Эквипотенциалды беттер. Біртекті электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырмасы арасындағы байланыс. Физика, 10 сынып, қосымша материал.


Физикалық диктант

  • ....................... деп шекарасы арқылы зат өте алмайтын жүйе.
  • ........................... вакуумдағы өозғалмайтын екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күші зарядтар модулінің көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал.
  • .................. – бірлік уақыт ішінде өткізгіштің бірлік көлденең қимасының ауданы арқылы 1 А ток күшіне тең ток жүрген кезде өтетін заряд.
  • Тыныштықтағы зарядтардың электр өрісін ........................... деп атайды.
  • ................................... зарядтар жүйесі тудыратын өрістің кернеулігі әрбір жеке зарядтар тудыратын өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең.
  • ................................... деп бағыты өріс нүктесіндегі кернеуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге жүргізілген жанаманы айтады.
  • Күш сызықтарының қасиеттері ................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
  • Кернеулік векторлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісі .................................. деп аталады.
  • Электр өрісінің берілген нүктедегі энергетикалық сипаттамасы .................................................................................
  • ......................... 1 Кл зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстыру үшін өріс күштері 1 Дж жұмыс атқаратын кезде өрістің екі нүктесі арасындағы кернеуін атайды.
  • Барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей болатын бет ..................................... деп аталады.

Топпен жұмыс. Тәжірибе көрсету:

  • Пластмасса сызғышты қағазға үйкелеп, газетке жақындату.
  • Екі кішкене үрілген резинка шарларды бір – біріне жақын, бірақ өзара жанаспайтындай етіп іліп, екі шарды былғарымен немесе ұлпа мен үйкелеп, тәжірибеге түсінік беру.
  • Қағаз қиықшаларына (электрлік сұлтандарға) зарядталған таяқшаларды жақындату, тәжірибелерге түсінік беру.
  • Эбонит таяқшаны жібекке немесе қағазға үйкелеп, теріс таңбалы заряд алу, құбылыстарына түсінік беру.
  • Электрофор машинасы көмегімен зарядтардың пайда болуын байқау.
  • Электроскопқа шыны, эбонит, фарфор таяқшаларын тиғізу және оқушылардың түсініктерін ортаға салу.

Есептер шығару

  • Өрістің қандай да бір нүктесінде 2 нКл зарядқа 0,4 мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табу крек.
  • Сұйық диэлектриктегі 4 нКл зарядтан 3 см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 20 кВ/м-ге тең. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?
  • Модулы жөнінен біреуі екіншісінен 4 есе артық екі заряд бір-бірінен а қашықтықта орналастырылған. Егер зарядтар аттас болса, өрістің қай нүктесінде кернеулік нөлге тең болады? Әр аттас болса ше?
  • Кернеулігі 40 кВ/м біртекті өрісте 27 нКл заряд тұр. Мына: а) заряд арқылы өтетін біртекті өрістің күш сызығының бойында жататын; б) заряд арқылы өтетін күш сызықтарына перпендикуляр түзудің бойында жататын нүктелердегі зарядтан 9 см қашықтықтағы қорытқы өрістің кернеулігін табу керек.
  • Зарядталмаған металл фольга жапырақшасы қандай жағдайда зарядталған таяқшаға алыстан таратылады: ол жермен қосылған болат қаңылтырдың үстінде жатқанда ма әлде құрғақ шынының үстінде жатқанда ма?
  • 20 нКл зарядты потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істейді? Потенциалы 100 В нүктеден потенциалы 400 В нүктеге орын ауыстырғанда ше?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу