. Зарядталған электрометрге жақындатады: а) оқшауланған, зарядталмаған өткізгішті; б) жерлестірілген өткізгішті. Әр жағдайда электрометрдің көрсетуі қалай өзгерді?
№8. Зарядталмаған алюминий гильзаға зарядталған денені жақындатады. Гильза әлі де денеге тартылмай тұратын, бірақ оған саусақты тигізген сәтте-ақ денеге тартыла қалатындай арақашықтықтың мәнін таңдап алуға бола ма? Құбылысты түсіндіріңіздер.
№1. Жауабы: тексеру үшін оған қандай да бір зарядталған денені жақындату керек. Заорядының таңбасын жақындатқан денеге тартылды ма, тебілді ме, соған қарап анықтайды.
№2. Жауабы: оң таңбалы
№3. Жауабы:
Егер зарядталмаған металл фольга жапырақшасы жерлестірілген болат жапырақшасының үстінде жатса, онда оған зарядталған таяқшаны жақындатқанда осы жапырақшаның бойында таяқшаның зарядына қарама-қарсы таңбалы, сан мәні таяқша зарядынан анағұрлым жоғары болатын электр заряды индукцияланады. Сондықтан, болат жапырақшасының үстінде жатқан жапырақша зарядталған таяқшаға тартылады.
№4. Жауабы:
шарлар әр аттас зарядталғанда олардың арасындағы әрекеттесу күші көбірек болады, себебі, бұл жағдайда r1 < r2. Ал, кулондық әрекеттесу күшінің мәні арақашықтықтың квадратына кері пропорционал. №5.жауабы: Шарларды бір-біріне тиістіріп қойып, зарядталған таяқшаны жақындату. Содан кейін шарларды қайтадан ажырату. Екі шар да сан мәндері жағынан тең, таңбалары жағынан қарама-қарсы болып зарядталады.
№6.жауабы: жоқ, біртекті болып қалмайды.
№7.жауабы: Әр жолы кеміді, бірақ екінші ретте көбірек кеміді.
№8.жауабы: Адамның саусағы / қолы жерлестірілген болып есептеледі.Сондықтан, саусақты жақындатқанда индукцияланған зарядтың біраз бөлігі жерге ағады да, олардың арасындағы тартылу күшінің мәні артады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?