Эквипотенциалды беттер. Біртекті электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырмасы арасындағы байланыс. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 74

Мектеп: НЗМ Семей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мамадилова З.К.

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Эквипотенциалды беттер. Біртекті электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырмасы арасындағы байланыс.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.1.5-есептерді шешу кезінде электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы қолдану;

10.4.1.6-гравитациялық және электростатикалық өрістердің күш және энергетикалық сипаттамаларын салыстыру;

Сабақтың мақсаттары

  • Электр өрісінің кернеулігі күштік сипаттамасы болып табылатынын , оның формулаларын білу;
  • Кернеуліктің формуласын есептер шығаруда қолдану;
  • Электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы қолдану;
  • Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланысты есептер шығаруда қолдану;
  • Гравитациялық және электростатикалық өрістердің күш және энергетикалық сипаттамаларын салыстыру

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Электр өрісінің кернеулігі күштік сипаттамасы болып табылатынын , оның формулаларын біледі;
  • Кернеуліктің формуласын есептер шығаруда қолданады;
  • Электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы қолданады;
  • Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланысты есептер шығаруда қолданады;
  • Гравитациялық және электростатикалық өрістердің күш және энергетикалық сипаттамаларын салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Электрический заряд

Electrical charge

Элементарный заряд

Elementary charge

электризация

electrification

Положительный заряд/отрицательный заряд

positive charge/negative charge

Закон сохранения заряда

The law of conservation of charge

Закон Кулона

Coulomb’s law

Электрическое поле

electric field

Напряженность электрического поля

Intensity of electric field

Линии напряженности (силовые линии)

Line tension (power lines)

 заряженный

Сharged

 Точечный заряд

Point charge

 Принцип суперпозиции (наложения)

Superposition principle

 наблюдать

observe

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіру: Оқушылар орындай алады:

Бір аттас зарядтар мен әр аттас зарядтар үшін күш сызықтарын (тақтада) және және

өз сызбасын басқа оқушылармен талқылау (айту және тыңдау дағдылары)

Пән лексикасы және терминология: Суперпозиция. Электр өрісі. Теңәрекет ететін өріс векторы

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Өріс ... болғанда қуатты болады. Өріс ... болғанда әлсіз болады. Теңәрекет ететін өрістер… есептеледі. Суперпозиция принципі…білдіреді. Электр өрісінің кернеулігі …білдіреді Электр өрісінің потенциалы.... Эквипотенциал бет....

Осыған дейін меңгерілген білім

8 сынып. Денелердің электрленуі. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Суперпозиция принципі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы.

5 мин

Сабақтың ортасы

10 мин

20 мин

Ұйымдастыру, түгелдеу.

  • Білімдерін жинақтау, қорытындылау.

Бағдаршам әдісімен өткен сабақты қайталау.

Әр оқушы қолына қызыл және жасыл түсті қағаз алады. Мұғалім қойған бірнеше сұраққа байланысты оқушылар қолындағы қағазын көтереді. Сұраққа жауабы дайын болса, "жасыл" түсті, сұрақ жауабын білмейтін болса "қызыл" түсті қағазды көрсетеді. Жасыл түсті көрсеткен кез келген оқушыдан жауап сұралады. Жасыл түсті қағазды мүлдем көтермеген оқушыларға сұрақты қайталап қоюға болады не жауап берілген соң қызыл түсті қағаз көрсеткен кез келген оқушыдан жауапты қайталап беруін сұрау қажет.

  • Электр өрісінің күш сызықтары дегеніміз не?
  • Қандай өрістер біртекті деп аталады?
  • Суперпозиция принципі туралы не айтасыңдар?
  • Тұйық контур бойымен заряд орын ауыстырған кездегі электростатикалық өріс күшінің жұмысы неге тең?
  • Потенциалдар айырымының физикалық мағынасы қандай?
  • Қандай беттер эквипотенциал беттер деп аталады?
  • Кернеу мен өріс кернеулігі өзара қалай байланысқан?
  • Жұптық жұмыс. Тақырып бойынша есептер шығару. Есептің жауабын жұппен тексеру.

№1.Потенциалдар айырымы 4 В болатын нүктелердің арасында электр заряды орын ауыстырғанда электр өрісінің күші 2 Дж жұмыс жасайды. Зарядтың шамасы неге тең ? (0,5 Кл)

№2. Кернеулігі 4 В/м біртекті өрісте заряд күш сызықтары бойымен

қашықтыққа орын ауыстырады. Осы нүктелер арасындағы потенциалдар айырымы неге тең ? (1,6 В)

№3. 3 · 10-5 Кл заряд электростатикалық өрістің белгілі бір нүктесінде 9· 10-3 Дж энергияға ие болады. Өрістің осы нүктесінде потенциалдар айырымы неге тең ? (300В)

№4. 2,6· 10-7 Кл зарядты шексіздіктен электр өрісінің белгілі бір нүктесіне көшіргенде, істелген жұмыс 13·10-5 Дж-ға тең. Өрістің осы нүктесінің потенциалын табыңдар. (500В)

№5. 1*10-6 Кл заряд өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне көшірілген. Егер зарядты көшіргенде істелген жұмыс 6*10-6 Дж-ға тең болса, бұл нүктелердің потенциалдар айырымы қандай болғаны? (0,6кВ)

№6. Заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 40 мкДж жұмыс атқарды. Заряд неге тең? (40нКл)

ІІІ. Өздік жұмыс. Қалыптастырушы бағалау

http://www.kvadromir.com/chertov_electrostatics.html

Үйге тапсырма

2 мин

16-жаттығу

3.68, 3.79, 3.80

Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. «Физика 10»

Сабақтың соңы

3мин

Рефлексия

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сыныптағы оқушыларға топпен жұмыстың мақсаттары ұнады. Олар өте белсенді, қызыға жұмыс жасады. Бүгін оқушылар электр өрісінің кернеулігінің суперпозиция принципін дифференциалды түрде меңгерді. Мен жоспарыма жұппен жұмысты ұйымдастыру үшін өзгерістер енгіздім.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Оқушылар топпен жұмыста белсенділік танытты

2: Суперпозиция принципіне әртүрлі сызбалар қарастырылып, формулалары қорытып шығарылды.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Жекелей жұмыс жасалса, оқушылардың сабақты меңгеруі артар еді

2: Сызбаларды сызуда оқушылар шапшаңырақ жұмыс істегендері тиімді болар еді

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Топпен жұмыста осы тақырыпты өткізуде, параллель бірнеше істі жүзеге асыруға болатынын байқадым.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушының аты-жөні

Сынып

Тақырыбы

Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс. Эквипотенциал беттер

ОБ сілтеме:

10.2A - Электр өрісі

Оқу мақсаты:

10.4.1.5-есептерді шешу кезінде электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы қолдану;

10.4.1.6-гравитациялық және электростатикалық өрістердің күш және энергетикалық сипаттамаларын салыстыру;

Дағдылар :

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі критерийлерді орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу

Электр өрісінің потенциалын түсінеді,

Қолдану

Кернеулік потенциал градиентіне тең екендігін біледі.

Талдау

Электр өрісінің потенциалын сипаттай алады.

Потенциал ұғымын талдап, анықтай алады.

Қолдану

Есептерді шешу кезінде электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы қолданады.

Бағалау

Экспериментті талдап, потенциалдың арақашықтықтың артуына қарай өзгеруін дәлелдей алады.

Минус таңбасының мағынасын түсінеді, сипаттай алады.

І – Бөлім. Бір жауабы бар тапсырмалар:

  •  Суретте қандайда бір электр өрісінің эквипотенциал бетінің бейнесі көрсетілген. Қай жағдайда электр зарядын 1- нүктеден 2-, 3-, 4- нүктеге орын ауыстыруындағы электр өрісінің күштерінің жұмысының абсолют шамасы үлкен болады?
  • 1-2 траекториясы бойынша
  • 1-3 траекториясы бойынша
  • 1-4 траекториясы бойынша
  • Барлық траекторияда бірдей
  •  Заряд 2 мкКл шексіздіктен потенциалы 10В нүктеге орын ауыстырғанда қандай жұмыс жасау қажет?
  • 5·10-6 Дж
  • 2·10-5 Дж
  • -5·10-6 Дж
  • -2·10-5 Дж
  •  Бір күш сызығының бойында бір-бірінен 3 см аралықта жатқан екі нүктенің потенциалдар айырымы 120 В. Егер электр өрісінің біртекті екені белгілі болса, онда осы өріс кернеулігін табыңыздар.
  •  36Н/Кл
  •  40 Н/Кл
  •  3600 Н/Кл
  •  4000 Н/Кл
  •  Жазық зарядталмаған өткізгіш беттен l  қашықтықта орналасқан q зарядты осы беттен шексіздікке алыстату үшін жасалатын жұмыс неге тең?
  •  Нүктелік зарядтың q электростатикалық өрісінің эквипотенциал беттері қай суретте дұрыс бейнеленген.
  •  Біртекті электр өрісіндегі 1-ші және 2-ші нүктелер (суретте көрсетілген) арасындағы арақашықтық 20 см тең. Егер өрістің кернеулігі 2000 В/м болса, осы нүктелер арасындағы потенциалдар айырымы неге тең?
  •  100 В
  •  400 В
  •  10 000 В
  •  40 000 В
  •  3q және q зарядтар А нүктесінде потенциалы А=40В электр өрісін (суретке қараңыз) туғызады. В нүктесіндегі В потенциал неге тең? Суретте көрсетілген r арақашықтықтар бірдей.
  •  В=6
  •  В=4
  •  В=2
  •  В=1
  •  q электр заряды, потенциалдар айырымы 16В, нүктелер аралығында орын ауыстырғандағы электр өрісі күштерінің жұмысы 8 Дж болды. Зарядтың шамасы неге тең?
  •  0,5 Кл
  •  2 Кл
  •  32Кл
  •  128 Кл

ІІ – Бөлім. Қысқа жауапты талап ететін сұрақтар:

1.Жібек жіпке алюминий гильза ілінген. Осы гильза зарядталған ба, соны анықтау керек, ал егер зарядталған болса, ол зарядтың таңбасы қандай? Бірнеше тәсіл ұсыныңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Электр потенциалына сипаттама беріңіз, оның формуласын және өлшем бірлігін жазыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Нүктелік зарядтың эквипотенциал бетін сызыңдар . __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІІ – Бөлім. Толық жауапты талап ететін сұрақтар:

1. Металл шариктің заряды 60нКл. Электростатикалық өрістің оның бетінен 10см қашықтықтағы өріс потенциалы 2,7кВ. Шариктің радиусы неге тең?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Электрон үдетуші өрісте потенциалы 200В нүктеден потенциалы 300В нүктеге орын ауыстырған. Электронның кинетикалық энергиясын, өріспен өзара әсерлескендегі потенциалдық энергияның өзгерісін және алған жылдамдығын табу керек. Электронның бастапқы жылдамдығы нөлге тең деп есептеңдер.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Электронның жылдамдығы 10-нан 30Мм/с-ке арту үшін, ол қандай потенциалдар айырмасын жүріп өтуі керек?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу