Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары 76 сабақ
Мектеп миссиясы: Сапалы білім. Үштілді орта. Болашақ көшбасшылар Мектеп құндылықтары: Денсаулық. Жауапкершілік. Адалдық. Құрмет. Өмір бойы оқу. Жаһандық азаматтық. | ||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім: «Электростатика» | Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Байсеитова С.Ш. | |
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: |
Сабақтың тақырыбы
| Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер | ||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.4.1.7 – өткізгіштер мен полярлы диэлектриктердегі электростатикалық индукция құбылысына салыстыру арқылы талдау жасау | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады: Диэлектриктердің түрлерін білу, полярлы, полярсыз диэлектриктердің құрылысын түсіндіру, электр өрісіне орналастырылған өткізгішке байланысты сыртқы және ішкі электр өрістерінің бағытын (тақтада) және және өз сызбасын / жауабын басқа оқушылармен талқылау (айту және тыңдау дағдылары) Пәнге тән лексика мен терминология: электр өрісі, электр өрісінің кернеулік векторы, электр өрісінің күш сызықтары, өткізгіш, диполь, диэлектрик, ортаның диэлектрлік өтімділігі, диэлектриктердің полярлануы, поярлы және полярсыз диэлектриктер Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Ортаның ... өтімділігі көп болса, сол ортада ...өрісінің кернеулігі ... болады; диэлектрлік өтімділік нешеге тең болса, өріс ... әлсіз болады; ... өрісіне орналастырылған өткізгіштің ішінде ... нольге тең; осы құбылысты ... қорған жасауда қолданады Сонымен қатар, оқушылар тақырыпқа қатысты барлық терминдер мен сөз тіркестерін үш тілде айта және жаза алады
| |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтағы жұмыстар кезінде топтың басқа мүшелерімен, басқа топтардың мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, диалогты жүргізе білуі; Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды өз бетімен орындау)
| ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, сызу, тарих пәндерімен | ||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сілтемелермен жұмыс, видеоматериалмен жұмыс | ||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Электр өрісі. Электр өрісінің күштік, энергетикалық сипаттамалры, Электр өрісінің жұмысы, потенциалы. | ||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Осы сабақтың мақсаттарын, оқу мақсаттарын, жетістік критерийлерін айқындау Блиц-турнир: қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру Балалар, сендер 8 сыныптың физика курсынан электростатика бөлімін өткен кезде өткізгіштер және диэлектриктер деген тақырыпты оқығансыңдар. Енді бүгінгі сабақта сол тақырыпты қайта қарастырамыз, бірақ 8 сынып курсынан қарағанда тереңірек және нақтырақ қарастыратын боламыз.Ендеше, өздерің білетін бірнеше сұрақтарға жауап беріп көрейік:
Жаңа тақырыпты өту: презентация | Презентация | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Мұғалімнің демонстрациясы. Миға шабуыл
Бейнебаян көрсетілімдерді қарау: «Зарядталған өткізгіштің потенциалы», «Потенциалдың өткізгіш бойымен түсуі», « Фарадей торы-электростатикалық қорғаны», «Кольбе торы». Тәжірибе: Эбонит таяқшаны жүнге немесе жібекке ысқылап үйкеп, оны сұлтанға жақындату, сұлтанның жапырақшалары эбонит тақяшаға тартылатынын бақылау; Тәжірибені өзгерту: Сұлтанды Фарадей торы немесе Кольбе торының ішіне орналастыру. Алдыңғы тәжірибені қайталау, яғни зарядталған эбонит таяқшаны тағы да сұлтанның жапырақшаларына жақындату. Бұл кезде жапырақшалар эбонит таяқшаға тартылмайды. Оқушылардан не себепті бұлай болатынын сұрау. Оқушылар жауап бере алмаған жағдайда мұғалім көмектеседі. Себебі, өткізгіштің ішінде электростатикалық индукция құбылысының әсерінен кез келген өткізгіш ішінде электр өрісінің кернеулігі нольге тең. Кольбе немесе Фарадей торлары – электростатикалық қорған деп аталады, себебі, сырттағы электр өрісінің оның ішіндегі денелерге әсері жоқ. Сондықтан, күшті электр өрісінен қорғау керек болғанда денелерді осындай қорған тордың ішіне орналастырады. 3) Диэлектрикті электр өрісіне орналастырса, онда оған не болады? Оқушылар сұрақты талқылайды және өз жауаптарын ұсынады. Әрі қарай мұғалім «Электр өрісіндегі диэлектриктер» фильмінен үзінді көруді және талқылауды ұсынады. (I) Содан кейін оқушылар жеке өзбеттерімен электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктердің орналасу ерекшеліктерін сипаттап жазады. Қорытындылар:
Бекіту. Материалды меңгергендігін тексеру Бүгінгі тақырыпқа байланысты мына төмендегі заттардың қайсысын диэлектриктерге жатқызуға болады?
(Жауабы: ағаш) Есеп: а) Вакуумдегі электр өрісінің кернеулігі 16200 Н/Кл. Диэлектрлік өтімділігі 81-ге тең судың ішінде электр өрісінің кернеулігі қанщаға тең болатынын есептеңіздер. (Жауабы:200 Н/Кл ) b) Диэлектрлік өтімділігі 7-ге тең слюда ішінде зарядталған екі шар бір-бірімен 100 мН күшпен әрекеттеседі. Осы екі зарядтың арақашықтығын өзгертпей қалдырса, олар бір-бірімен вакуумде қандай күшпен әрекеттеседі? (Жауабы:700 мН ) | Демонстрациялар мен тәжірибелерге арналған қажетті құралдар мен жабдықтар: Эбонит немесе жібек таяқшалар, тері немесе жібек, сұлтандар, электрометр, пластмасса шыбық, металл шыбық, металл гильза, шыны пластина youtube.com Өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика 10 сынып https://www.youtube.com/watch?v=IicsGFTd5YU
Электростатикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабаққты қорытындылау. Рефлексия Кері байланыс беру. Сөздерді жалғастырыңыз:
«Жетістік сатысы» | «Жетістік сатысы» суреті салынған парақ | |||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысы | §8.9. Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер тақырыбын оқуға | 10 сыныпқа арналған физика оқулығы (Жаратылыстану –математика бағыты) Б.Кронгарт, В.Кем, Н. Қойшыбаев | |||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды